Accessibility links

Huawei-дің атқарушы директоры ұсталды


Huawei-дің атқарушы директоры ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:46 0:00

Канадада қытайлық Huawei Technologies компаниясының атқарушы директоры Ванчжоу Мэн ұсталған. АҚШ-тың Иранға қатысты сауда санкциясын бұзды деп күдікке ілінген Мэн АҚШ-қа экстрадициялануы мүмкін. Бұған қатысты сот тыңдауы 7 желтоқсанда өтеді. Қытайдың Канадағы елшілігі қамауға қарсылық білдіріп, оны босатуды сұраған. Ванчжоу Мэн - Huaweі компаниясының негізін қалаушы Рен Чжэнфейдің қызы. Телекомммуникация саласында әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі Huawei-ге қатысты зерттеуді бірінші рет америкалық The Wall Street Journal басылымы сәуір айында жариялаған. Мэннің ұсталуы АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы өршіген кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр.

XS
SM
MD
LG