Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қалалық ІІБ ғимаратында жарылыс болған. Кейбір куәгерлер осы ауданда атыс болды деген де хабар таратты. Полиция қызметкері Азаттық тілшісіне алты адам ұсталды деген ақпарат айтты.
Атырауда қыркүйектің 14-нен 15-сіне қараған түнгі сағат 12.30 шамасында (Астана уақытымен 1.30) төтенше жағдай болды. Оқиғаны көзімен көрген 24.kz арнасының журналисі Бекен Әлирахимның айтуынша, әуелі Атырау қалалық ішкі істер басқармасының ішінде жарылыс болған.
Cәтбаев пен Молдағұлова көшелерінің қиылысында тұрған бұл ғимаратқа жақын маңда облыстық прокуратура мен әкімдік орналасқан.
- Жарылыс қалалық ішкі істер басқармасының ішкергі ауласында болды. Жараланған полиция қызметкерлері бар, - деді куәгер Бекен Әлирахим.
Бұдан бөлек қаланың орталық Сәтбаев даңғылы мен Тайманов көшелері толықтай қоршауға алынған. Азаттық тілшісі келгенде Сәтбаев көшесі бойында тоқтатылған жеңіл көлікті полиция қызметкерлері криминалдық сараптаудан өткізіп жатты. Көше бойы қаптаған адамдар осы аралықта атыс та болды деген хабар айтады.
- Алты адам ұсталды, - деді өзін таныстырмаған полиция қызметкері Азаттық тілшісіне.
Әзірге жараланғандар мен ұсталғандардың нақты саны белгісіз. Құқық қорғау органдары ешқандай түсініктеме бермейді.
Қалада күзет күшейтіліп, ішкі істер басқармасы мен прокуратура маңы толықтай қоршауға алынған.
Бұл - облыстық прокуратура маңында жасалған екінші жарылыс. Былтырғы қазан айында да дәл осы прокуратура мен әкімдік маңында жарылыс болып, бір адам қаза тапқан еді. Кейін Қазақсанның бас прокуратурасы бұл терактіге "Халифат сарбаздары" атты діни топтың қатысы бар деген мәлімдеме жасаған болатын.