Дәл осы уақытта Алматыда бір топ оппозиция өкілдері мәлімдеме жасаған болатын. Мәлімдемеде «Тасжарған» газеті мен журналист Алмас Көшербаевтың апелляциялық шағымын қараған Алматы қалалық соты оларға Медеу аудандық соты салған айыппұл мөлшерін 30 млн теңгеге (шамамен 200 мың доллар) дейін көбейткендіктеріне наразылық айтылған.
Олардың пайымдауынша, аталған сот шешімінің саяси астары бар. Бұл тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын тұншықтыру мақсатында жасалып жатқан іс, сондықтан билік өкілдерінен республикадағы сөз бостандығына қысым жасамауды талап етуде.
Биыл қаңтардың 16-сында Алматының Медеу аудандық соты «Тасжарған» газетінде 2008 жылы сәуір айында жарияланған «Байғұс латифундист» атты мақалада парламент депутаты Ромин Мадиновтың ар-намысына тиетін сөздер айтылған деп тауып, Мадиновтың пайдасына «Тасжарған» газеті мен мақала ауторы Алмас Көшербаевтан жиынтығы 3 млн теңге өндіру туралы шешім шығарған болатын.
Бұдан соң Алмас Көшербаевтың апелляциялық шағымын қараған Алматы қалалық соты оларға Медеу аудандық соты салған айыппұл мөлшерін 30 млн теңгеге (шамамен 200 мың доллар) дейін 10 есеге көбейтті. Бұл істегі талапкер – Парламент депутаты Ромин Мадинов болса, ар-намысым аяқасты болды деп о баста журналист пен газеттен 300 млн теңге өндіріп алуды мақсат еткен болатын.
Құқық қорғаушылар сот шешімінің саяси астары бар деген пікір білдіреді. Қоғам, саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері бірігіп жолдаған мәлімдемеде, елдегі тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына деген қысымның тоқтатылуы талап етілген.
Олардың пайымдауынша, әр жазылған сөздің астынан кір іздейтін болса, журналистерді сотқа тарту жаппай белең алып кетпек.
«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры ұйымының мамандары Алмас Көшербаев сияқты басы бәлеге қалған журналистерді қорғайтын мамандар бүгінде тапшы екенін айтуда. Осыған орай, қордың қоғамдық сараптама орталығының жетекшісі Ғалия Әженова кәсіби сараптама жасайтын мамандарды даярлау ісінің қолға алынғандығын жеткізді.
- Қазіргі бар мамандарды қайта үйретіп, олардың жаңа методикаларды меңгеруін қарастырып жатырмыз. Біздің мақсатымыз – білікті маман көмегімен журналистерді сот процестері барысында қорғау, нақтылап айтамын жақтау емес қорғау!- дейді Ғалия Әженова.
Осылайша Алматыда бас қосқан мамандар бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген мәтіндерді лингвистикалық талдау маңыздылығы жайында сөз қозғады.
Қазақстан Жоғарғы сотының Азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Мұсабек Әлімбековтың айтуынша, азаматтардың жеке басының ар-намысына нұқсан келтірген бапқа қатысты, 2007 жылы 192, ал 2008 жылы 230 сот процестері өткен.
- 2008 жылы көбейгендігі байқалып отыр. Алайда, олардың ішінде тек 17-20 пайызы ғана бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен байланысты, – дейді ол.
Баспасөз беттерінде журналистердің жекелеген тұлғалардың ар намысына әдейі нұқсан келтіру мақсатында мақалалар жазуларына заң бойынша жол берілмейді дейді Ғалия Әженова.
- Әр журналист біреу туралы жазған кезде міндетті түрде белгілі бір фактілерге сүйенеді. Сондықтан егерде біреуді айыптап жазған жағдайлар болса, онда ол дәйек келтірері сөзсіз. Ал енді сөздердің астарынан қандай да бір нашар ойлар байқалады дегенге автор өз мәтінінен басқа еш дәлел келтіре алмайды. Сондықтан осындай сәтте арнайы мамандар ол сөздердің түп- тамыры қандай екендігін түсіндіріп, әділ бағасын беруі керек, – дейді маман.
Қоғамдағы кемшіліктерді түзету мақсатында жарық көрген мақалалар тиісінше сол кемшіліктерге жауапты азаматтарға ұнамайды. Сондықтан, осындай даулы мәселелерге тап болған журналистерді қорғау мақсатында соттық-лингвистикалық сараптаманың маңызы зор деді филология ғылымдарының кандидаты, әль - Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің доценті Роза Тапалова.
- Бұл сараптау өте маңызды. Олай дейтінім, соттық-лингвистикалық сараптама арқылы мәтіндегі сөздердің астарына үңілуге болады. Сол арқылы айтылатын ойдың түп-тамыры анықталады. Қазіргі сот процестерінде сараптаманы жүргізу үшін бір ғана адам белгіленеді. Алайда ол жерде филолог та, психолог та қатар жұмылдырылуы керек. Бұл жерде жазылған мәтінді жан - жақты сараптап барып белгілі бір шешім шығару маңызды, –дейді Роза Тапалова.
Керісінше, Қазақстан Әділет министрлігінің сараптама орталығының бас маманы Әсет Сыбанқұлов бүгінгі сот процестерінде сот-лингвистикалық сараптама кешенді түрде жүргізілетіндігін алға тартады.
- Біздің тілде ол соттық, психология-филологиялық сараптама деп аталады. Ол әрине, соттың қаулысымен жүзеге асырылады. Бұл процесуалдық қызметтің бір түрі болып есептелінеді, – деп атап көрсетті Әсет Сыбанқұлов.
Осылайша, құқық қорғау органдарының өкілдері соттық сараптама жасайтын мамандар бар десе, сөз бостандығын қорғау қоры мамандары олардың жеткілікті дәрежеде білікті емес екендігін айтады. Дейтұрғанмен, соңғылары бұл тақырыптың жан-жақты көтерілгендігінің өзі жақсы қадам екендігін атап өтті.