Қазақстандық мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі – Көкшетау қаласының 64 жастағы тұрғыны Александр Авдейко. Өзінің айтуынша, ол 1984 жылы машинист болып жұмыс істеп жүрген кезінде жүріп бара жатқан тепловоздан секіруге мәжбүр болып мертіккен. Осыдан кейін әйелімен ажырасқан Александр Алматыға қоныс аударады. Үлкен қаладағы зауыттардың бірінде зергерлік жұмыстармен айналысып, нәпақасын табады. СССР құлаған кезде зауыт жабылып, жұмыссыз қалады. Кейін Көкшетауға қайтып барып отбасын құрған ол екінші топтағы мүгедек ретінде мемлекет тарапынан берілетін 40 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы алып отыр. Оның 15 мыңын әйелі екеуі тұрып жатқан бір бөлмелі пәтерінің коммуналдық қызметіне төлейді.
7 жыл бұрын Александр үйіндегі ескі диванды жөндемек болады. Өйткені шеберге тапсырып жөндетуге қалтасы жұқа еді. Ал жаңа жиһаз алуға ақшасы жетпейді. Сөйтіп таныстарынан жұмсақ жиһазды жөндеуді үйренеді. Мұның жаңа өнері туралы естіген көршілері оған тапсырыс бере бастайды. Осылайша мүгедек жан жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тұрақты түрде тапсырыс қабылдауға көшеді. Бірте-бірте өз ісінің шеберіне айналған Александр жергілікті газетке үзбей жарнама жариялатып тұрады.
«Алғашқы кездері жарнама бойынша хабарласқан адамдар үйлеріне жиһаз жөндеуге мүгедек адамның келгенін көргенде таңғалатын. Кейін қоңырау шалғандарға өзімнің аяғы жоқ мүгедек екенімді ескертетін болдым. Көбісі түсінеді, жатырқамайды. Тек астымдағы арбамен екінші, үшінші қабатқа лифтсіз көтерілетін кездерім бар. Сол жағы қиын. Әйтпесе тапсырыс берушілерге «Фольксваген Гольф» маркалы көлігіммен зыр етіп жетіп барамын. Жалпы үйде отырғаннан гөрі осындай шаруамен айналысқан жақсы» дейді екінші топтағы мүгедек Александр Авдейко Азаттық тілшісіне.
Қазақстанның 2005 жылы қабылданған «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» заңына сәйкес жұмыс орындарының 3 пайызы Александр сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға берілуі тиіс. Бұл заңның орындалуын жергілікті атқарушы билік, яғни әкімдіктер қадағалауға міндетті. Алайда мүмкіндігі шектеулі адамдар аталған заңның толық жүзеге аспай отырғанын, ал мемлекет беретін жәрдемақының жеткіліксіз екенін айтып налиды. Бірақ мүгедек жандар арасында қосымша табыс табу үшін түрлі кәсіппен айналысып жүрген іскерлері де бар. Олар аталған заңда бекітілген «жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы мүгедектер үшiн қосымша жұмыс орындарын құру» туралы 31-бапты өз құқықтарын қорғау үшін пайдалануға тырысады.
Александр Авдейконы Қазақстандағы мүгедек адамдардың типтік бейнесі ретінде қабылдау қателік болар еді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың көпшілігі жәрдемақыға ғана иек артып отыр. Қайыршылыққа ұшырағандары да бар. Мәселен Шортанды ауданының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек Николай Павлов құрылыста жүргенде бір аяғын тобықтан, екінші аяғын тізеден төмен зақымдап алған. Мүгедек арбасына бір жыл бұрын таңылған 53 жастағы Николай Астана қаласында 60 мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Өз сөзінше, аяғынан айырылғанан кейін ол әйелімен ажырасып кеткен, ал 29 жастағы жалғыз ұлы Ресейде тұрады. Николай «Астаналық базар» маңында қайыр сұрап тапқан ақшасына емделіп жүргенін айтады.
«Екінші топтағы мүгедек ретінде мемлекет айына 22 мың теңге жәрдемақы береді. Ол ештеңеге жетпейді екен. Емделуге де, жалдап отырған үйіме де ақша төлеу керек. Жұрттың берген ақшасы күніне 1000 – 1500 теңгені құрайды. Соны жинап күнелтіп жүрмін» дейді Николай Азаттыққа.
Ал Александр Авдейко сияқты іскер, шағын кәсіпкерлікпен айналысуға шамасы бар мүгедектердің де қиындықтары аз емес. Айына орта есеппен 30 мың теңге табыс түсіретін бір-екі жиһаз жөндеп тұратын Александр кәсібін ары қарай кеңейтудің қиын екенін айтып шағымданады. Оның ендігі арманы – арнайы цех ашу. Бірақ шебер бизнесін бұлайша кеңейтуге кедергінің көп екенін, мүгедек адамдар үшін банктерден несие алу қиын екенін айтады.
«Былтыр компьютер алмақ болдым. Осы ниетпен техника сататын дүкендегі банктің өкілдерінен компьютерді несиеге беруін сұрағанмын. Бермеді. Кәсіппен айналысып жүргенімді айтсам да: «Біз рұқсат еткенмен, Алматы құжаттарыңызды кері қайтарады» деді» дейді Александр.
16 жылдан бері мүгедектердің құқықтарын қорғаумен айналысып келе жатқан астаналық белсенді Қамқа Жасанованың сөзіне қарағанда қаланың жұмыс орындарындағы мүгедек жандарға арналған 3 пайыздық квота биылдан бастап қана қолға алына бастаған.
«Қазақстан президентінің биылғы жолдауында жұмыс орындары 3 пайыз квотаны мүмкіндігі шектеулі адамдарға беруді қолға алу жайы айтылды. Содан кейін бізге түрлі кәсіпорындардан хабарласып, мүгедек жандарды жұмысқа алатындарын айтып жатқандар бар. Бірақ олардың барлығы бірдей дайын емес. Мысалы, мүгедектердің жұмысқа шақырған жерлерде істеуге мамандықтары сәйкес келмейді. Сондықтан бірінші кезекте оларды белгілі бір салада жұмыс істеу үшін қайыра оқытып алған дұрыс» дейді Қамқа Жасанова.
Бір айта кетерлігі, «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» заңда жергілікті билік орындарына мүгедектерге кәсіптік білім беру курстарын ұйымдастыру тапсырылған.
Ресми деректер бойынша Қазақстанда 500 мыңға жуық мүгедек жан тіркелген. Ал Астанада 20 мыңға жуық ресми түрде тіркелген мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Былтыр Астана қаласының жұмыспен қамту орталығына 396 мүмкіндігі шектеулі қала тұрғыны жұмыс сұрай келген. Олардың 86-сы түрлі жұмыспен қамтылған.