IWSR (халықаралық шарап пен спирттік ішімдіктер нарығын зерттеу ұйымы - ред.) зерттеуінде әлем елдерінде ең көп ішілетін ішімдіктер - арақ, ром, джин және текила екені анықталған. Оның ішінде арақ бірінші орынға шыққан.
The Economist журналы өткен аптада сілтеме жасаған IWSR-дың мәліметі бойынша, дүние жүзінде 2012 жылы 4 миллиард 440 мың литр арақ ішілген. Оның жартысын осы ішімдікті ойлап тапқан ел – Ресей тұрғындары тұтынған.
АЛҒАШҚЫ БЕСТІК
2012 жылы жан басына шаққанда Ресейде әр адамға 13,9 литр арақтан келген. Ресей арақ тұтыну жағынан тізімнің басында тұр. Екінші ел – Беларусь. Онда бір адам жылына 11,3 литр арақ ішетін болып шықты. Үшінші және төртінші орындарда - Украина (7,7 литр) мен Польша (7литр). Бесінші орында - Қазақстан. Қазақстанда жыл сайын жан басына шаққанда 5,9 литр арақ ішіледі.
2012 жылы арақты ең көп ішкен 10 елдің жан басына шаққандағы көрсеткіштері:
Әлемде арақтан басқа ішімдік анағұрлым аз қолданылады. Мысалы, ромды ең көп ішеді деген Кубада жан басына шаққанда бұл ішімдік әр адамға 4,9 литрден келеді. Джинді ең көп ішетін Филлиппинде бір адам жылына 1,4 литр тұтынады. Шотланд вискиін ішуден Франция бірінші тұрса (1,4 литр), АҚШ (0,36 литр) текила ішетіндер тізімінде бірінші орын алған.
БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ МАСКҮНЕМДІК
Әлемдегі ең әйгілі алкоголь өнімі арақ болса, оны көп ішетін – бұрынғы коммунистік елдердің тұрғындары. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 2012 жылғы мәліметіне қарағанда, елде 200 мыңнан астам адам маскүнемдікке шалдыққан.
Ресми мәлімет бойынша, маскүнемдердің жалпы саны азайып келе жатқанымен, араққа құмар жастардың саны азаймай отыр. Қазақстан ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, маскүнемдікке шалдыққан балалардың үлес салмағы артып келеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жан басына шаққанда 8 литрден көп алкоголь өнімін тұтынатын елдердің ұлттық генофонды деградацияға ұшырайды деген ақпарат таратқан.
Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметі бойынша, арақтан бөлек, ел тұрғындары жан басына шаққанда жылына 31 литр сыра ішеді. Бұл да әлемдегі жоғары көрсеткіштердің бірі.