29 қарашада Астанада «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдығына арналған форум басталды. Форумға келген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағдарламаның 10 мыңыншы стипендиантына куәлік табыстады.
– «Болашақ» білім жүйесінің локомотивіне айналды. Бір жағынан экономикалық-әлеуметтік кеңістікте әлемдік технология трансферті магистралі қалыптасты, екінші жағынан біздің «болашақтықтар» арқылы әлем Қазақстан туралы, оның халқы, салт-дәстүрі, әлеуеті, мүмкіндіктері жайында көбірек біле түсті, – дейді Қазақстан президенті.
Қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемдегі ең үздік 200 университеттің бірінде білім алады. 1993 жылдан бері шетелде бакалаврлар оқытқан «Болашақ» бағдарламасы 2011 жылы мұны тоқтатып, магистр мен PhD курсын оқуы тиіс жастарды ғана жібере бастаған.
Жастардың «сәтті мансап пен өзін-өзі кәсіби жетілдіру кепілі» ретінде сипатталған бұл бағдарлама 20 жылдың ішінде біраз дауға да себеп болды.
Инфографика: «Болашақ» жайлы үш дерек