Қазақстан 2013 жылғы қаңтардың 1-інен бастап салық төлеудің жаңа тәртібіне көшпек. Бұған дейін бір реттік талон алып, базарда сауда жасап жүрген 133 мың адам енді жеке кәсіпкерге айналады.
Жеке кәсіпкер атану үшін Қазақстанның азаматы болу шарт. Салық органдары «осылайша базардағылардың қызметін заңдастырамыз» десе, базарда жүрген мигранттар бұл бастамаға наразы.
«ОЛ ЕШКІМ ЕМЕС – ЕНДІ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР БОЛАДЫ»
Алматы қаласы Алатау аудандық салық басқармасының жетекшісі Асқар Қабышевтың айтуынша, бұл өзгеріс салық кодексі мен «Жеке кәсіпкер туралы» заңға енген өзгерістің негізінде жасалмақ.
– 2013 жылғы қаңтардың 1-інен бастап елде бір реттік талон режимі жойылады. Яғни жаңа жылдан бастап кәсіпкерлікті үш режим бойынша – патент арқылы, жеңілдетілген декларация және жалпыға белгіленген тәртіп бойынша салық төлеу мен есептеу тәртібі (бухгалтерлік есеп) арқылы жүзеге асыруға болады. Саудагерлер үшін салық ставкалары минималды – 2-3 пайыз болатындығын атап өту керек, – деді салық басқармасының жетекшісі Асқар Қабышев Азаттық тілшісіне.
Жеке кәсіпкер болып тіркелу үшін кәсіпкерлікпен айналысатын азаматта Қазақстан құжаты болуы керек. Қазақстанда тұруға рұқсаты болса, Ресей, Қырғызстан және Беларусь азаматтары да жеке кәсіпкер болуға рұқсат ала алады.
– Ал өзге шет елдің кез келген азаматтарына Қазақстанда шағын кәсіпкерлікпен айналысып, сауда жасауға тыйым салынады. Ол тек жеке кәсіпкер болып тіркелген Қазақстан азаматының қол астына жұмысқа алынуы мүмкін. Алайда бұл жағдайда жеке кәсіпкер жұмыскерлері үшін салық төлеуі тиіс, – деді Асқар Қабышев.
Алматы қаласы Алатау аудандық салық басқармасының жетекшісі «бұл өзгеріс базарда тұрғандардың қызметін заңдастыруды көздейтінін» айтады.
– Адам 15-20 жыл бойы базарда саудамен айналысады. Ол тіркеуге алынбаған, ол ешкім емес былайша айтқанда. Ол салық төлемейді, зейнетақы қорына ақша бөлмейді, несие ала алмайды. Қолында ешқандай құжаты жоқ. Ал мемлекеттік тіркеуден өтіп, жеке кәсіпкер болып тіркелсе, мұның барлығына жол ашылады, – дейді Асқар Қабышев.
«МИГРАНТТАРДЫҢ ТАБЫСЫНАН БЕЙХАБАРМЫЗ»
Жаңа жылда басталатын өзгеріс негізінен Қазақстанға келіп жатқан еңбек мигранттарына әсер етеді. Себебі Қазақстан – ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі мигранттар көптеп келетін екінші мемлекет.
Алматы қаласы көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Алтаевтың мәліметінше, Алматыға биыл 9 айда 146 мыңнан аса мигрант келген.
– Олардың барлығы дерлік мұнда еңбек етуге келеді. Алайда миграциялық карталарында өзге себепті көрсетеді. Сондықтан олардың қайда жұмыс істеп, қанша табыс тауып жатқанынан бейхабармыз, – дейді ол.
Тәжікстан азаматы Туйчи Каримовтың Алматыдағы «Барахолка» базарында жұмыс істеп жүргеніне 10 жылдан асыпты. Қазақстанға 15 жыл бұрын келген азамат мұнда аяқ-киім сатады. Келер жылғы өзгеріс екі баласы бар азаматқа уайым болды.
– Біз көбіне тауарды қарызға алып, оны өткізген соң ақшасын береміз. Арасында түсетін табысқа күн көреміз. Менде, мәселен, қазір 4 миллион теңгенің тауары тұр. Енді мына өзгерістермен мен оны сатып үлгере алмайтыным анық. Иесіне тауарын қайтарып берейін десем, ол ақша сұрап жатыр, – деді саудагер Азаттық тілшісіне.
Оның сөзінше, базардағы саудагерлер күнделікті табыстың азғантай мөлшерін ғана өздері алады – «қалғаны тауар иесіне, базар басшылығына, жалға алған орынға, кейде тексеріспен келгендерге таратылады».
– Алдағы өзгеріс туралы енді ғана естіп-біліп жатырмыз. Менің бірқатар таныстарым Ресейге не Тәжікстанға кетуді жоспарлап отыр. Мен Қазақстанда әлі үй сатып алған жоқпын, бірақ отбасыммен пәтер жалдап тұрамын. Онда азын-аулақ мүлігім бар. Оны көшіру оңғай соқпайды, сондықтан отбасымды ғана алып, қалғанын тастап кетуіме тура келеді, – дейді Туйчи Каримов.
«ТИІМДІ ДЕ ТИІМСІЗ ӨЗГЕРІС»
Алматыдағы «Адем» базарында бірнеше жылдан бері сауда жасап жүрген Мәншүк Ибрагимованың айтуынша, «бұл өзгеріс – сатушыларды қысып, салықты көбейтудің амалы».
– Жеке кәсіпкерге бұл тиімсіз, себебі әрбір қызметкерге айлығына қоса салық төлеп, зейнетақы қорына ақша төлеуі тиіс. Жалпы бұл коммерсанттардың салықты көп төлеуі үшін жасалып отыр, – дейді саудагер азамат.
Бірақ, оның ойынша, «бұл өзгерістің жағымды жақтары да болады».
– Бір жағынан бұл тауардың сапасына жағымды әсер етеді. Анда-мында неше түрлі заттар сатылмайтын болады, сапалы, бренд киімдер көбейіп, оған тиісті чек беріледі. Егер киімнің сапасы сыр берсе, сатып алушы чегін әкеліп, ақшасын қайтарып алуына болады. Сондай-ақ, сатушыларға да тиімді, олардың қызметі де заңдастырылады, – дейді Мәншүк Ибрагимова.

Ол салық төлемейді, зейнетақы қорына ақша бөлмейді, несие ала алмайды. Қолында ешқандай құжаты жоқ.