«Базар шығынын өтеуге өз еркіммен ақша бердім» деп арыз жазуға мәжбүр болған мұғалімдер «бұл тапсырманың алдында директор да қауқарсыз» екенін айтады.
Шымкент қаласындағы № 64 мектептің мұғалімі Сағира Нұрбекова өткен аптада жиналыс болып, мұғалімдерді өртеніп кеткен «Бекжан» базарының шығынын өтеу үшін бір күндік жалақыларын қайырымдылық қорына аудару туралы міндеттегенін айтады. Оның айтуынша, бұған мұғалімдердің барлығы қарсы болған.
– «Бір күндік жалақыларыңды аударасыңдар және «өз еркіммен аудардым» деген өтініш болу керек» деді. Сосын екі күн демалыс беріледі деді. Бірақ мұғалімдер қарсылық білдірді. Кейіннен бұл мәселенің әкімшілікте шешіліп қойғаны белгілі болды. Қала әкімінің бұйрығы дегеннен кейін кейбір мұғалімдер өтініштерін жазып беріп жатты, – дейді мұғалім Сағира Нұрбекова.
«КІМ КІНӘЛІ? МҰҒАЛІМ!»
Шымкенттегі № 48 мектептің мұғалімі Данагүл Алтынбекқызы (есімі өзгертілді) да басшылықтан «ақша жинау туралы бұйрық түскенін, оған барлығы қарсы болғанын» айтты.
– Нақты қай күн екені есімде жоқ, әйтеуір өткен аптада жиналған кезде айтты. Бәріміз шуладық. Директорға кіріп едік, «мен де сендерді түсініп отырмын – бірақ бұл әкімнің тапсырмасы» деді. «Әкімнің тапсырмасы» дегеннен кейін бір жағынан директорды да жерге қаратқымыз келмейді. Бұл жерде директорды да, оқу ісінің меңгерушісін де кінәлай алмайсың. Оларға да жоғары жақтан нұсқау береді. Орындамаса, «неге орындата алмайсың бұйрықты» деп жұмыстан шығарып жібереді. «Балық басынан шіриді» деген осы, – дейді Данагүл Алтынбекқызы.
30 жылдық стажының арқасында 70 мың теңге көлемінде жалақы алатын Данагүл Алтынбекқызы мектепте 25-30 мың теңге алатын жас мұғалімдер бар екенін де айтты.
– Қарап тұрсаң, мұғалімнің жағдайын ешкім ойламайды. Кім кінәлі? Мұғалім! Ата-ананың алдында да мұғалім – кінәлі. Оқушының алдында да мұғалім – кінәлі. Көше тазалайтын да – мұғалім. Біз неге кәсіпкерлердің шығынын төлеуге міндеттіміз? – деді Данагүл Алтынбекқызы.
«МҰҒАЛІМДЕР ӨЗ ЕРІКТЕРІМЕН АҚША БЕРІП ЖАТЫР»
Шымкенттік мұғалімдердің тәуелсіз кәсіподағының дерегінше, қазір бұл шараға наразы мұғалімдер өте көп. Өткен аптадан бері олар кәсіподаққа құқықтары бұзылып жатқанын айтып, ауызша шағымданған.
Бұл оқиғаға байланысты Шымкент қалалық әкімдігінен жауап ала алмадық.
Ал жергілікті білім басқармасы «Бекжан» базары үшін құрылған қайырымдылық қорына мұғалімдердің «өз еріктерімен ақша аударып жатқанын», «күштеу не мәжбүрлеу болмағанын» айтты.
– Негізі, мұғалімдер өз еріктерімен ақша беріп жатыр. Ешкімді күштеп жатқан жоқпыз. Бірақ бұл мәселеге қатысты ресми жауапты басқарма бастығы Жанат Арысбекқызы береді, – деді Шымкент қалалық білім басқармасының өкілі Жанат Дарханбайқызы.
Білім басқармасының бастығына хабарласқанымызда, хатшы қыз оның «жиналыста отырғанын» айтты.
Жергілікті «Отырар» телеарнасының жазуынша, «Бекжан» базарында мүліктері өртенген сатушылары әлі күнге дейін мемлекеттен өтемақы ала алмай отыр, Шымкент тұрғындарының есебінен жиылған қайырымдылық қорына түскен 112 миллион теңге 600 саудагерге таратылып берілген. Ал базар маңын күзеткен өзге саудагерлердің шыдамдары таусыла бастаған».
Тамыз айының басында Шымкенттегі үлкен сауда орындарының бірі «Бекжан» базары өртеніп кеткен еді. Базар басшысы заттары өртенген саудагерлерге екі-үш айдың көлемінде шығынын өтеп беретінін айтқан, ал жергілікті билік оларға басқа базардан орын алып беруге уәде еткен.