-Роман мырза, тағдырдың айдауымен эмиграцияға кеткеннен кейінгі алғашқы көлемді сұхбатыңызды Азаттық радиосына бергеніңізге рақмет. Сонымен не болды, былай қарасақ, сізге қатысты ешқандай қорқынышты жағдай болмаған сияқты.
- Мәселенің өзі де осында. Бір қарағанға көзге ұрып тұрған ештеңе жоқ. Банк сол банк, атауы да, маңдайшасы да өзгерген жоқ. Бөлімшелердегілер де көбінесе сол адамдар. Сырттай қарағанда банкте ешқандай өзгеріс болмаған сияқты. Иә, жаңа команда келді, басшылықта аздаған өзгерістер болды, банктің сыртқы рынокқа қатысты стратегиясының өзгеретіндігі жайында хабарланды. Ал, жалпы алғанда аса үлкен өзгеріс бола қоймаған сияқты.
Бірақ, маған ішінен барлығы көрініп тұр ғой. Бұл енді мүлдем басқа ұйым, басқа банк болатын. Бұл менің әріптестеріммен бірге бірнеше жылдар бойы құрған банк емес еді. Жаңа команданың келуімен санаулы күндердің ішінде банктің кәдуілгі мемлекеттік мекемелерден, министрліктер мен ұлттық компаниялардан еш айырмашылығы болмай қалды. Менің кетуіме де осы себеп болды.
Өзгерістерден соң екінші аптада-ақ, мен әлі төраға қызметінде отырғам, маған президент әкімшілігінен, жоғары дәрежелі шенеуніктерден жаушылар келе бастады. Біреуіне несие алу керек, біреуінің қызын қызметте екі сатыға жоғарылату керек дегендей. Мен мұндай мектепті үкіметте жүргенде өтіп қойғанмын. Сондықтан, оған қайта оралғым келмеді. Банктің мемлекеттік мекемеге айналып бара жатқандығына көзім жеткен соң, банктен кету туралы шешім қабылдадым. Мұндай жағдайда кәсіпқой мамандар үшін басқа амал қалмайды.
- Роман мырза, сіз яғни, Қазақстандағы аса ірі жекеменшік банктердің бірі - БТА банкі өзінің совет кезеңіндегі арғы атасы- «Промстройбанкке» қайта оралды демексіз бе?
- Советтік «Промстройбанкке» қайтып барды деп айтқан бола қоймас, өйткені өткенге қайту мүмкін емес. Бірақ мемлекеттік мекемелерге тән сырқаттар көрініс бере бастады. Мемлекеттік мекемелер қандай да бір мақсат үшін емес, өзін-өзі сақтау үшін жұмыс істейді. Бұл - мемлекеттік ұйымдардың басты ерекшелігі. Бірақ, сіз айтқан мәселенің де жаны бар.
Егер салымшылар өздерінің салымдарын алып кетулерін одан әрі жалғастыра берсе, ал жекеменшік корпоративті клиенттер - шағын және орта бизнес өкілдері басқа банктерге ауысып немесе несиелерін төлемей қойса, онда банктің клиенттері ретінде тек мемлекеттік ұлттық компаниялар ғана қалады. Яғни, банк нарыққа еш қатысы жоқ мемлекеттік директивалар негізінде жұмыс істейтін болады.
- Роман мырза, БТА банкі басшылығы ауысқан соң алғашқы күндерде жасаған бір мәлімдемеңізде салымшылар салымдарын жаппай ала бастады деген едіңіз. Сондай ақ, баспасөзде болған хабарларда банкке несие беруші кредиторлар міндеттемелерді мерзімнен бұрын орындау жөнінде, демек қарызды тезірек қайтару жайында талап еткен көрінеді. Яғни, банк клиенттері арасында сенімсіздік, қобалжулар болған сияқты. Бұған не себеп болды, өйткені Қазақстан үкіметі банкке көмек ретінде миллиардтаған доллар құйып жатырмыз деген жоқ па?
- Ержан, мынаған назар аударыңыз. Үкімет банкке келген кезде кез-келген бизнесті, оның ішінде банктер де бар, жүргізудің басты екі қағидасын аяққа басты.
Біріншіден, барлық іскерлік қатынастар директивамен емес, өзара келісіммен, екіншіден, өзара сенім арқылы жүзеге асады. Бұл жерде келісім принципі бұзылды. Банк басшылығымен, акционерлерімен, клиенттерімен ешкім келіскен жоқ қой. Үкімет бұлардың барлығын фактінің алдына бір ақ қойды.
Ал, келісім принципі бұзылған жерде сенім туралы айтудың өзі орынсыз. Егер бизнестегі серіктесіңізбен әлденеге келіскен болсаңыз, серіктесіңіз сізбен келіспей шешімін өзгертер болса, онда оған деген сеніміңіздің жоғалатындығына сөз жоқ. Міне осы сенім жоғалған соң жоғарыдағы процестер басталды.
Салымшылар салымдарын ала бастады, несие уақытында қайтарылмады, банкке несие беруші шетелдіктер қобалжи бастады. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің банк рейтингін төмендетуі де оған деген сенімнің азайғанынан болды. Банкке акционер ретінде мемлекеттің келуі банктің жоғары рейтингін сақтап қалуға ықпал етеді деген үміт ақталмады. Яғни, банк салымшыларының, клиенттері мен кредиторларының қауіптенуінің жаны бар болып шықты.
- БТА банктің алдағы жақын күндерге қатысты жағдайына қандай болжам айтасыз? Жалпы мұндай кезеңде болжам туралы сұрау да ыңғайсыз. Дегенмен банктен салымдардың алынуы жалғаса береді деген сөз бар. Қалай ойлайсыз, бұл банктің инвестициялар портфелінің сапасына әсер ете ме?
- Салымдар да алынып жатыр, инвестициялар портфелінің сапасы да нашарлады. Яғни, банкке сырттан ақша түсіп жатқан жоқ. Мұндай жағдайда банктің сыртқы қарыздарын өтеу үшін тек үкімет тарапынан берілетін көмекке ғана ауыз ашуға тура келеді. Алдыңғы екі тараптан ақша түспегендіктен, үкіметке түсер салмақ үш есе артады. Демек, банкке үкімет тарапынан берілер көмек күн санап емес, сағат санап арта түседі.
Бұның ақыры мына жағдайға әкеледі. Я банкке көмек бере берген соң мемлекет қазынасының түбі көріне бастайды, болмаса президенттің төзімі таусылып, ел президенті банкке көмек беруді тоқтату жайында нұсқау береді. Сөйтіп бұл шешімді қабылдаған шенеуніктерге қатысты қандай саяси салдар боларына қарамастан, екі жағдайда да банк консервацияға қойылады.
- Яғни, мемлекет банкті ұстап тұру үшін көмектесе берер болса, онда әңгіме екі миллиард емес ондаған миллиард доллар туралы болуы мүмкін бе? Бір сөзіңізде банк активтері 26 миллиард доллардан астам деген едіңіз.
- Банкке үкімет келерден бұрын біз мемлекеттен көмек ретінде 200 миллион доллар шамасында қысқа мерзімді несие мен 200 миллион доллар көлемінде несие желісін сұраған едік. Және несие желісін пайдалануымыз да, пайдаланбауымыз да мүмкін еді. Барлығы 400 миллион доллар. Үкімет банкке келе салып, алдымен 1 миллиард 700 миллион доллар құйды. Бұның бір миллиард доллары алғашқы аптада, қалған 700 миллион доллары кейінгі екі аптада тарап кетті.
- Тарап кетті дегенді қалай түсінуге болады?
- Тарап кетті дегеніміз, салымшылар ақшасын алды, клиенттер алды және кей жағдайларда шетелдік кредиторлар да қаржысын қайтарып алды.
- Роман мырза, осы жерде мынадай бір парадокс туындайды. БТА банктің бұрынғы басшыларының бірі Мұхтар Әблязов мырза біз үкіметтен ешқандай миллиардтаған долларлық көмек сұраған жоқпыз, қайта бізге алыңдар деп тықпалап жатыр деген еді.
- Иә, бұл рас, біз ешқандай көмек сұраған жоқпыз. Қателеспесем өткен жылдың 25 қазанында үкімет елдегі ең ірі төрт банктің басшылығын Астанаға шақырып алып, Үкіметтің аталған төрт банктің капиталына кіретіндігін ультимативті түрде мәлімдеді.
Бұған көнбеген банктерге үкімет тарапынан ешқандай көмек берілмейтінін, ұлттық компаниялардың депозиттері шығарылып әкетілетінін айтты. Яғни, көнсеңдер осы, көнбесеңдер үкіметтің де, ұлттық банктің де көмегінен дәмеленбеңдер деді.
Екіншіден, үкімет банктің 25 пайыздық акциясын алмақ болғанда, үкіметпен өзара түсіністік туралы меморандумға біз алғашқылардың бірі болып қол қойған едік. Онда да үкіметтен миллиардтаған доллар сұраған жоқпыз. Әлгінде айтқанымдай, ақпан айына бір ай мерзімге 400 миллион доллар сұрағанбыз.
Алайда, үкімет банкке кіре салып, бағаны 1 миллиард 700 миллион долларға көтерді. Таксиге отырсаң, отырғаның үшін есептеуіш автоматты түрде белгілі бір соманы есептейді ғой. Сол сияқты. Бұдан әрі бұл сома көбеюде. Менің білуімше қазіргі уақытта бұл сома 3 миллиард долларға жақындап қалғандай. Бұдан әрі осылай кете берсе, маусым айына қарай екі есеге көбеюі мүмкін.
- Бұл әрекетке басқа акционерлер тарапынан қарсылықтар болды ма? Өйткені, үкімет банкке миллиардтаған қаржы құяр болса, олардың акцияларының үлесі азаяды емес пе?
- Әлгінде айтқанымдай, ешқандай акционерлермен ешкім кеңескен жоқ. Еуропа қайта құру және даму банкімен де, басқа да шетелдік акционерлермен де ешкім ақылдасқан жоқ. Үкімет өзінің банкке келетіндігі, банкті сатып алатындығы жөнінде мәлімдеп, барлық акционерлерді бірден фактінің алдына қойды.
- Роман мырза, Қаржылық қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова БТА банкінің басшылығы дағдарыс жағдайында банкті дұрыс басқара алмағандықтан, үкімет жедел түрде көмекке келуге мәжбүр болды деген еді. Оның айтуынша, БТА банк басшылығы миллиардтаған доллар қаржыны Ресейдегі күмәнді жобаларға салған-мыс, банк қызметі жайында дұрыс мәлімет бермеген. Кейін тексеру барысында осы қателіктер анықталған соң, үкімет жедел түрде банкті құтқаруға мәжбүр болды деген еді.
- Біздің тарапымыздан бізді құтқарыңыздар деген өтініш болған жоқ. Мысалы Альянс-Банктің жағдайына келсек. Альянс-Банк акциялардың бақылау пакетін бар болғаны 100 теңгеге сатып алу жайында үкіметке өзі өтініш білдірді. Бірақ, қазіргі кезде Альянс-Банктің басындағы жағдай да БТА банктікіндей.
Егер біз де Альянс-Банк сияқты үкіметтің алдына көмек сұрап барсақ, банкті басқара алмай жатырмыз, кінәліміз, біздің акцияларымызды алыңыздар десек, Елена Леонидовнаның айтқанымен келісуге болар еді. Бірақ олай болған жоқ қой. Енді үкімет банкке құйған осынша ақшаны банктің бұрынғы басшылығы жіберген қателіктерден болды деп айтары сөзсіз. Бұған дәлел банктің бұрынғы басшылары Әблязов пен Жарымбетовке қатысты қозғалып жатқан қылмыстық істер. Қазіргі кезде банкте жұмыс істеп жатқан күш құрылымдарының бағыты да осыны көрсетеді. Яғни, үкімет банкке жәрдем беруге шамасы келмей қалғанда белсенді түрде кінәлілерді іздей бастайды.
- Республика бас прокурорының орынбасары Рахымбек Мамырбаев БТА банкі басшылары тарапынан жалған кәсіпорындарға күрделі схемалар арқылы несиелер беру жолымен банктің қаржысын жымқыру әрекеттері орын алған деп мәлімдеді. Оның ішінде Мұхтар Әблязов пен сіздің бұрынғы бірінші орынбасарыңыз Жақсылық Жарымбетовтердің аттары аталды.
- Коммерциялық банк басшыларын күрделі схемалар арқылы несие бергені үшін прокуратура ғана айыптай алады. Әйтпесе, банк күрделі схемалар арқылы несие бермегенде басқа немен айналысады? Егер бұл әрекет қылмыстық іс қозғауға негіз болса, онда прокуратурамен айтысудың өзі қиындау.
Мен өз тарапымнан да, басқа банк басшылары тарапынан да қылмыстық қудалауға негіз болатын кінәні көріп тұрған жоқпын. Бірақ, өкінішке қарай, біздің елімізде кінәні емес, кінәлілерді іздейді емес пе?! Кезінде президент те «бұл елде кез-келгенді отырғыза аламын» деп айтқан жоқ па? Сонымен бірге елімізде қажет болса, кез-келген кінәлі адамды кінәсіз қылып шығара салатынын да білемін. Яғни, біздің құқық органдарының жұмысына қарасақ, белгілі іске қатысты шешімдер обьективті түрде ол адамның кінәсіне емес, саяси тапсырысқа байланысты шешіледі.
- Назарбаев сол әйгілі сөзінде кез келген топ-менеджерді қолынан жетектеп сотқа апара аламын деген. Ал ол адамның тағдырын биліктен тәуелсіз сот шешеді дегендей.
- Мұндай мәлімдемеден соң соттың әділ боларына үміттену әркімнің өз еркінде. Егер сені сотқа ел президенті қолыңнан жетелеп келсе, соттан қандай шешім күтуге болады? Бұл жайында пікір таластыра беруге болар. Бірақ, президент оны кез-келген уақытта қолынан жетелеп сотқа апара алатын болса, мұндай жағдайда қаншалықты қауіпсіздікте сезінетіндігін әркім өзі шешуі тиіс деп ойлаймын.
— Роман мырза, БТА банкінде талан-тараж болған деген айыптау бір Бас прокуратура тарапынан ғана естіліп жатқан жоқ, Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бірнеше рет банкте, атап айтқанда БТА-Москвада сезік тудыратын капитал қозғалысының схемалары болды деген мәлімдеме жасады. Ол бұл туралы елдегі ірі республикалық телеарна “Хабарға” берген сұхбатында айтты. Онда айтқаны — Әблязов басқарған БТА-Москва банкінде 600 миллион доллар сомасында әлдебір күдікті төлемдер жалған жүк декларациясы бойынша атқарылған және жүздеген миллиондардың ізі әлдебір офшорлы алаңдарда ғайып болады.
— Бұл енді, түсінікті, кінәлі адамды іздеу барысында барлық амалдар қолданылады ғой. Несие беру жүйелерін де, капитал орнықтыру жүйесін де күдікті схемаға жатқызуға болады және банк басшылығын несиелерің өте күрделі болды деп айыптауға болады. Бәрібір сол күйі дәлелденбеген әлгі екі жүк машинасына тиелген құжаттардың шығарылғаны жөнінде Марченкомен әңгіме болған арамызда. Біз сол күйі таспаны да, ондағы жүк көліктерінің номерін де көрмедік.
Тура сол сияқты жалған кеден декларациясын да ешкім көре алмады, ол құжаттар пайдаланылды деген дерек Ресей тарапынан да дәлелденген жоқ. Менің айтқанымдай, бізде шындық, бейтараптылық дегендер негізгі басымдылық емес қой, сондықтан әлі де сол тектес мәлімдемелер бола береді, әрі мына сұхбаттан кейін менің атыма да айтылатынына сенімдімін. Бұл деген заңдылық қой.
—Роман мырза, әңгімеңіздің басында маған кетуден басқа жол қалмады, Қазақстан жағдайында топ-менеджерге басқа амал қалдырмады дедіңіз. Ал, сізге апелляциялық сатыда әрекет етуіңізге мүмкіндік беретін өзге институттар ше? Мәселен, Банктер ассоциациясы, не қандай да бір оппозициялық партиялар, немесе парламент дегендей.
— Ержан, мен бәлкім елдің саяси өмірінен бейхабар шығармын, бірақ маған сондай бір мысал айта аласыз ба, өзінің тиімділігін көрсеткен?
— Жуырда ғана біздің Азаттық радиосының редакциясына діни ағымдағы қазақ босқындары жүгінді. 2006 жылы, одан бұрынырақта да Қазақстаннан Чехияға қашқан жүздеген адам саяси босқын мәртебесін ала алмауда. Чехия үкіметі, соттары Қазақстан заңнамаларының барлық мүмкіндіктерін пайдаланған жоқсыңдар деген негізбен оларға саяси мәртебе бермей отыр. Яғни, соттарға, немесе әйтеуір бір инстанцияларға талап қоймаған дегендей.
— Менің мәселем басқаша ғой, мен саяси баспана сұрап жүрген жоқпын. Менің ел ішіндегі заңнаманың мүмкіндіктерін толық пайдаланып көргенімді дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Мен діни босқын емеспін.
— Дәл қазір сізге батысеуропалық елдердің бірінде бас сауғалауға тура келіп тұр ғой.
— Өз басым мұны бас сауғалау демес едім. Өйткені ешбір қайғылы оқиғалар болған жоқ, мені ешкім аутокөліктің жүк салатын орнына тиеп, түнделетіп шекарадан асырған жоқ. Мен кететінім туралы арызымды жазып, кабинетімнен шығып жүре бердім.
— Сіздің бизнес-серіктесіңіз Мұхтар Әблязовтың мәлімдеуінше оның артынша жақын туыстары да қуғынға ұшырап, бірі қалмай, бәрі Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. Сіз өзіңізге қарсы немесе жақын-жұраттарыңызға қарсы қандай да бір қауіп-қатерді сезесіз бе?
— Мен жеке өзім шештім де отбасыммен бірге кетуді жөн көрдім. Бұл — өз таңдауым.
— Сіздің бұрынғы орынбасарыңыз Жақсылық Жарымбетовке де Қазақстаннан кетуге тура келді ғой.
— Иә, оны естідім.
—Дегенмен де, БТА банкі атына кейбір сарапшылар мен елдің ресми тұлғалары тарапынан сын айтылып жатыр. Тіпті, президент Назарбаевтың өзі Алматыда өткен Шетелдік инвесторлар форумында Мұхтар Әблязовқа стратегиялық қателер жасадың деп мін тақты. Шынында да қалайша саяси ахуалы қиын Грузия мен экономикалық дағдарыс қатты сезіліп жатқан Ресейдегі соншалықты тәуекелділігі жоғары жобаларға миллиардтаған қаржы салынды?
— Әрине, біткен іске сыншы көп. Егер бәріміз істің бітуін күтіп тұратын болсақ, онда ешкім қателеспес еді. Әрбір ұйымда менеджмент бар, оны бәрі де жаңартуға, дамытуға тырысады. Арман-мақсаты жоқ ұйым жетістікке жете алмайды. Сол сияқты біздің арманымыз ТМД елдеріндегі алғашқы халықаралық банкті жасап шығару еді. Алғашқы жеке халықаралық банк болу еді.
ТМД бойынша банк жүйесі анағұрлым озық елде отырған біз банк нарығындағы жағдайды дұрыс бағалай отырып, алдымен жақын жатқан ТМД елдерінен бастамақ болдық. Ал, соңыра бұл шеңберден де арыға асып, Түркия, Қытай, Еуропа, тағы басқа да елдерге көз тіге бастадық. Біз осы стратегиямен қимылдадық. Бұл стратегия болмаса, осы арманымыз болмаса, банк басқа кейіпте болатын еді, ол жерде өзгеше адамдар жұмыс істейтін еді.
Алдыға үлкен арман-мақсат қоймай, бекітілген ережемен ғана жүретін болсаңыз, мәселен жақсы бір нотариалдық контора ашып, бес-алты адам тәп-тәуір жұмыс істеп отыра беруге болатын шығар. Ал, БТА секілді үлкен ауқымдағы ұйым үшін қатып қалған ережелермен, былайша айтқанда ағыммен жүру — құрдымға кету деген сөз. Біздің бар айыбымыз — жетістікке жетуді көксеп, алдымызға қойған мақсатымызға ұмтылғанымыз ғана. Әрине, шындықтан жалтармау керек, әлемдік банк жүйесінен гөрі бізге дағдарыс бір жыл ертерек жетті. Сондай жағдайда да біршама уақыт өмір сүрдік.
— Енді жекеден жалпыға ауыссақ. Кеше ғана Қазақстанның банктік жүйесін мақтап жатты. Батыс басылымдары бұл постсоветтік кеңістіктегі ең тәуір жүйе деп жарыса жазды.
-Ол солай болды да.
-Ал, қазір керісінше, болашағына күмәнмен қарауда. Қазақстанның банктік жүйесі опырылып түсудің алдында, сыртқы қарыз баяғыда 40 миллиард доллардан асып кетті, бұл тағы 2008 жылғы есеп бойынша, енді негізгі төлемдерді өтейтін де уақыт келіп жетті. Сондықтан Қазақстанның тұтас банк жүйесінің төлем қабілетіне күмән келтіруде.
— 40 миллиард деген соншалықты қорқынышты сан емес. Себебі олардың бәрі бірден төленуге тиіс ақшалар емес, көбісі 10 жылдық уақытта төленіп бітуге тиіс қарыздар. Банктік жүйе мен экономиканың ауқымына шаққанда бұл әбден лайықты сан. Мәселе мынада, Альянс банкті, БТА банкін өз басқаруына алған үкімет банктік жүйенің жартысына жуық бөлігін кесіп алып жансыз қалдырды. Жүйенің үкіметке қараған бөлігі жұмыс істеуде, ал қалған бөлігі өмір сүріп кете ала ма, мәселе сонда. Тірі болсақ, көрерміз.
— Не дегенмен, үкіметтің сол қимыл-қарекетіне деген наразылық тек БТА банк тарапынан ғана байқалуда. Ал, Альянс банк басшылығы саяси наразылық білдірмеді. Саясаттанушылар да, басқалар да дағдарыстың себебін Мұхтар Әблязов пен мемлекет басшысы немесе оның айналасындағы жақын адамдар арасындағы саяси кереғарлықтан көреді.
— Мен саяси тұжырымдарға түсінік беруден аулақпын. Тек бір айтарым, Альянс банктің наразылық білдірмейтін себебі — ол өзі үкіметке барып, менің акцияларымды алшы, тек әйтеуір банкті құтқарсаң болды деп өтінді. Ал, БТА банкке үкімет өзі баса-көктеп кіріп алды. Марғұлан Сейсембаев пен Мұхтар Әблязовтың мәлімдемелерінің айырмашылығы көп, оған таңқалуға болмайды.
— Роман мырза, сұхбатымыздың соңында оқырмандарымыздың қызығушылығын да ескермей кете алмаймыз. Сіз біздің Азаттық радиосының аудиториясы үшін танымал адамсыз. Өйткені біз өткен жылы ипотека алғандардың әлеуметтік митингілерін қамтығанбыз. Сол уақытта сіз банк басқармасының төрағасы ретінде митинг белсенділерін қабылдадыңыз әрі олардың талабын орындаудан бас тарттыңыз. Сіз ипотекалық несие төлей алмайтын клиенттерге банк ешқандай көмек қолын соза алмайтынын айттыңыз. Ипотекалық несиені төлей алмайтын БТА банк клиенттерінің тағдыры не болмақ, енді қазір оларға нендей кеңес берер едіңіз?
— Егер әмбебап жауабым болса мен әлемдік тарихқа енер едім. Бірақ, өкінішке қарай ондай жауап өмірде болмайды. Менің жауапкершілігімде депозиттік ақшаларын сақтап отырған адамдарға мен банкке үкімет кіргенде ақшаларын қайтарып алып, қолда ұстауға кеңес бергенмін. Ал, әлгі жағдайда мен банк төрағасы ретінде ондай жария мәлімдеме жасай алмаған едім.
Қазір әркім өз басымен, әр клиент өз жағдайына қарай шешім қабылдауы тиіс. Бәріне бірдей жарамды кеңес айта алмаймын, әрине. Мен жалпы жағдайды суреттеп берген соң әркім өз жауапкершілігімен шешім қабылдауы тиіс.
— Әңгіме жүздеген, тіпті мыңдаған адамдар туралы болып тұр. Олардың банкте депозитте сақтап отырған ақшалары жоқ, керісінше олар банкке төлеуге міндетті жандар. Банк алдындағы қарызын төлей алман соң, банктер олардың тіпті меншігіне де өтіп болмаған пәтерлерін сотсыз-ақ тартып алып жатыр.
— Қазір сондай күй кешіп отырған адамдарға арналған мемлекеттік бағдарлама іске қосылды емес пе? Бағдарлама бойынша ипотекалық шартта 120 шаршы метрге дейінгі мөлшерде жалғыз баспанасы болып тұрған әлеуметтік осал салымшыларға көмек қаражат бөлінді. Ал, барлық салымшыларды бірдей құтқару мүмкіндігі жайында мен ештеңе айта алмаймын, өйткені бұл мүмкін емес.
— Әңгімеңізге көп рахмет, Солодченко мырза.