50 жастағы Бауыржан қалалық мектептердің бірінде ағаш шебері. Айына 25 мың теңге жалақы алатын ол азық-түлік бағасының ай сайын емес, күн сайын өсіп бара жатқанын айтады. Бауыржан үкіметтің баға саясатын бақылау туралы тапсырмасы жайына қалды дейді:
- Азық-түлік бағасы қымбат, халық аш. Үкіметтің айтқанының бәрі өтірік. Халықты алдап бітті. Адамдардың қалтасы жұқарды. Мәселен, осыдан бірнеше күн бұрын мына кәмпиттің бағасы 220 теңге болған, қазір 350 теңге.
Ал зейнеткер Гүльшара Кісембаева өзінің үнемі орталықтаығ Көк базардан сауда жасайтындығын айтты. Алайда Гүльшара апай соңғы уақытта бағаның өскендігін емес, керісінше 5-10 теңгеге төмендегенін байқапты:
- Базардағы бағалар баяғыша. Жаңа ғана әр-әр жерден сауда жасап шықтым. Көтерілгенін байқамадым, қымбаттаған ештеңесі жоқ.
«Теңгенің девальвациясы отандық өнім өндірушілерді дамытуға көмектеседі. Қазақстандық өнім өндірушілер теңгенің арзандауына байланысты импортпен салыстырғанда артықшылыққа ие болады» деген Үкімет қазақстандық өнімнің сатылу мәселесін қадағалауды облыс әкімдеріне жүктеген болатын. Алайда Алматы қаласының сауда нүктелеріндегі саудагерлер тауарлардың 100 пайызы қымбаттамаса да, 40 пайызына үстеме баға қосылды деп қынжылуда:
- Шетелдік тауарларға баға қосылып келіп жатыр. Мен негізінен «Рахат» фирмасының тауарларын сатамын, оған 10-15 теңге қосылды. Сондай-ақ украиндық тәттілер де бар. Олар көтерілмеді. Мен сол қалпында сатып отырмын. Онсыз да сауда жоқ. Мәселен «Ассам» шайының бұрынғы бағасы килограмына 650 теңге болатын, қазір ол 854 теңге болып фирмадан келді. Мен оған 30-40 теңге ғана қостым. Неге соншалықты қымбаттағанын түсінбедім?
Зоя Сидирова да зейнет жасында. Ол өткен аптада доллар көтерілгеннен кейін, базардағы тауарлардың бағасы бірден 30-40 пайызға дейін өскендігін байқапты. Алайда осы аптаның басынан бастап, баға біршама тұрақталғанымен, кейбір тауарлардың бағасы сол өскен қалпында қалды дейді ол:
-Мәселен күріштің бағасы 180 теңге болатын, енді 250 теңге болыпты. Шұжық 660 теңге болса, қазір килосына 720 теңге. Көкөніс, жемістер де қымбаттаған. Қызанақ, қияр 150 теңге еді, бірден 250 теңге болыпты. Картоп жергілікті отандық тауар болып саналмай ма? Ол 60 теңгеден 75 теңгеге дейін өскен. Мен тек сырттан келетін тауарларға ғана баға қосылады деп ойлағам, бірақ бәрі қымбаттапты, - деді Зоя Сидирова.
Алайда зейнеткердің бұл шағымын саудагер Гүлшат Байғожаева жоққа шығарып отыр:
- Отандық және ресейлік тауарлар қымбаттаған жоқ. Бұл жерде тек Еуропаның, оның ішінде неміс фирмасының тауарларына үстеме ақша қосылды. Қалғаны сол қалыпты бағаны ұстап тұр.
Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов үкімет басшысының тапсырмасымен баға саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ететін арнайы қалалық комиссияның құрылғандығын айтты. Әкім орынбасары комиссияның мүшесі ретінде сауда нүктелеріндегі баға саясатын қадағалау жұмыстарымен айналысып та кетіпті:
- Бұл нарық заманы. Сатушыға барып, бағаны түсір деп айта алмайсыз. Әрине, долларға, еуроға алынатын тауарлардың бағасы өседі. Біз солардың шарықтауына жол бермейміз. Өсетін болса оның өзі 25 пайызға ғана көтерілуі тиіс. Оның өзі шексіз, ретсіз болмауы керек.
Естеріңізге сала кететін болсақ, қала әкімшілігі 10 ақпаннан бастап, барлық аудандық әкімшіліктерде елдегі баға саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инфляцияның ырық бермей кетуіне жол бермеу үшін арнайы жұмыс тобының құрылғандығын мәлімдеген болатын.
Бағаның шарықтауына тосқауыл қою мақсатында Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау аудандарында арнайы шұғыл телефон желілері құрылған екен.
- Бізге кешеден бері 3 адам хабарласты. Олар дәрі-дәрмектер мен жанар-жағармайдың бағасы неге өсіп отыр деп сұрады. Оған шара қолдандық. Баға қалыпты деңгейіне түсті, - деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов.