Атырауға «президенттің тапсырмасымен» барған лауазымды тұлғалар «әкімдік жұмысына тексеру жүргізіліп жатқанын» хабарлады. Облыстың бұрынғы әкімін қорғап хат жазғандар қателескендерін мойындады.
Мәжіліс төрағасы әрі «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллинің айтуынша, «бүгінгі аяқ асты жиынды ұйымдастыруға бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарында жарық көрген, Атырау облысының бұрынғы басшыларына қатысты мәліметтер себеп болған».
– Осы мәселелерге орай біз бүгін президент Назарбаевтың тапсырмасы бойынша толық ақпарат беріп, дұрыс түсіндіру үшін келдік. Менің ұсынысымды Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков те мақұлдады, – деді жиынды ашқан Нұрлан Нығматуллин.
ТЕКСЕРУ МЕН ЕСКЕРТУ
Жиынға қатысқан бас прокурор Асхат Дауылбаевтың айтуынша, Атырау облысында заңның сақталуына қатысты тергеу амалдарының жүргізілуіне себепкер - Атырау қаласының әкімі (2006-2009 жылдар), Атырау облысы әкімінің орынбасары (2009-2010 жылдар) болған, «өз бетімен билік етті» деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырылған Сәлімжан Нақпаевтың тамыз айында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған арызы.
– Тексеру барысы арызда көрсетілген мәліметтердің растығын анықтады. Соңғы бес жылда облыс бойынша бір ғана фирма барлық ірі құрылыс объектілері – мектептер, балабақшалар, тұрғын үйлер, автокөлік жолдары мен газ құбырларын құрылысын салу, жобалау құжаттары бойынша тендерді ұтып алған, – деген бас прокурор Асхат Дауылбаев «тендер конкурсын жиі ұтқан» бірнеше серіктестіктің атын да айтты.
Бас прокурор «осы және өзге де мәліметтерге сай 89 конкурсантқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын» жария етті.
Ол «ақпараттың жоқтығы салдарынан бұл мәселе төңірегінде ажиотаж туындап, бірқатар ақпарат құралдары түрлі мәліметтер жариялауға кіріскенін», «ондай расталмаған ақпараттардың барлығын прокурорлық тергеуге кедергі келтіру деп қабылдайтынын», «қауесет таратушыларға қатысты жаза қолданылатын» ескертті.
Атырауға келген экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасы Рашид Түсіпбеков «мемлекеттік сатып алуларды рәсімдеу заңдары бұзылғанын» айтты.
Оның сөзіне қарағанда, материалдар бағасы бірнеше мәрте қасақана көтеріліп, облыс қазынасына 6 миллиард теңгеден астам залал келтірілген.
- Оған қоса облыс әкімдігі қызметкерлері бірқатар объектілерді заңсыз сатып, мемлекетке 300 миллиард теңгеден астам залал келтірді, – деді Рашид Түсіпбеков.
«САЯСИ ҚАТЕЛІК»
Жиынға қатысқан мәжіліс депутаты Асхат Бекенов (Атыраудан сайланған) бұған дейін бірқатар ақпарат құралдарында жарық көрген, «облыс зиялылары атынан Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевты қолдап жазған» хатты сөз етті.
– Біз осындай хат жолдау арқылы саяси қателік жасағанымызды түсіндік. Бүгін облыстық мәслихат, қалалық мәслихат, жалпы қоғам атынан президент Нұрсұлтан Әбішұлы атына хат жолдап, ол бастаған саясатты толық қолдайтынымызды айттық, – деді ол.
Ал «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мейірім Қалауи ондай хатқа қатысы жоқ екенін айтты.
– Бізде мұндай шешімдер тек конференцияларда қабылданады. Мен қол қойғаным жоқ. Біз өз ісімізді тек президентпен байланыстырамыз, – деді.
Жиынға қатысқан басқа азаматтар да «қателіктерін мойындап», көбі «ондай хатқа қол қоймағандарын» айтып бас тартты.
Тамыздың 20-сы күні «құқық қорғау органдарындағы белгісіз ақпарат көзіне» сүйенген ҚазТАГ агенттігі Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ұсталғаны жөнінде ақпарат таратқан соң ақпарат құралдарында ол оқиға туралы әртүрлі дерек айтылған еді.

Облыс әкімдігі қызметкерлері бірқатар объектілерді заңсыз сатып, мемлекетке 300 миллиард теңгеден астам залал келтірді.