Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасы. Жеті жылда не өзгерді?


Жаңаөзен оқиғасы. Жеті жылда не өзгерді?
please wait

No media source currently available

0:00 1:01:51 0:00

Жаңаөзен оқиғасы. Жеті жылда не өзгерді?

Биыл Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаға жеті жыл. AzattyqLIVE тікелей эфирде сол оқиғалардың бүгінгі салдары, сипаты, зерттелуін талқылады. Студия қонағы - Жаңаөзен оқиғасы бойынша Қоғамдық комиссияны басқарған саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы болды.

2011 жылғы желтоқсанның 16-сында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында полиция бірнеше ай бойы ереуілдеп тұрған мұнайшыларға қарсы оқ жаудырып, күшпен таратқан. Ресми есеп бойынша, Жаңаөзен оқиғасы кезінде Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында болған ереуіл мен толқу кезінде 17 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған.

"Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып бойынша 37 адам сотқа тартылып, оның үшеуі толық ақталып шықты. 21 адам шартты түрде, ал 13 адам үш жылдан алты жылға дейін сотталған болатын. Кейін Қазақстан үкіметі жараланғандарға 500 мың теңге, ал оққа ұшқандардың отбасына бір миллион теңге өтемақы төлеген еді. Кейбір оқ тигендер арасында бұл ақшаны алмағандар да бар.

Оқи отырыңыз: Жаңаөзен оқиғасы бойынша барлық мақалалар

Жаңаөзен оқиғасынан соң мұнайшылар және "қызметін асыра пайдаланғаны үшін" жазаға тартылған кіші шенді полиция қызметкерлерімен қатар бірқатар қоғам белсенділері, саясаткерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, түрмеге қамалды.

Жаңаөзендегі орталық алаңның 2011 жылғы және 2012 жылғы көріністері
Жаңаөзендегі орталық алаңның 2011 жылғы және 2012 жылғы көріністері

Қазір қайғылы оқиға қоғамның есінде ме? Жаппай тәртіпсіздік пен оқ атуға тікелей кінәлілер жазасын алды ма? Құрылған қоғамдық комиссиялар мен зерттеулердің нәтижесі қандай? Осы және өзге де сауалдарға Жаңаөзен оқиғасы бойынша құрылған Қоғамдық комиссия жетекшісі, саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы жауап берді.

Сұрақтарды Азаттық сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жолдауларыңызға болады.


  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG