Теңгенің құнсыздануы жайлы алматылықтар пікірі
19 тамызда Қазақстан теңгесі АҚШ долларына шаққанда 4,4 пайызға құнын жоғалтты. Азаттық пікірін білген Алматы тұрғындарының кейбірі теңгенің ауытқу шегі ұлғаятынын бұған дейін үкімет жариялағандықтан бүгінгідей өзгеріске іштей дайын болғандарын айтса, доллар бағамы жыл соңына дейін біртіндеп көтеріледі деп күткен өзгелер үшін бұл тосын жаңалық болған.