«Ар. Рух. Хақ» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина 14 жылдан бері «бейбіт шерулерге шыққаны үшін 1 миллион теңгеге жуық айыппұл» төлегенін айтады.
– Бізде түкке тұрғысыз бейбіт шеру үшін 500 доллардан аса айыппұл қарастырылған. Өткен жылдың өзінде ғана 400 мың теңгеден аса қаржы төлеппін. Екі рет 15 тәулік әкімшілік жазаға тартылып, арнайы мекемеде қамауда отырдым, – дейді Бақытжан Төреғожина.
Митингілерде көтеретін мәселелерінің бір де бірі шешімін тапқан жоқ деп налыған белсенді билікке ғана емес азаматтық қоғамға да наразы.
– Екінші рет 15 тәулікке қамалған кезімде тек өзімнің жақындарым іздеп келіп қолдады. Ал азаматтық қоғам үнсіз қалды. Мен жеке басымның емес, көпшілікке ортақ – бейбіт шеру, сайлау, Жаңаөзендегі қырғын сияқты мәселелерді көтеріп, шерулер ұйымдастырып, сол үшін жазаға тартылдым, – дейді Бақытжан Төреғожина.
Азаматтық белсенді қазір «нәтижесіз шерулерден гөрі денсаулығым мен ақшам артық» деген ойға келгенін айтады.
«ШЕРУДІҢ 85 ПАЙЫЗЫ РҰҚСАТСЫЗ ӨТКЕН»
Қазақстанда соңғы кездері азаматтық белсенділік баяулап кеткенін адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросы да растады. Ұйым 2012 жылдың қазаны мен 2013 жылдың қыркүйегі аралығында Қазақстанның сегіз ірі қаласында зерттеу жүргізіп, «соңғы бір жылда азаматтық белсенділік 30 пайызға кеміген» деген қорытындыға келді.
Өткен бір жылда 119 бейбіт шеру тіркелген. Олардың 74-і – әлеуметтік-экономикалық, 45-і – экологиялық және құқықтық шара болған. Саяси шара мүлдем өтпеген. Бейбіт шерулердің 85 пайызы жергілікті биліктің рұқсатынсыз өткен. Алты шеруді полиция тоқтатып, шараға қатысушыларды әкімшілік жазаға тартқан.
2012 жылы шерулер аз өткізілген қалалар – Өскемен, Павлодар және Шымкент. Саяси оппозицияның орталағы саналатын Алматының азаматтық белсенділігі 17 пайызға азайған.
Зерттеуге сәйкес, керісінше, Астана қаласының ғана азаматтық белсенділігі 35 пайызға өскен болып шығады. Бірақ, бір ескеретін жайт – Астанада тек қарапайым тұрғындар мен құқық қорғаушылар емес, «Жас отан» секілді билікке қарасты ұйымдардың да өткізетін жиындары есепке алынған.
«ДІНИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮШТЕН БІРІ ЖАБЫЛДЫ»
Қазақстандағы азаматтардың белсенділігі мен құқығы мәселесі желтоқсанның 10-ы күні Адам құқықтарының халықаралық күнінде өткен жиында да сөз болды. Құқық қорғаушылар елде оппозиция өкілдері қуғындалғанын, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары жабылғанын, дін бостандығы мәселесі нашарлағанын санамалап шықты.
– «Діни бірлестіктер туралы» жаңа заңның қабылдануы көптеген дәстүрлі емес діни конфессиялардың әрекет етуін қиындатып жіберді. Осыған байланысты олардың үштен бірі заңды іс-әрекеттерін тоқтатуға мәжбүр болды, – дейді Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюроның директоры Роза Ақылбекова.
Сөз бостандығын бақылайтын «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калееваның сөзінше, Қазақстанда сөз бостандығының жағдайы да нашар қалпында тұр.
– Біздегі сөз бостандығы мен журналистиканың басына қара түнек болып орнаған үш бірдей заң – қылмыстық, азаматтық және процессуалдық кодекстер. Қазір қылмыстық кодекстің «Ғайбаттау» және «Араздық тудыру» баптарына өзгертулер мен толықтырулар еніп, журналистер мен сөз бостандығы жазасы одан әрі қатайып жатыр, – дейді Тамара Калеева.
Елде 2013 жылы азаптауға қатысты арыз-шағымдар да азаймаған. Қазақстандағы азаптауға қарсы коалиция өкілі Татьяна Чернобильдің сөзінше, биыл ол ұйымға азаптауға қатысты 300-дей аса арыз-шағым түскен.
– Арыздардың көпшілігі түрмеден келіп жатыр. Алайда олардың тек бірлі-жарымына ғана байланысты қылмыстық іс қозғалып, «Азаптау» бабына сәйкес жаза қолданылған, – дейді коалиция өкілі.
Құқық қорғаушылар Қазақстан билігі 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының ширегін ғана жүзеге асырғанын айтады.

Алматының азаматтық белсенділігі 17 пайызға азайған.