Accessibility links

Экс-күйеуі кепілге алған жәбірленуші әйелдің үстінен қозғалған қылмыстық іс


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оралда Ираида Ислямғалиеваның бұрынғы күйеуіне қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары бес айдан бері жалғасып келеді. Ол былтыр күзде Ираиданы кепілге алып, бірнеше сағат бойы қарумен қорқытып, жабық кеңседе ұстағаны үшін тұтқындалған. Жақында айыпталушының адвокаты тергеу мерзімін ұзартуды сұраған. Бұынғы күйеуінің арызы бойынша Ираиданың да үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Былтыр қараша айында Ираида Ислямғалиева жұмыс істейтін нотариус кеңсесіне оның бұрынғы күйеуі Ерлан келіп, кабинетті ішінен жауып, бұрынғы әйелін алты сағат бойы кепілде ұстаған. Жәбірленуші бұрынғы күйеуі «өлтіремін» деп қорқытқанын, келіссөз жүргізушілер мен полицияға әртүрлі талаптар қойып, кеңседен өз шарттары орындалғаннан кейін ғана шыққанын айтады.

- Ұшақ, шампан, гүл, тәтті, инкассаторға тапсырыс беріп, [мені] мазақ қылды. Кеңседе отырудан шаршап, әрі полицияның «ұстамаймыз, қамаймыз» деген уәдесінен кейін ғана құқық қорғау органы қызметкерлерінің алдына, сыртқа шықты. Ешкім оның қолын да қайырған жоқ. Оны туыстары күтіп алды. Әпкесі мен ағасын ұзақ құшақтап тұрды. Осының бәрі қаладағы бүкіл күш құрылымның көз алдында болды, - дейді Ираида Ислямғалиева.

Ираида Ислямгалиева жұмыс істеген нотариус алдында жүрген полиция. Орал, 28 қараша 2019 жыл.
Ираида Ислямгалиева жұмыс істеген нотариус алдында жүрген полиция. Орал, 28 қараша 2019 жыл.

Былтыр қараша айында Ираида Ислямғалиева жұмыс істейтін нотариус кеңсесіне оның бұрынғы күйеуі Ерлан келіп, кабинетті ішінен жауып, бұрынғы әйелін алты сағат бойы кепілде ұстаған. Жәбірленуші бұрынғы күйеуі «өлтіремін» деп қорқытқанын, келіссөз жүргізушілер мен полицияға әртүрлі талаптар қойып, кеңседен өз шарттары орындалғаннан кейін ғана шыққанын айтады.

- Ұшақ, шампан, гүл, тәтті, инкассаторға тапсырыс беріп, [мені] мазақ қылды. Кеңседе отырудан шаршап, әрі полицияның «ұстамаймыз, қамаймыз» деген уәдесінен кейін ғана құқық қорғау органы қызметкерлерінің алдына, сыртқа шықты. Ешкім оның қолын да қайырған жоқ. Оны туыстары күтіп алды. Әпкесі мен ағасын ұзақ құшақтап тұрды. Осының бәрі қаладағы бүкіл күш құрылымның көз алдында болды, - дейді Ираида Ислямғалиева.

Ираида кепілден босаған соң бірден жедел-жәрдем алып кеткен. Әйелдің денесінде қанталап, сырылған тұстар және пышақ жарақаттары болған. Ерлан полиция қолына түскен. Кейінірек ақпарат құралдары оған қарсы «Зорлау» және «Адамды ұстап, кепілге алу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

АРЫ ҚАРАЙ НЕ БОЛҒАН?

Келесі күні Ираиданы ауруханада жатқан жерінен тергеуге шақырған. Ол тергеу барысында өзіне бір күн бұрын болған оқиғаға еш қатысы жоқ сұрақтар қойылғанын айтады. Ираида полиция бөлімшесінде отырып, үйінде тінту шарасы жүргізілгенін естіген.

Енді күйеуің жоқ, зергерлік бұйымдарды қайтесің?


- Іс бойынша тергеудің орнына олар маған түсініксіз сұрақтар қойды. Мәселен, 388 күн бұрын үстіме киген іш киімнің түсін сұрады… [Тінту кезінде] сейфтен ақша мен бағалы зергерлік бұйымдарымды алып кетіпті. Заттарымды қайтаруды сұрағанда, тергеу бастығының орынбасары «Енді күйеуің жоқ, зергерлік бұйымдарды қайтесің?» деп жауап берді, - дейді Ислямғалиева.

Осы қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары бес айдан бері жалғасып келеді. Бірнеше күн бұрын Ираида мен адвокаттарына «тергеу аяқталды, енді іс материалдары сотқа жіберіледі» деген хабар жеткен. Бірақ екі күннен кейін Ислямғалиевтың адвокатының өтінішімен тергеу мерзімі ұзарған.

- Ерлан куәгерлерден тағы түсініктеме алып, ұлымның сөздерін қайтадан сараптамадан өткізуді сұрапты. Оның талабы бойынша, сараптама тек астанада өтуі керек. Басқасына келіспей отыр. Прокурор оның өтінішін қанағаттандырған, енді істі қайтадан полицияға жіберді, - дейді Ираида.

Ираиданың айтуынша, бұрынғы күйеуінің уақытша тергеу изоляторында отырып жазған арыздарының негізінде әйелге қарсы қылмыстық іс қозғалған.

- 16 қылмыстық іс тіркелді. Бір арыз бойынша маған қарсы бірнеше іс тіркей берген. Адвокаттарымның қарсылығын ескермей, өтінішімізді қараусыз қалдырып отыр, - дейді ол.

Тергеу жүрген бес ай бойы Ираида болған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, сұхбат бермеген. Өзінің айтуынша, прокуратурадағылар Ираидаға ақпарат құралдарына сұхбат бермеуді ұсынып, «ешкімге шағымданбасаң, тергеудің дұрыс жүруін қамтамасыз етеміз» деп уәде берген.

Қазір Ираида мен адвокаттары күдікті «жауапкершіліктен жалтару үшін» тергеуді «әдейі созып отырғанын» айтады. Ираида көп айға созылған үнсіздіктен соң әйелдер құқығын қорғайтын «НемолчиKZ» қорынан көмек сұраған.

ТЕРГЕУ «ҚҰПИЯСЫ»

«НемолчиKZ» құқық қорғау қорының жетекшісі Дина Смаилова Facebook парақшасына Ираиданың хаты мен бірнеше құжаттың көшірмесін жариялады. Ислямғалиева хатында екі жарым жыл ішінде бұрынғы күйеуіне қарсы «соңына түсу, ұрып-cоғу мен өміріне қастандық жасау” әрекеттері бойынша полицияға шамамен 30 рет арыз жазғанын, бірақ ол әр жолы айыппұлмен құтылып отырғанын айтады.

- [Полиция] қызметкерлерін өзім де, туыстарым да шақырды. Бірнеше рет прокуратураға да арыз жаздым, - дейді Ислямғалиева.

Дина Смаилова істе Ираиданың сөзін растайтын құжаттар барын айтады.

- Ираида күйеуімен тұрмыста болған екі жарым жыл ішінде жәбірленушіден полицияға түскен қоңыраулар тіркелген құжатты көрдім. Әр шақырту бойынша полиция хаттама толтырған, бірақ олардың бәрі жабық күйінде қалған, - дейді ол.

Смаилованың сөзінше, қазіргі тұрмыстағы зорлық туралы заңнама, айыппұл мен жәбірленушіні қорғау қағазы сияқты алдын алу шаралары тиімсіз.

— Тек қағаз бар, Бір қағаздан соң тағы бір қағаз береді. Осының бәрі тек ескерту шаралары ғана. Бұл қалай жұмыс істейді? Жәбірленуші бірінші рет полиция шақырғанда, олар еркекке ескерту береді. Екінші рет қорғау қағазын толтырады. Бірақ іс жүзінде бәрі басқаша, қорғау қағазына қол жеткізу өте қиын. Үшінші рет полиция шақырса, олар ерекше талап жазып, қорғау қағазының тәртібі бұзылса, істі сотқа жіберетін шығар. Бірақ сотта оған тағы да ескерту береді. Яғни, барлық шара тек ескертумен шектеледі. Ал әйел осы уақыт ішінде талай қиындық көреді. Сондықтан тек қағаз бен ескерту ғана берілетінін түсінген әйел полицияға бармайды. Заң кінәлі, — дейді Дина Смаилова.

Видео: Тоқаев өзгерткен "Зорлық-зомбылық" заңына көңілі толмайтындар көп

Тоқаев өзгерткен "Зорлық-зомбылық" заңына көңілі толмайтындар көп
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:54 0:00

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің өкілі Ислямғалиеваның бұрынғы күйеуінің әрекетіне шағынып, полиция шақырғаны туралы сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков «тергеу аяқталмайынша бұл ақпаратты жариялауға болмайды» деп түсіндірді.

Ислямғалиеваның тергеу барысы туралы арызын жоққа шығарған департамент өкілі «жәбірленушінің тергеуге еш шағымы жоқ», ал «әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында жарияланған дерек шындыққа жанаспайды» деген жауап қайырды.

Белгібеков Ираида Ислямғалиеваға қарсы бұрынғы күйеуінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады, бірақ реестрде тіркелген істер санын нақтылаған жоқ.

- Сотқа дейінгі тергеу барысында Ислямғалиев бұрынғы әйеліне қарсы түсініктеме бере бастады. Ол Ираида Ислямғалиеваның заңсыз әрекеттері туралы айтты. Тергеу басқармасы айыпталушының облыстық полиция департаментіне жіберген бірнеше арызы бойынша төрт қылмыстық іс қозғады. Екі іс қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды, - деді Белгібеков.

Оның айтуынша, қазір Ислямғалиеваға қарсы полиция «Суицидке жеткізу» және «Алаяқтық» баптары бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Белгібеков тергеудің құпиялығына сілтеп, артық ақпарат беруден бас тартты.

Азаттық Ерлан Ислямғалиевтің адвокаты Руслан Шағатаевқа хабарласып, пікір алмақ болды. Бірақ ол «Пікір бермеймін» деп қысқа қайырды.

"Пышақ сұғып, балғамен ұрды". Күйеуінен қорлық көрген әйелдің әңгімесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:17:59 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG