Accessibility links

"Мұнай ұрлау" ісі бойынша негізгі айыпталушылар үкімі өзгерді


"Мұнай ұрлады" деп айыпталған азаматтардың соты. Ақтөбе қаласы, 3 қазан 2018 жыл
"Мұнай ұрлады" деп айыпталған азаматтардың соты. Ақтөбе қаласы, 3 қазан 2018 жыл

Ақтөбеде апелляциялық сот алқасы "мұнай ұрлады" деген айыппен істі болған азаматтардың үкімін қайта қарап, прокуратураның жазаны қатайту туралы шағымын ішінара қанағаттандырды.

"Мұнай ұрлады" деп айыпталған азаматтардың үкімін қайта қараған апелляциялық сот алқасы үш адамның жазасын көбейтіп, сегіз адамның үкімін жеңілдетті. Ал қалған айыпталушылардың үкімі өзгеріссіз қалды.

26 адамға қылмыстық кодекстің "мұнай ұрлығы", "адам ұрлау", "ақша бопсалау", "қару сақтау", "бөтеннің мүлкін талан-таражға салу", "ұйымдасқан қылмыстық топ құру" және басқа баптары бойынша айыптар тағылған еді. Бұл - ауыр және өте ауыр айыптар.

Облыстық соттың мәліметінше, сотталғандар "2015 жылдан бері жалпы сомасы 34 млн теңгеге жуық мұнайды қолды қылған". Сот материалдарына сәйкес, алты азамат "Төрт ағайынды" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ретінде танылған: Еркін Ізбасар, Аухат Қалиев, Қалдымұрат Қартжан, Нұрлыбек Тонтаев, Болатбек Бекетов және Мұрат Тұржанов.

2 тамызда Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл азаматтардың басым бөлігін 3 пен 12 жыл аралығында түрме жазасын кескен.

Соттың қорытындысы туралы мәліметті төмендегі кестеден көруге болады.

СотталушыБірінші инстанция бойынша сот үкімі (2.08.18)Екінші инстанция бойынша сот үкімі (3.10.18)
Еркін Ізбасар12 жыл16 жыл
Аухат Қалиев11 жыл 14 жыл
Қалдымұрат Қартжан11 жыл13 жыл
Мұрат Тұржанов8 жылөзгеріссіз
Нұрлыбек Тонтаев7 жылөзгеріссіз
Кәдіржан Пангерейұлы7 жылөзгеріссіз
Болатбек Бекетов8 жылөзгеріссіз
Қайыргелді Ізтұрғанов6 жылөзгеріссіз
Жангелді Өтегенов3 жыл 9 айөзгеріссіз
Біржан Аманқұлов11 жыл өзгеріссіз
Рахат Аханов5 жыл үш айөзгеріссіз
Саясат Дүсіпов3 жылөзгеріссіз
Нұрлан Ноғаев8 жылөзгеріссіз
Жандос Ақмағамбетов8 жылөзгеріссіз
Ербол Тектіғұлов4 жыл 6 айөзгеріссіз
Сүлеймен Сүгірбаев5 жыл3 жыл 6 ай
Адайбек Сәрсенов3 жыл

160 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалғанмен амнистия қолданылды. Осылайша 3 жылдық жаза өзгеріссіз қалды

Нұрболат Қайырбаев3 жылөзгеріссіз
Жанат Тектіғұлов3 жыл 9 ай2 жыл 3 ай
Мұханбет Шавлетов3 жыл1 жыл 6 ай
Айбек Тілеуғазиев2 жыл 3 айөзгеріссіз
Мұрат Қуанышев3 жыл 9 ай2 жыл 3 ай
Руслан Дермұханов3 жыл 9 ай2 жыл 3 ай
Бекжан Құлтаев3 жыл 9 ай2 жыл 3 ай
Сергей Савченко3 жыл1 жыл 6 айға жеңілдетіп, амнистиямен босап шықты
Амандос Есенғалиевбас бостандығы 2 жылға шектеліп, амнистиямен босады-

АЙЫПТАЛУШЫЛАР ҮКІМДІ ОНЛАЙН ТҮРІНДЕ ТЫҢДАДЫ

Мұнай ұрлығына орай айыпталып, түрме жазасына кесілгендер апелляциялық алқаның үкімін тергеу изоляторында отырып тыңдады. Ол үшін изолятор мен сот залының арасында онлайн байланыс орнатылды.

Денсаулығына орай Ақтөбедегі теміржол ауруханасының арнайы күзетілетін палатасына орналастырылған айыпталушы Еркін Ізбасар да сотты онлайн жүйесімен қарап отырды. Апелляциялық алқаның қаулысы оқыла бастаған кезде Еркін Ізбасар екі қолын қайта-қайта сермеп отырған еді. Бірақ сот залына оның сөздері естілмеді.

Сотта "Төрт ағайынды" (Сот материалы бойынша, "мұнай ұрлау үшін ұйымдасқан қылмыстық топ" - ред.) тобының "жетекшісі" ретінде танылған Ізбасар қаулы оқылып біткенше қолына "естілмейді" деп жазылған қағаз ұстап отырды. Ауруханада Еркін Ізбасардың жанында анасы болды.

"Мұнай ұрлау" ісі бойынша аппеляциялық сот отырысынан көрініс. Ақтөбе, 3 қазан 2018 жыл
"Мұнай ұрлау" ісі бойынша аппеляциялық сот отырысынан көрініс. Ақтөбе, 3 қазан 2018 жыл

Үкім оқылып жатқан кезде сот залындағы әйелдердің кейбірі қыстыға жылап отырды.

- Ешқандай әділдік жоқ! Аяғымыз жеткен жерге дейін шағымданамыз, -деді көзінің жасын сығып алған айыпталушы Қалдымұрат Қартжанның әпкесі Самал есімді әйел.

Сот үкімі өзгеріссіз қалған, 8 жылға сотталған Болатбек Бекетовтің адвокаты Күләш Манько жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіретінін айтты.

- Бекетовтің "Төрт ағайындыға" еш қатысы жоқ. Тергеу айыпты әкелді де, мойнына іле салды. Ол ешқашан Ізбасарды да, Калиевті де көрмеген адам. 2003 жылы "Төрт ағайынды" құрылған кезде ол 18-дегі бала болды. Біреуге пышақ тығып алып, түрмеде отырды. Түрмеде 2003 жылдан бастап 2008 жылға дейін отырған. 2008-2011 жылдар аралығында жазасын шартты түрде өтеп, үнемі бақылауда болды, - дейді адвокат Күләш Манько.

Адвокат Күләш Манько
Адвокат Күләш Манько

Күләш Манько өз қорғауындағы Руслан Дермұханов пен Мұрат Қуанышевке қатысты үкімнің де "әділетсіз" екенін айтты.

Апелляциялық сот алқасы "ұрланған мұнайды тасымалдаған" көлік жүргізушілерінің арасынан Сергей Савченконың жазасын ғана жеңілдетіп, түрме жазасын бас бостандығын шектеумен алмастырды. "Ұрланған мұнайды сақтады" деп айыпталған Адайбек Сәрсеновке сот 160 сағаттық қоғамдық жұмыс жазасын кесіп, артынша оның рақымшылық алғаны белгілі болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG