Сәуірдің 11-і күні таңертең Астанада жиырмадан аса адам Қазақстан бас прокуратурасы ғимаратының алдындағы көшені жапты. Олардың арасында кәмелетке толмаған балалар да болды.
Астананың оңтүстік-шығыс бөлігі, Көктал шағын ауданы және Назарбаев университеті маңындағы бұрынғы саяжай тұрғындары Азаттық тілшісіне үйлері орналасқан саяжайлық жер телімдерін «мемлекет қажетіне» алуға наразылық білдіріп, бас прокурор Асхат Дауылбаевпен кездестіруді талап етіп келгенін айтты.
Олар бұған дейін бас прокурордың қабылдауында болғандарын, бірақ «Дауылбаевтың тапсырғаны орындалмағанын» айтады. Прокуратураға талаппен келгендердің бірі Сандуғаш Серікбаева былтыр Астанада баспанасын қорғап бірнеше күн бойы құрылыс кранында наразылық өткізген.
"Олар дұрыс бағаламаған дегенді ғана айтады, алайда ешкім бұның заңсыз екенін сыртқа шығарғысы келмейді. Арыз-шағым айтып та, жазып та жатқанымызбен барлығымыз далада қалдық. Біздің заңды баспанамызды тартып алды" дейді ол.
Серікбаеваның айтуынша, жұрт далада қалғанына, Қазақстан соттарынан әділеттілік табу мүмкін еместігіне наразылық білдіріп жиналған.
Оқиға орнына жеткен полиция жасағы (ОМОН) жиналғандарды қақпа алдынан ғимараттың жанына қарай ығыстырып, прокуратура ғимаратының ішіне кіргізуге әрекет жасады. Бірақ өз талаптарына жауап беретін ешкім шықпаған соң, ғимараттың акт залына кіруден бас тартқан наразы топ өздерін бас прокурормен жолықтыруды талап етіп айқайлай бастады.
Бұдан соң наразы топ енді Қазақстан президентінің резиденциясына – Ақордаға бармақ болды. Осы сәтте ОМОН жасағы оларды полиция көлігіне күштеп сала бастады. Әп-сәтте төңірек адамдардың айғайы, жылаған бала, полицияның зекірген үніне толып, азан-қазан боп кетті.
ВИДЕО: Бас прокуратура жанында наразыларды ұстау
Оқиға болып жатқан жерде Азаттық тілшісіне жетіп келген еңгезердей полиция қызметкері журналистен суретке және видеоға түсіруді дереу тоқтатуды талап етті. Өзінің кәсіби міндетін атқарып жатқанын айтқан тілшіден полицей камераны тартып алмақ болды. Бірақ ол әрекеті сәтсіз болған соң, полиция өкілі журналисті автобустың сырт жағына қарай сүйрелей жөнелді.
Азаттық тілшісі ол жерге келгенде қолында видеокамерасы бар тағы екі журналисті сол жерде полиция ұстап тұрғанын көрді. Бұл кезде ОМОН жасағы наразыларды балаларымен қоса тездетіп полиция көлігіне күштеп тиеп жатқан еді.
Шамамен бес-алты минуттың ішінде наразыларды түгелдей көлікке салып әкеткен соң ғана полиция журналистерді босатты.
Астана ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша, бас прокуратура жанынан ұсталған 15 ересек адам мен 12 бала Астана қаласының Есіл аудандық полиция бөліміне апарылған. Ұсталғандардың бірі Бәтима Иманова полиция түсіндірме жазып алған соң өздерін босатқанын, полициядан шыққан наразылар қала әкімдігіне баруды шешкендерін айтты.
Астанада наразылық білдірген тұрғындарды балаларымен бірге ұстап әкету оқиғасы араға ай салып тағы да қайталанып отыр. Наурыздың 6-күні өздерін жергілікті билік «Махаббат» тұрғын үй кешенінен заңсыз шығарып жатыр» деп санайтын 30-дан астам адамды балаларымен қосып ОМОН жасағы күшпен көлікке салып алып кеткені туралы видеосюжет әлеуметтік желіде наразы пікірлер тудырған еді.
Астанада жер телімдерін «мемлекет қажетіне» деген уәжбен алып жатқан қала билігінің әрекетіне, жер телімдерінің өтемақысына көңілі толмайтын наразы тұрғындар көп. Олардың ішінде бұрынғы саяжайлар ғана емес, Астана қаласының ортасындағы бұзылуы тиіс ескі барактардың иелері де бар.