Айтысқа 14 ақын: Ринат Зайытов, Жақсылық Орынбасар, Айсәуле Бейсенхан, Сәкен Орынбасарұлы, Алик Бекмұсаев, Дәурен Сембаев, Тоба Өтепбаев, Ардагерей Кәп, Айбек Ережепов, Олжас Құлымбаев, Манас Қайыртайұлы, Бибігүл Тілеболдина, Білімбек Сексентай, Айнабек Бисенғалиев қатысты.
Олардың көбі – айтыста жаңадан көрініп жүрген, есімі елге енді таныла бастаған ақындар.
«МОСКВАМЕН ТҰРМЫС ҚҰРЫП КЕТПЕСЕ ЕКЕН»
Айтыстың алғашқы күні жиналған азғана көрерменнің көңілін көтерген Ринат Зайытов пен Жақсылық Орынбасар болды. Сахнаға шыққан Ринат Зайытовқа қошемет білдірген жұрт ысқырып, шулап, екінші айтыскерді шақыруға мүмкіндік бермей жатты. Осы тұста тосылып қалған жүргізуші «Ринаттың құрметіне олимпиада чемпионы секілді айғайлады біздің көрермен» деді.
– Бес жылда бедел жинап алғаның рас,
Талайлар десе-дағы от көсесем.
Он жылда барлық діннің басын қостың,
Сол үшін биіктерге беттесе екен.
Он үште отау иесі болдың, Нұраға,
ОБСЕ-де көрсеттің көпке секем.
Он бесіңде ойнақтап тұрсың әлі,
Қияндап, сенен жамандық шеттесе екен.
Астанаға айтатын жалғыз тілек –
Бағымыз күннен күнге көктесе екен,
Он сегізге толғанда «бой жеттім» деп,
Москвамен тұрмыс құрып кетпесе екен, – деп Ринат Зайытов сөз бастады.
Оның "Москвамен тұрмыс құру" туралы сөзі Қазақстан мен Ресей арасында құрылуы мүмкін Еуразия Одағы туралы алып-қашпа әңгімемен көңілі күпті болып жүрген қауымға ерекше әсер еткені байқалды. Жұрт дүркірете қол соқты.
Келесі бір қайырымында Ринат: «Қазақстан» дейтін театр – Нұрсұлтан Назарбаевтың атында» деп тастады.
Ринат Зайытовтың қарсыласы Жақсылық Орынбасар да өткір әлеуметтік мәселелерді айналып өтпеді. Шілденің 2-сі күні Байқоңыр ғарыш айлағына құлаған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышын сөзіне қоса кетті.
– Қайран қазақ, қашан да жем боласың
Қара ниет, қанды қол қасқырларға.
Аспаннан тас жауса да қауіпті емес,
Құлақ түрсең Талғаттай тақсырларға.
Байқоңырдың қолдауы басқада емес,
Дәл осындай үндемес пәс ұлдарда.
«Сыр – Алаштың анасы» деп айтамыз,
Тиісті бұған бәрі бас бұлғауға.
Біздер несіне жетісіп той тойлаймыз,
Анамыздың көзінде жас тұрғанда, - деген шумақтарына көрермендер ықыластана қол соқты.
«Протон-М» зымыран тасығышын торғайлық айтыскер Тоба Өтепбаев та өлеңге қосты:
– Арқалықта бар жалғыз перзентхана,
Қуаныш пен жасайтын көп тойды да.
Оны да жабамыз деп жатыр бүгін,
Тұрасың одан қайтып таппай кінә.
Облысты бір жапты, жабар болса,
Қазақта басқа нәрсе жоқтай мына.
...Байқоңырдан құлаған «Протонның»,
Зардабы қабырғаңа батпайды ма?
Облыс пен жапқанша роддомды,
Пайдасыз полигонды жаппайды ма?
Қазылар алқасының төрағасы Серік Тұрғынбеков әлеуметтік тақырыпқа жиі-жиі ойысып кетіп жатқан ақындарға «Тақырыпты – Астананың туған күнін жырлау керек» екенін қайта-қайта ескертіп отырды.
«ЖАМБЫЛДАЙ ЖҮЗГЕ КЕЛСІН НҰРАҒАМЫЗ»
Айтыстың бірінші күні сахнаға шыққан 14 ақынның алтауы ғана (Ринат Зайытов, Жақсылық Орынбасар, Айсәуле Бейсенхан, Тоба Өтепбаев, Білімбек Сексентай және Алик Бекмұсаев) екінші айналымға өтіп, шілденің 6-сында ел алдында сөз қағыстырды.
«Алғашқы күні ақындар ащы айтты» деген көрермендер: «Бүгін кешегідей қатты кетіспейтін шығар. Бірінші күні финалға өту үшін олар әдейі шындықты айтты ғой. Енді бүгін Астананы, президентті мақтауға көшетін шығар» десіп, сырттай тон пішісіп жатты.
Екінші айналымға шыққан ақындардың алғашқы жұбы болып сахнаға көтерілген жамбылдық Алик Бекмұсаев көрермендердің осы тұспалын шынға айналдырып сөзін президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінен бастады:
– Әлемге әйгілі боп Нұрағамыз,
Алты құрлық бірі боп құраламыз.
Абылайдай қазақтың басын қосар,
Құдайдан бір ұл бер деп сұрағанбыз.
Халықтың құлшылығы қабыл болып,
Нұрсұлтандай туылды бір ағамыз.
...Ендеше туған күні құтты болып,
Жамбылдай жүзге келсін Нұрағамыз.
Бірақ, бұл күні де айтыскер ақындар «Астананың ажарынан» гөрі Байқоңырда құлаған зымыранның зардабын көбірек айтты. Мәселен, астаналық ақын Айсәуле Бейсенхан сөзін былай бастады:
– Семейдегі полигон қасіретін,
Жөні бар бүгінгі ұрпақ ұнатпаудың.
Қаншама сәбиіміз мүгедек боп,
Қаншама жұрт қан жұтып, жылап та алдың.
...Байқоңырда құлаған «Протонды»
Шаттығы дей алмаймын шуақтардың.
Уланып жатсақ тағы «Астана» деп
Үніндей сыңғырлаймыз бұлақтардың.
Осылайша Астана күніне арналған арнайы айтыста да ақындар ресми шектеулерді барынша айналып өтіп, еркін жырлауға, өткір әлеуметтік мәселелерді көтеріп, азаматтық ұстанымын көрсетіп қалуға тырысып жатты.
Екі күнге созылған айтыста бас жүлдені – Ринат Зайытов пен Жақсылық Орынбасар (700 мың теңге), екінші орынды – Айсәуле Бейсенхан мен Тоба Өтепбаев (300 мың теңге), үшінші орынды Білімбек Сексентай мен Алик Бекмұсаев (150 мың теңге) алды. Айтысқа қатысқан өзге ақындарға да 50 мың теңгеден сыйақы берілді.