Қазанның 28-і күні Астанада «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі: мәселелер мен мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Жергілікті және шетелдік сарапшылар қатысқан бұл форумды Вашингтонның стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) және Жаңа демократия институты (IND) ұйымдастырғандығын атап өткен жөн.
Хабарларға қарағанда, американдық үкіметтік емес бұл ұйымдар Қазақстан үкіметінің грантына ие болған және соның есебінен осынау жиынды Астанада өткізіп отыр. дәл осы мазмұндағы конференция биыл маусым айында Вашингтонда ұйымдастырылған болатын.
Астананың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жобаға CSIS/IND альянсы бірқатар американдық мамандарды тартқан, солардың қатарында Карнеги қорының аға ғылыми қызметкері Марта Олкотт, АҚШ-тың ЕҚЫҰ-дағы бұрынғы елшісі Стефан Миникес бар. Вашингтондағы конференцияда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы көмекшісі Збигнев Бжезинский баяндама жасаған-ды.
Астанадағы конференцияда, келесі жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде не атқаруы керек деген мәселенің талқылануы барысында, Олкотт ханым ерекше белсенділікпен танылды. Сарапшылар оның Қазақстан туралы зерттеулер мен сыни тұрғыдағы еңбектердің авторы екендігін, соңғы жылдары ғана Қазақстан басшылығына қатысты көзқарасы әсіре жағымды рең алғандығын айтып отыр.
Карнеги қорының аға ғылыми жетекшісі, Астанадағы конференция кезінде, Қазақстан ұйымға төраға болған кезеңде ғаламдық ауқымды проблемалардан гөрі аймақтық дауларды шешуге талпынғаны дұрыс дегенді ұсынды.
- Қазақстан төрағалық ету кезінде Ауғанстандағы жағдайды шешуде басты ролді атқара алады. Ресей мен Грузия арасындағы жанжалды бір жылдың ішінде тез шешетін дәнекер бар болса, онда Мәскеу және Тбилисимен қарым-қатынасы жақсы Қазақстанның бұған қосар үлесі зор болар еді, - деді Олкотт.
Оның пікірінше, Қазақстанның Әзірбайжан және Армениямен жақсы қарым-қатынасы осы екі мемлекет арасындағы Таулы Қарабах мәселесін шешуге септігі тиіп қалуы мүмкін.
Бұған қоса Олкотт Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі және қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыру деген деген секілді ауқымды мәселелерді Қазақстан айналып өткені дұрыс деп есептейді.
- Еуропа елдерінің энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты ауқымды проблема бар. Оның ЕҚЫҰ үшін бірінші рет кездесіп отырған проблема деп мен ойламаймын, бұған қоса энергетика жөнінде еуропалық ортақ саясат жоқ уақытта бұл мәселені талқылаудың қажеті жоқ. Еуропада қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қабылдауды аңсайтын Ресей ұсынып отырған сұрақтар жиынтығы да бір жылдың ішінде шешіле қояды деп ойламаймын, - деді Олкотт.
- ЕҚЫҰ бұл идеяны талқылайтын жалғыз орта емес. Олкотт ханымның алаңдаушылығын басқым келеді – еуропалық қауіпсіздік туралы келісім тақырыбын талқылайтын басқа да орта бар, - деп кесіп айтты Ресей елшісі.
Мұнымен қоса Бочарников Қазақстан өз еркімен шешім қабылдай алатын дербес мемлекет екендігін еске салып, жиналғандардың көпшілігі оны оқытқысы келетіндей райда сөйледі дегенді айта келіп, республика үлкен құрметке ие болуға тұрарлық деген ойын ортаға салды.
- Қазақстанды Ресейдің ұстанымына сәйкестендіріп қарастыруға болмайды. Мұндағы айтылған ойлардан Қазақстан АҚШ-тың ұстанымына сай көрінсе дегендей талаптардың нышаны байқалады, - дейді Бочарников.
Қазақстан 2010 жылы 1 қаңтардан бастап ЕҚЫҰ-на төрағалық етуін бастайды. Осындай шешім 2007 жылы ұйымның Мадридте өткен саммитінде қабылданған болатын.