Алматыда тіркелмеген «Алға» партиясын «экстремистік ұйым деп тану» туралы прокуратура арызына қатысты сот отырысы өтті.
Желтоқсанның 5-і күні Алматының Алмалы аудандық сотында тіркелмеген «Алға!» партиясына қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Владимир Козловқа қатысты шыққан сот шешіміне сілтеме жасаған прокурорлар партияны да «экстремистік» деп тану қажеттігін айтты. Ал жауап беруші тарап «мұндай партияның ресми түрде жоқ» екенін айтып, жауапкердің дұрыс анықталмағанына назар аудартты. Судья екі жаққа жарыссөзге дайындалу туралы ескерту жасап, келесі отырысты желтоқсанның 11-іне белгіледі.
«ТІРКЕЛМЕСЕ ДЕ, ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ»
«Алға» соты бойынша бірінші отырыста судья Мұхтар Әміров әуелгі сөзді Алмалы ауданының прокуроры Дәурен Даировқа берді. Ол Алматы қаласы прокуратурасының шағым-арызын оқып шығып, өзінің де оны қолдайтынын мәлімдеді.
Даировтың сөзінше, Ақтау қалалық сотында тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа қатысты процесте «Козловтың тапсырмасымен «Алғаның» Алматы филиалының белсендісі Айжангүл Әмірова үнпарақтар таратқандығы анықталған». Прокурор сараптама қорытындысы бойынша бұл үнпарақтарда «билікті күшпен басып алу мен әлеуметтік араздықты тудырудың нышандары» анықталғанын атап өтті.
Прокурор Владимир Козловқа қатысты үкім шыққан кезде «Алға» партиясының қызметі «экстремистік» деп бағаланғанын ескертіп өтті.
- Қарашаның 19-ы күні Маңғыстау облыстық соты Козловқа қатысты үкімді күшінде қалдырғандықтан, үкім заңды күшіне еніп отыр, - деді Дәурен Даиров.
Ол жауапкер ретінде ресми тіркелмесе де, жұмыс істеп келе жатқан «Алға» партиясын тану қажет деп санайды.
- Партияның жұмыс істеп жатқаны туралы Algadvk.kz сайтынан білуге болады, - деді прокурор.
ЖАУАПКЕР КІМ?
Алайда отырысқа соттың шақыртуымен келген адвокат Елена Савинова «Алғаның» тіркелген-тіркелмегенін растайтын құжат жоқ екенін айтты.
- «Партия мүшесімін» дейтін жекелеген белсенділер жауапкер бола алмайды, сондықтан «прокурордың бұл айтқанымен келісе алмаймын, - деді адвокат.
Елена Савинова – сотталған Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекованың адвокаты.
- Әлия Тұрысбекова бұл процесте жауапкер бола алмайды, бірақ сотқа қатысады, - деп атап өтті ол.
Судья сотқа қатысып отырған Михаил Сизовтан да қандай ұйымнан екендігін сұрады. Сизов:
- «Алға» тіркелмегендіктен ондай партия жоқ, ал мен «Саяси тұтқындарды қорғау» комитетінің төрағасымын, - деп жауап берді.
Прокуратура шағымына қатысты жауапкерді табу мақсатында судья залда отырғандарға қайырылғанымен, «жауапкер менмін» деген ешкім болған жоқ.
Осылайша судья Мұхтар Әміров сот процесінің келесі отырысын желтоқсанның 11-іне қалдыратынын және тараптардың жарыссөзге дайындалуы қажет екенін хабарлады.
STAN.TV-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Желтоқсанның 4-і күні Алматының Бостандық аудандық сотында Stan.tv (Қазақстандағы сайт атауы – Stan.kz) ақпараттық бейнепорталына қатысты да сот өткен еді. Сот шешімі туралы мәлімет алмақ болып Азаттық тілшісі күні бойы сотқа хабарласқан болатын.
- Сіз іске қатысты шағым беруші де, жауапкер де емессіз, сондықтан бұл сізді қызықтырмауы керек. Мен ешқандай ақпарат бермеймін. Жалпы шешім шығып қойған, судья прокуратураның шағымын қанағаттандырды, - деді өзін істі қараған судья Татьяна Черныштың хатшысы Бақытжанмын деп таныстырған азамат.
Ал Stan.kz порталының басшылығына хабарласқанымызда олар өздерінің сот процесіне қатыспағандарын жеткізді.
- Себебі прокуратураның шағымында Stan.kz деп көрсетілген. Құжат бойынша ондай тіркелген ұйым жоқ. Ресми тіркелген - Stan-production. Ал шағымда ондай ұйым көрсетілмеген және де бізге ешқандай соттан шақырту келген жоқ, сондықтан біз сотқа барған жоқпыз, - деді желтоқсанның 4-і күні Азаттық тілшісіне жауап берген Stan-production директоры Бауыржан Мусиров.
Бір күн өткесін «Әділ сөз» баспасөз қорғау қоры сот шешімінің кеше шығып кеткенін және Қазақстанда Stan.tv интернет-порталының өнімдерін таратуға тыйым салынғанын хабарлады.
Қордың жазуынша, желтоқсанның 4-і күні Алматының Бостандық аудандық соты Stan.tv порталы тарататын ақпараттарды Қазақстан заңына қайшы деп тауып, республика аумағында олардың таралуына тыйым салған. Әзірге Stan.kz сайты ашылып тұр.
GULJAN.ORG-ТЫҢ «УАҚЫТША ЖАБЫЛУЫ»
Желтоқсанның 5-і күні интернет сайттарды құрсаулау әрекеті жалғаса түсті. Алматы қаласы Бостандық аудандық соты www.guljan.org сайтының үш ай мерзімге жабылатынын ескертті. Ескертудің көшірмесін аталмыш сайттың өзі жариялады.
Сот желтоқсанның 4-і күні Бостандық аудандық прокуратурасының Guljan.org-ті жабу туралы арызын қарап, үш ай мерзімге сайттың Қазақстан аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарған.
Сайт редакторы Гүлжан Ерғалиева «сот шешімінде сайтты жабуға не себеп болғаны айтылмаған» дейді.
Сәрсенбі күні түске дейін «ескерту» алған сайт ұжымы, онлайн режимде өздерін қолдаушыларды тікелей эфирге шақырып, пікірлерін жариялады. Ал түстен кейінгі уақытта сайт баяу болса да ашылып тұрды.

Прокуратураның шағымында Stan.kz деп көрсетілген. Құжат бойынша ондай тіркелген ұйым жоқ. Ресми тіркелген - Stan-production.