Accessibility links

"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

"Назарбаев кетсін!" деп айғайлағандарды ұстап әкетті

Астанада "Нұр Отан" партиясы съезі басталған күні Қазақстанның түрлі қалаларында азаматтар мен белсенділерді полиция бөлімшелеріне жеткізді. Алматыда полиция билік партиясы кеңсесі алдына талап айтып келген азаматтарды ұстады.

10:59 27.2.2019

Сәрсенбі күні таңертең алматылық белсенділер Сүйіндік Алдабергенов, Асхат Берсалимов​ өздерін полиция қызметкерлерінің ұстап әкеткенін жазып, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде хабар таратты.

11:01 27.2.2019

Белсенді Оралбай Бегалиев сәрсенбіде таңертең Шымкентте үйге келген полиция өкілдерінің ұсынған шақырту қағазын алмай, оқиға туралы видеоны әлеуметтік желіге салған.

11:15 27.2.2019

Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің алдына келген прокуратура өкілі азаматтарға "заңсыз жиын өткізуге болмайтынын" айтып, тарауға шақырды. Оқиға орнына келген полицияның арнайы жасағы азаматтарды ұстап, күштеп көлікке салып алып кетті.

Полиция "Нұр Отан" кеңсесі алдынан адамдарды ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
Полиция "Нұр Отан" кеңсесі алдынан адамдарды ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

11:24 27.2.2019

Қазақстан соты "экстремистік ұйым" деп танып, тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының негізін қалаған, қазір шетелде тұратын бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов бұған дейін қазақстандықтарды 27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының жергілікті ұйымдары алдына жиналуға шақырған. Қазақстан соты Әблязовті екі рет сырттай соттаған. Сот оған өмірлік түрме жазасын кескен.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG