Азаттық жергілікті кәсіпкерлерден туыстық қарым-қатынас пен отбасылық бизнестің ара-қатынасы туралы сұрап білуге тырысты. Жергілікті кәсіпкерлердің айтуынша, ерлі-зайыптылар іскер әріптес ретінде жарасып жұмыс істей алады. Бірақ өз балаларымен, я біліксіз туыстарымен бірлесіп бизнес жасау қиынға соғады.
Ұлттық кәдесыйлар өндіруші компаниялардың бірін ерлі-зайыпты Бахаргүл Төлеген мен Мұрат Ахимбеков 12 жыл бұрын ашқан.
- Басында шетелден заттар алып келіп саттым. Кейін «қазақтың сувенирлерін неге шығармасқа?» деген ой келді. Алдымен мүсіншілермен Астанадағы «Бәйтерек» пен «Тәуелсіздік монументінің» кішкентай үлгісін жасадық. Алдымен бірнеше, кейін 20-50 данадан жасап шығаратын болдық. Бір сувенирдің өз бағасы 50 АҚШ доллары болса, біз оны 100 доллардан саттық, - деді Азаттыққа сұхбат берген компания президенті Бахаргүл Төлеген.
«ӘЙЕЛІҢМЕН БІРГЕ БИЗНЕС ЖАСАУ ТИІМДІ»
Отбасылық бизнеске қанша қаржы салынып, қазір қаншалықты табыс түсіп жатқанын сұхбаттасымыз ашып айтпады. Тек «осы күнге дейін ісіміз тек дамып келеді» деп қысқа қайырды. Бүгінде 50-ден аса қызметкері бар компания республика бойынша ұлттық кәдесыйлар желісін құрған. Бахаргүл бизнесінің осылайша алға басуын күйеуінің арқасы деп біледі.
- Мұрат болмаса мен емін-еркін жүріп-тұра алмаймын, келісім-шарттарға қатысты өзара көп ақылдасамыз. Қаншама қаржы саламыз, одан түсетін пайданы жаратамыз дегендей. Маңызды шешім қабылдар кезде көбіне кішіпейілдік танытып, Мұратқа жол беремін. Бірде мен өз айтқанымнан қайтпай, кейін ол дұрыс емес болып шықты. Содан кейін не де болса сабырлықпен, соңғы сөзді Мұратқа қалдырамын. Меніңше бұл міне – қазақи отбасылық бизнес ерекшелігі, - дейді Бахаргүл.
Бахаргүлдің күйеуі Мұрат «әйеліңмен жұмыс істеген – тиімді, ал өзге туыстарға келсек, егер кәсіби маман болмаса, туған-туыстан аулақ болған жөн» деген пікір айтты.
Біліксіз туған-туыстың әулеттік бизнес жобасының дамуына кедергі болатыны туралы ойды Қазақстандағы отбасылық бизнес ассоциациясының жетекшісі Яна Исаковадан да естідік. Оның пікірінше, әулет болып бизнеспен айналысудың пайдасы көп, алайда «туған-туысы көп біздің қоғамда бизнестегі қарым-қатынасты заңдық негізде құрған жөн».
- Бізде қалай? Компания бастығы өзінің туғандарын қарамағына жинай бастайды.Әрине, қарапайым жүк тасушы етіп қою – обал, сондықтан кем дегенде оны бір бөлімнің бастығы етеді. Ал туысы ол қызметке лайық па, жоқ па - ол туралы ойламайды да. Нәтижесі - өзге жұмыскерлер қиналады, бизнес дамымайды. Сондықтан бұл жерде өте сақ болған абзал, - дейді ол.
Корпоративтік клиенттер үшін әкімшілік басқару саласы бойынша тренинг өткізетін Сергей Филин отбасылық бизнеске балалар араласса, жеке қарым-қатынас пен қызметтік қарым-қатынас шатаса бастайды деп ойлайды.
Сергейдің зайыбы Татьяна мұндай бизнестің нақты жұмыс күніне тән кестесі жоқ екенін, күндіз-түні жалғаса беретінін айта кетті.
- Жұмысты кешкі астың үстінде, демалыс кезінде талқылап отырамыз. Балаларымыз: «Жұмыстан басқа әңгімелерің жоқ» деп күледі, - дейді ол.
КҮНКӨРІС АМАЛЫ
Отбасылық бизнес ассоциациясының зерттеуі бойынша, Қазақстанда ауылдық жердегі шағын және орта бизнестің - 90 пайызы, қаладағысының 80 пайызы - әулеттік бизнес. Ассоциация жетекшісі Яна Исакованың айтуынша, 2013 жылдың қаңтарында ғана құрылған ұйымға 80-нен аса орта және шағын бизнес жетекшілері мүше болып тіркеліп үлгерген.
- Отбасылық бизнесті құрушылардың 90 пайызы – бала-шағасы үшін қаржылық фундамент қалыптастыру, қарапайым тілмен айтқанда күн көріп, ақша табуды көздейді. Көпшілігі бизнеске білімі мен біліктілігінің жетіп тұрғанынан емес, амалдың жоқтығынан барады, - дейді Яна Исакова.
Исакованың ойынша, қоғамның осыншама көп бөлігін қамтыған әулеттік бизнеске қатысты заң әзірге жоқ.
- Бұл бизнестің потенциалы шексіз. Қазір бұл салада ауылдағы фермерлерден бастап ірі компанияларға дейін бар. Оны жүргізу мен дұрыс жолмен дамытуға мүмкіндік беретін заңды платформа қажет, - дейді ассоциация жетекшісі Яна Исакова.
Шағын бизнеске несие берумен айналысатын «Қазмикрофинанс» компаниясының менеджері Бауыржан Абдраманов Азаттыққа шағын бизнестің отбасылық сипаты анық көрінетінін айтты.
- Біз негізінен шағын дүкен, сауда секілді микро-кәсіпорындармен жұмыс
істейміз. Біздің клиенттердің 75 пайызы - отбасылық бизнес өкілдері. «Қазмикрофинанс» құрылған 15 жыл ішінде шағын және орта бизнеске 12 миллиард 405 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, - дейді Абдраманов.
Ал республикалық статистика агенттігі Азаттыққа отбасылық бизнеске қатысты ешқандай санақ жүргізбейтіндерін мәлімдеді.
Мақаланы әзірлеуге Мәди Бекмағанбет қатысты.