«Мұсылмандар пәктігі» фильмі экстремистік фильм деп танылып, оны Қазақстан аумағында таратуға және көрсетуге тыйым салынды. Бұл шешімді Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты шығарды.
Сот сараптамасының орталық институтының бас сарапшысы Роза Акбарова сотта «Мұсылмандар пәктігі» фильмінің материалдары мұсылман дініне жағымсыз сипаттама береді деп мәлімдеді.
– Біз зерттеген материалдарда Мұхаммед пайғамбар исламның жалпыға мәлім тарихи деректеріне қарама-қайшы, «жаратылысынан қаскөй, кесірлі, бейәдеп қатынасқа түскен адам» ретінде бейнеленген, – деді Роза Акбарова.
Оның айтуынша, Мұхаммед пайғамбар фильмде "ашкөз сараң, өзіне өзі қол жұмсауға бейім, надан, қоғамда қалыптасқан мінез-құлық нормаларын сақтамайтын, балаларға қатысты жыныстық тұрғыда қылмыс жасаған, бас пайдасы үшін адам өлтіруге дайын адам ретінде көрсетілген".
Роза Акбарованың пікіріне қарағанда, фильмнің мағынасы діншілдердің сезімін қорлауға бағытталған. Бұл іс фильмді түсірушілер мен басқа дін өкілдеріне қарсы әрекет жасауға түрткі болып, діни экстремизмнің белгісі көрінген.
«YOUTUBE ФИЛЬМДІ АЛЫП ТАСТАЙДЫ»
Қазақстан аумағындағы байланыс саласын қадағалайтын көлік және коммуникация министрлігінің өкілі сот шешімі шыққан бетте YouTube компаниясы бұл бейнефильмді хостингтен алып тастауға әзір екенін хабарлады.
– Бүкіл YouTube жабылмайды, тек осы роликке сілтеме ғана жабылады. Бұл шешім байланыс операторларына жіберіледі, олар сот шешімін талапқа сай орындайды. «Роскомнадзормен» арада өзара келісім бар, біз енді мәдениет және ақпарат министрлігіне «Роскомнадзорға» фильм Қазақстанда заңсыз деп танылғаны туралы тиісті хат жолдауын өтінеміз, – деді министрлік өкілі Ирина Петрищева.
Қазақстан прокуратурасы 21 қыркүйекте фильмге қатысты іс қозғаған. Бұдан сәл ертерек Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы бұл фильмді айыптап мәлімдеме жасаған. Діни басқарма өкілдері бұл арандатуға ермеуге, оған зорлық, күш қолдану арқылы жауап бермеуге шақырған.
Ресейде «Мұсылмандар пәктігі» фильміне қазанның 1-інде тыйым салынды. Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызмет сот шешімі шықпастан бұрын байланыс операторларына даулы фильмді көруге болатын ресурстарға тосқауыл қоюға кеңес берген.
Ресей бас прокуратурасы фильм экстремистік материалдардың федералдық тізіміне енгізілетіні туралы хабарлады. Ресейдегі психологиялық-лингвистикалық сараптама «фильмде ислам діні мен оны ұстанатын халықтың кемістігі туралы түсінік қалыптастыруға бағытталатын көріністер мен мәтіндер барын» мойындады.
ИНТЕРНЕТТЕГІ ПІКІРЛЕР
Қазақстандағы интернетті пайдаланушылардың бұл фильмге байланысты пікірі екі жарылды. Біреулер «фильмге тыйым салынуы тиіс» десе, енді біреулер үшін оның бар-жоғы бәрібір.
@Аристократ есімді интернет пайдаланушы «Қазақстанда фильмге тыйым тым кеш, Ресейден кейін салынды» деп жазады.
Фильм бюджетіне 100 доллар жұмсалғанын жазған @КДБ есімді пайдаланушы: «Фильмді картинаның ба, суретті тұсқағаздың аясында түсірген бе, әйтеуір шынайы шықпаған. Актерлердің ойынынан бастап фильмде пайдаланылған атрибуттар мен декорациялық заттарға дейін жасанды, жалған. Фильмді дыбыстау да қара дүрсін жасалған, «Мұхаммед» есімі естілгенде дыбыстаушының үні күрт өзгеріп кетеді, демек дыбыс соңынан қосылғаны анық байқалады» деп жазыпты.
«Мұсылмандар пәктігі» фильмінің түпнұсқасын аудармасыз тамашалағанын жазған @Асыл есімді пайдаланушы «көруге кеңес бермеймін» дейді.
Алайда бұл пікірлерге кереғар ой айтқан интернет-пайдаланушылар да бар. Мысалы, @Сара есімді адам фильмде ешқандай арандатушылық белгісі жоқ екенін айтып, «түймедейді түйедей еткенге» наразы болған.
Ал @Қонақ есімді азамат елдің «мұндай ұсақ-түйекке мән бере бермейтінін» айтып, фильмге тыйым салудың қажеті жоқ деп біледі.
Осы аптада Tengrinews сайтында қазақстандық кино сыншы Олег Борецкийдің де пікірі жарияланды. Ол интернетте «Мұсылмандар пәктігі» фильмінің пайда болуы кесірінен интернеттің қолдану аясы тарылып кете ме деп қауіптенеді.
«Мұсылмандар пәктігі» фильм деп атауға да, оны өнер туындысы тұрғысынан бағалауға тұрмайды. Ал желілілік сленгте КГ/АМ маркировкасын алуға әбден лайық» деп жазды Олег Борецкий.
Мұхаммед пайғамбарды жағымсыз түнде бейнелеген «Мұсылмандар пәктігі» фильмі 11 қыркүйекте шықты. Кейбір шетелдік ақпарат құралдары интернеттен оны шілде айында-ақ табуға болатынын жазғанымен, фильм жайлы араб тіліне аударылған нұсқасы пайда болған сәттен бастап айтыла бастады. Жекеменшік кинокомпанияда түсірілген фильм бүкіл мұсылман әлемінде наразылық акцияларын тудырды, әлемнің әр түрлі елінде он шақты адам қаза тапты.
Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.