Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Жетібай кентінің жұмыссыз тұрғыны – 31 жастағы Жасел Барақов үйінде он бала барын, тұтас бір әулет інісінің 50 мың теңге айлығына күн көріп отырғанын айтып қамығады.
– Мамандығым – машинист. Мен түйіндемемді апармаған жер жоқ. Олар оны қарамайды да, қоқыс жәшігіне лақтырады. Маған жұмыс керек. Табысым болмаған соң отбасын да құра алмай жүрмін, – деді ол Азаттыққа.
«ХАЛЫҚ РЕСМИ ЕСЕПКЕ СЕНБЕЙДІ»
Жетібайда Жасел Барақов сияқты жұмыссыздар аз емес. Сол өңірдегі қоғамдық белсенді Ағзам Жұмсақовтың есебінше, 11 мыңнан астам тұрғыны бар ауылда 2 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр.
– Мұнда жұмысқа орналасудың бәрі ақшамен шешіледі. Қымбатшылық күн санап артып барады. Тамақ, дәрі дегендеріңіз бәрі басқа ауылдармен салыстырғанда Жетібайда екі есе қымбат. Қар жауып, күн райы бұзылғанда такси құны Ақтауға дейін екі жарым мың теңге болады. Елді қанау өсіп барады, оны тоқтатпасақ болмайды, – дейді Ағзам Жұмсақов.
Ағзам Жұмсақов «тұрмысы нашар 84 адамды мұнай саласына жұмысқа кіргіздік» деп мәлімдеген билік өкілдерінің ол адамдардың аты-жөндерін атап бере алмағанынан күдіктенеді. Белсендінің сөзінше, халық жұмыссыздардың саны жайлы билік жасаған есепке сенбей, өздері жергілікті 12 адамнан құралған жеке комиссия құрған.
– Енді сол комиссия жұмыссыздар санын, бір де бір адам жұмыс істемейтін отбасыларды, тұрмысы өте нашар, көп балалы үйлерді нақтылайды, – деді Ағзам Жұмсақов Азаттық тілшісіне.
«БӘРІ МҰНАЙ САЛАСЫНА БАРҒЫСЫ КЕЛЕДІ»
Жетібай тұрғындарының жұмыссыздар санын анықтайтын ресми комиссияға сенімсіздік білдіргенін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының жетекшісі Асқар Рзаханов та растады.
– Жұмыссыздықты анықтау туралы әкімдік комиссиясы құрамына өзгеріс енгізілді. Ауыл тұрғындарының бастамашыл тобы өзінің сенімді өкілдерін оның құрамына кіргізді. Наурыз мейрамынан соң, шамамен 27-28 наурыз күндері сол Жетібай ауылы аумағында орналасқан мұнай компаниялары басшыларын облыс әкіміне шақырып жиналыс өткіземіз, – деді Асқар Рзаханов.
Оның айтуынша, кездесуге Жетібай аумағындағы «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы басшылары, сол компанияға қызмет көрсететін «Ойл сервис компани», «Ойл Транспорт Корпорэйшн» мекемелері жетекшілері қатысады.
– Бірақ жұмыссыздардың бәрін бірдей мұнай саласына орналастыру мүмкін емес қой. Көбі соған ұмтылады, – дейді Маңғыстау облысы әкімі аппаратының жетекшісі.
Асқар Рзаханов наразы жұрттың «билік жұмыссыздық жайлы шын деректі бүркемелеп отыр» деген айыбымен келіспейді.
– Ол статистика жұмыссыздардың арнайы бөлімге барып тіркелмеуінен туындаған. Бәрі бірдей барып, жұмыссыз екендіктерін үнемі көрсете бермейтіні белгілі ғой, – деді Асқар Рзаханов Азаттық тілшісіне.
Қарақиядағы жұмыссыз тұрғындары наразылығы наурыздың 12-сінде басталған еді. Сол күні Жетібайдағы ауылдық мәдениет үйіне бірнеше жүз адам жиналып, аудан әкімінен жұмыссыздықты жоюды талап еткен.
Кейін Жетібай кенті тұрғындарының жұмыссыздыққа қарсы шарасына Мұнайшы және Құрық ауылдары да қосылған. Бұл ауылдардың жүзге тарта жұмыссыз белсенділері наурыздың 18-і күні аудан орталығы Құрыққа жиналып, облыстық билік өкілдерімен кездескен.
Жетібай – Маңғыстау облысынан оңтүстігіндегі Қарақия ауданы құрамындағы кент. Өткен ғасырдың орта шенінде мұнайшылардың вахталық поселкесі негізінде салынған Жетібайда қазір 11 мыңнан астам адам тұрады.