Ақпанның 11-і күні теңге 19 пайызға құнсызданғаннан кейін сарапшылардың көбі «бұл экспортер компанияларға тиімді» деген болжам жасады. Қазақстанда экспортпен көбінесе бизнесі шикізатқа негізделген компаниялар айналысады.
Бірақ импортқа тәуелді шағын және орта бизнестің (ШОБ) дамуына теңгенің құнсыздануы кедергі болады. Кейбір кәсіпкерлер мен сарапшылар бұл салада іскерлік белсенділіктің кемігенін айтады.
– Мұнай-газ және ауыл шаруашылық саласына қажет құрал-жабдықтарды шетелден әкелеміз. Девальвациядан кейін оны шеттен әкелу қиындап кетті. Жабдықтардың бағасы күрт өзгерді. «Теңге құлдырайды» деген сөз жазда шығып еді, бірақ теңге бағамы біртіндеп өзгереді, бұлай күрт құлдырап кетеді деп ойламадық. Қазір әріптестеріміз тапсырысты қысқартуды сұрап жатыр, - дейді шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін Бақытжан.
Шетелдік фармацевтика компаниясында менеджер болып істейтін Айгерім девальвация компанияның Алматыдағы филиалына қиын тигенін айтады.
– Дәрі-дәрмек шығаруға қажет шикізатты шетелден сатып аламыз. Бірақ дәрінің бағасын Астана реттейді. Бізге «мына бағадан асырмаңдар» деген нұсқау мен дәрі бағаларының тізімін жіберді. Бірақ барлық дәрінің бағасын бірдей қымбаттатпау мүмкін емес. Шығынға батпаймыз ба? Девальвациядан зардап шеккендер де, шекпегендер де бағаны қымбаттатып жатыр, - дейді Айгерім.
Кейбір сарапшылар да «теңге девальвациясы шағын және орта бизнеске қиын тиді» дейді.
– Шетел валютасымен кірісі барлар, яғни экспортерлер ғана ұтты. Ал ұсақ өндірушілер, алыпсатарлар, мемлекеттік тапсырыс бойынша тауар жеткізушілер, фермерлер, өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар сияқты жеке кәсіпкерлерге мұның қатысы жоқ. Бұлардың ішіндегі экспортерлердің саны бес пайызға да жетпейді. Қазір олардың жағдайы қиындап кетті, шығыны күрт өсті, ал несиені шетел валютасымен алғандардың халі тіпті мүшкіл, - дейді болжамдау және талдау орталығы кеңесшісі Данияр Бәйкенов.
Экономист Олжас Құдайбергенов «теңгенің құнсыздануынан зиян шеккендердің қатарына импортерлер мен несиені валютамен алғандарды да жатқызу керек. Импорт тауарларымен, әсіресе тұтыну тауарларымен айналысатын адамдардың көптігін ескерсек, девальвацияның әлеуметтік салдары жайсыз болары сөзсіз» дейді.
Қазақстан билігі девальвациядан кейін кәсіпкерлерді қолдау үшін қомақты қаржы бөлетінін мәлімдеді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы екі жылда экономикаға несие түрінде ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлуге уәде етті.