Accessibility links

Пастор Қашқымбаевтың соңғы сөзі


Пастор Бақытжан Қашқымбаев сотта отыр. Астана, 13 ақпан 2014 жыл.
Пастор Бақытжан Қашқымбаев сотта отыр. Астана, 13 ақпан 2014 жыл.

Прокуратура «Благодать» шіркеуі пасторы Бақытжан Қашқымбаевты «шіркеуге келген әйелдің денсаулығына қасақана залал келтірді» деген айып бойынша үш жылға соттауды сұрады. Пастор бұл істі «қолдан жасалған процесс» деп атайды.

Ақпанның 13-і күні «Благодать» шіркеуінің пасторы, сотталушы Бақытжан Қашқымбаевқа сотта соңғы сөз берілді. Прокуратура Ләззат Әлменоваға қатысты эпизодқа байланысты тағылған айып бойынша пасторды қылмыстық кодекстің 103-бабына сәйкес үш жылға соттауды сұрайды.

Пасторға тағылған барлық айыптың ішінен біреуі ғана сотқа жетті. Ол – «пастор құлшылық ету кезінде жәбірленушіге күдікті сусын беріп, оның психикасына залал келтірген» деген айып. Құқық қорғаушылар бұл айыптауды «сандыраққа» балайды.

АЗАТТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ СОТ ТЫЙЫМЫ

Ақпанның 13-і күн өткен сот отырысы Азаттыққа тікелей қатысты бір жайтпен ерекшеленді. Судья сот отырысына қатысқан барлық журналистердің ішінен Азаттық тілшісіне ғана процесті видеоға және фотоға түсіруге тыйым салды.

Сот отырысы басталар алдында судья Гүлжаһан Ұбашева «Залда аккредитация берілген журналистерден кім бар?» деп сұрады. Сот залында процесті видеокамераға түсіріп жүрген Азаттық радиосы мен CNL христиан телеарнасының журналистері бар болып шықты.

Судья Азаттық тілшісінен аты-жөнін және редакцияның заңды мекенжайын атауды өтінді. Сосын «Сот процесін фотоға түсіресіз бе, әлде видеоға түсіресіз бе?» деп сұрады. Азаттық тілшісінің фото-видео түсіруіне тыйым салған судья оған процестің аудиожазбасын жүргізуге ғана рұқсат етті. Ал CNL христиан телеарнасы журналистерінің видеоға түсіруіне ешқандай шектеу қоймады.

Судья Гүлжаһан Ұбашева «егер Азаттық тілшісіне бұл ұнамаса, сот залынан мүлде шығып кетуіне болады» деп ескертті. Судья сөзін заңға балаған Азаттық тілшісі халықаралық құқық қорғаушылар «мәні жоқ, сандырақ айыптаудың саяси астары бар» деп атаған іс бойынша өтіп жатқан сот процесінде журналистиканың қазіргі заманда ескірген құралдарын пайдалануға мәжбүр болды.

ПАСТОР ӨМІРІНІҢ МӘНІ

Құқық қорғаушылар «бұл істің көздеген мақсаты - Қазақстан билігі ислам дінінен христиан дініне өткен Бақытжан Қашқымбаевты этникалық қазақтарға сабақ ретінде соттың көмегімен жазаламақ» деген пікірді талай рет айтқан.

67 жастағы Бақытжан Қашқымбаев соңғы сөзін «совет заманынан бері
Бақытжан Қашқымбаев адвокаты Нұрлан Бейсекеевпен сөйлесіп отыр. Астана, 13 ақпан 2014 жыл.
Бақытжан Қашқымбаев адвокаты Нұрлан Бейсекеевпен сөйлесіп отыр. Астана, 13 ақпан 2014 жыл.
университетте оқытушы болдым, жасым ұлғайған шақта дін жолына бет бұрдым» деп бастады. Ол имандылық жолын христиан діні арқылы тапқанын, өзі басқаратын шіркеуге көбінесе елдің жаңа астанасы халқының басым бөлігін құрайтын этникалық қазақтар келетінін айтты.

Бақытжан Қашқымбаев сот залында отырған жұртқа өзі отбасының тарихын баяндады. Ол «Құдайға деген шексіз сенім жұбайының дауасыз дертіне шипа болып, бала-шағасының өміріне жаңа мән берген соң» христиан дінін ұстанғанын айтты. Ал университетте лекция оқыған тәжірибесі мен өмірден көрген-түйгені оның шіркеу пасторы қызметіне дейін өсуіне көмектескен. Бірақ ел билігі мен билік айналасындағы құрылымдардың дінге қатысты саясаты өзгерген тұста ақпарат құралдарында пасторға қарсы айыптаулар мен «әшкерелеу» мақалалары қаптап кетті. Сөйтіп пастор тергеу абақтысынан бір-ақ шыққан.

Соңғы сөзінде пастор христианин ретінде жан баласына жамандық жасамағанын, ешкімге қастық ойламағанын мәлімдеді.

- Ләззат Әлменоваға да, басқа біреуге қатысты да ешқашан жамандық ойлаған
Пастор Қашқымбаевтың адвокаттары (сол жақтағы - Нұрлан Бейсекеев). Астана, 13 ақпан 2014 жыл.
Пастор Қашқымбаевтың адвокаттары (сол жақтағы - Нұрлан Бейсекеев). Астана, 13 ақпан 2014 жыл.
емеспін, - дейді пастор.

Іс бойынша жәбірленуші деп танылған Ләззат Әлменова бұл кезде пасторды қолдау үшін келген басқа діндарлармен бірге сот залының арт жағында отырды. Басын көтермей жылап отырған ол қыстығып ештеңе айта алмады. Оның орнына іс бойынша Ләззаттың өкілі деп танылған әпкесі Гүлдана Әлменова сөйледі. Ләззат Әлменова «өздігінен әрекет етуге қабілетсіз» деп танылып, оны сот процесінде сөйлеу құқығынан айырған. Бұл туралы психитариялық сараптаманың анықтама қағазы бар.

Ләззат Әлменованың адвокаты үкім жариялағанға дейін ешқандай комментарий бермейтінін айтты.

Қашқымбаев ісі бойынша қаңтардың 22-сінде басталған соттың кейбір отырыстары процеске қатысудан бас тартқан сотталушы мен оның адвокаты Нұрлан Бейсекеевсіз өтті.

Бақытжан Қашқымбаев 2013 жылдың мамырынан бері қамауда отыр. Оған «шіркеуге келген әйелдердің бірінің психикасына гипноз арқылы залал келтірді
Прокурордың көмекшісі Олжас Шалабаев. Астана, 13 ақпан 2014 жыл.
Прокурордың көмекшісі Олжас Шалабаев. Астана, 13 ақпан 2014 жыл.
және құлшылық ету кезінде галлюциногендік сусындар қолданды» деген айыппен қатар «экстремизм» бабы бойынша да айып тағылған. Бұрынғы айыптауларында «шіркеудегі кейбір кітаптардан экстремизм белгілері табылды» деп мәлімдеген прокуратура өткен аптада қылмыстық кодекстің 164 бабы – «экстремизм» бабы бойынша айыптан бас тартты.

- Қашқымбаевтың қылмыстық ісі басталған эпизодқа ақыры қайта оралдық, - дейді адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Пастор өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және өзіне қарсы сотты «қолдан жасалған процесс» деп атайды. Пасторды бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары қорғаған. Олар «пастор Қашқымбаев діни қызмет туралы қайшылыққа толы жаңа заң негізінде репрессияға ұшырап отыр» деп есептейді.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG