Алматы қаласындағы «Арзан» сауда желісінің бас директоры Гүлмира Башаева - жаңа мораторийдің арқасында кәсіпкерлер есепсіз тексерулерден ес жияды деп қуанғандардың бірі. Ол енді қадағалаушы органдар басшылыққа алатын айқын, әрі бірыңғай критерийлер жасалатын шығар деп үміттенеді.
28 ТЕКСЕРУШІ ВЕДОМСТВО БАР
"Мұндай өлшемдер біз сияқты тексерілетін субъектілерге керек. Қазақстанда тексеру жүргізетін 28 органның әрқайсысының құлаш-құлаш тізімі бар. Олардың талаптарын толық орындауға бірде-бір кәсіпкердің шамасы жетпейді. Әрі талаптарының көбі негізсіз. Кәсіпкер ақырында бизнесін жабуға мәжбүр болады" дейді Гүлмира Башаева Азаттық тілшісіне.
Қазақстан және Түркия бизнесмендері қоғамының ресми өкілі Ахмед Алдияздың айтуынша, жыл аяғына дейін жарияланған тоғыз айлық мораторий мен әкімшілік кедергілерді қысқарту шаралары кәсіпкерлікті дамытуға көп септігін тигізеді.
"Кәсіпкерлерді СЭС инспекторы, өрт қауіпсіздігі қызметі, салық комитеті тексереді. Енді девальвациядан кейін жергілікті әкімдік тексеретін болды. Ешқандай тергеу-сотсыз айыппұл салып кетеді. Тек тыйым сала бермей, кәсіпорын құрылғаннан кейін кейбір елдердегідей шағын және орта бизнесті үш жыл мерзімге салық төлеуден босатса, жақсы болар еді" дейді Ахмед Алдияз.
БИЗНЕСМЕНДЕР ЗАҢДАРДЫ ТЕКСЕРУДІ ҰСЫНАДЫ
Жуырда Алматыда өткен брифингінде қала кәсіпкерлерінің аймақтық палата директоры Ерлан Стамбеков «заңдарды жақсарту туралы ұсынысын кез келген ұйым енгізе алуы үшін» бизнеске қатысты барлық заңдарды талдап, тексеріп шығатын арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
Кәсіпкерлер палатасы заңдар мен реттеуші актілерге тиісті түзетулер енгізу арқылы бизнесті дамытуға қолайлы жағдай тудыруға бұрыннан тырысып келеді.
Жихаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Михаил Глухов қадағалаушы органдар «елдің дамуын тежеп отыр» дейді.
"Қадағалау-бақылау қызметіндегі проблемалар туралы талай жылдан бері айтып келеміз. Олардың қазіргі сипат-болмысы ешкімге ұнамайды. Бұл қызмет ел экономикасының дамуын тежеп отыр. Кейде ешбір себепсіз тексереді. Ал прокуратура үйлестіруші ретінде ештеңені үйлестірмейді, рұқсат беріп, мөрін басып қана отыр" деп қынжылады Михаил Глухов.
Қазақстанның жаңадан дамып келе жатқан бизнесі тарихында сирек болса да мораторий жарияланып тұратын. Алдыңғы мораторий теңге күрт құнсызданған 2009 жылы енгізілді. Алматылық заңгер Әнуар Шағатаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге тыйым салған алдыңғы мораторийден көп пайда болмаған.
"2009 жылғы мораторий сәл ес жинауға мүмкіндік берді. Бірақ ол проблеманы шешіп тастады деуге болмайды. Тексеру жүргізудің халықаралық стандарттарға сай тәртібін реттейтін заң қабылдау қажет" дейді Әнуар Шағатаев.
Оның айтуынша, қилы тексерулер мен процедуралар жемқорлықтың өршуіне қолайлы жағдай тудырады. Оның есебінше, мемлекет тексеру шараларына жылына 2 миллиард 600 миллион теңге жұмсайды, ал бизнес тексерулерге кеткен уақытты есептегенде, жылына аз дегенде 20 миллион доллар шығын көреді. Әнуар Шағатаев «ширек миллионға жуық адам істейтін шағын және орта бизнес субъектілері - республикалық бюджетке кіріс әкелетін ірі донор (65 пайызы)» дейді.
Ол биылғы мораторий тиісті нәтиже береді деп үміттенеді. Бас прокуратура бизнесті тексеруге қатысты бүкіл ақпаратты ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсынып отыруға уәде етті.