Accessibility links

Қарағандыда бизнеске қысым көрсетпеуді сұрайды


Қарағанды облысындағы жол бойында тұрған полиция көлігі. (Көрнекі сурет)
Қарағанды облысындағы жол бойында тұрған полиция көлігі. (Көрнекі сурет)

Қарағандыда кей кәсіпкерлер биліктің әрекеті банкротқа дейін жеткізеді деп шағынады. Билік «проблеманың оңтайлы шешімін іздеп жатқанын» айтады.

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖАН АЙҚАЙЫ

Наурыздың басында Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы заңгерлер, шенеуніктер мен журналистерді шақырып, Қарағандыда дөңгелек үстел өткізді. Осы жиынды өткізу үшін кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгінген кәсіпкерлер билікке деген өкпе-ренішін «жан айқай» деп атайды. Кей кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың қысымына шағымданды. Олар салық органдары, прокуратура және соттардың әрекетіне наразы. Оларды «бұл органдардың жалған кәсіпкерлікпен күресінен заңды қалтқысыз орындайтын бизнесмендер зардап шегеді» деп сынайды. Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқық мәселелері жөніндегі орынбасары Геннадий Жмук:

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқық мәселелері жөніндегі орынбасары Геннадий Жмук. Қарағанды, 2 наурыз 2017 жыл.
Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқық мәселелері жөніндегі орынбасары Геннадий Жмук. Қарағанды, 2 наурыз 2017 жыл.

- Мемлекеттік органдардың корпоративтік мүдде деген желеуі кәсіпкерлерді тұншықтырып барады. Үкім шықпай жатып шарттытүрде алаяқ деп танылған әлдебіреу үшін неліктен адал жұмыс істейтін кәсіпкер төлеуі тиіс? Шешім заңды күшіне енбей жатып актімен бірге әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы шығарады. Бұл мүлде нонсенс қой! Ал оның әлі кінәсі де дәлелденбеген! Бұл - кәсіпкерлердің ортақ пікірі, – дейді.

Ол жалған кәсіпорын ашқандарды қылмыстық қудалау процесі кезінде, яғни оларға үкім шықпай жатып олардың контрагенттері – адал жұмыс істейтін кәсіпкерлерді тексеру басталады деп алаңдайды. Алаяқтық немесе жалған кәсіпкерлікпен айналысқан әлдебір кәсіпорынмен кезінде істес болған жеке меншік фирма (контрагенттер) өкілдері тексеруге ұшырадық, сот сергелдеңіне түстік және кейде банкротқа дейін жеткізетін үлкен айыппұл салады деп шағынады.

- Соттан да, өзге жерден де әділдік таба алмаған соң көлеңкелі бизнеске кетеді. Жалған жаңа кәсіпорындарды өзіміз тудырып жатырмыз ғой. Бұл - мемлекеттік маңызы бар мәселе, - дейді Геннадий Жмук.

Әлгі кәсіпкерлер жан-жақты салық тексерісін контрагенттер емес, «жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны» үшін үстінен қылмыстық істер қозғалғандарға қатысты жүргізуді ұсынады. Геннадий Жмуктың сөзінше, тергеушілер олардың қатысы бар екенін немесе сөз байласқанын дәлелдеуі тиіс.

ЗАҢГЕРЛЕР ПІКІРІ

Заңгер Қайрат Тасымовтың айтуынша, жеке меншік құқық субъектілері үнемі бақылау жағдайында екенін және олардың мүдделері бұзылатынын айтады.

Жалған кәсіпкерлік бабымен көбінесе қолайсыз немесе өзге бірдеңесі жақпай қалған кәсіпкерлерді қудалайды. Кәсіпкерлерді тексеріп келетін мемлекеттік орган өкілдері өздерін көбінесе дөрекі ұстайды. Қазір мынадай амал тауып алған: егер бірдеңені көрсетпесең, үстіңнен қылмыстық іс қозғайды.

- Әлгі органдар заңды білмейді деп айтуға болмайды. Олар біледі, бірақ өздеріне тиімді бөлігін біледі. Жалған кәсіпкерлік бабымен көбінесе қолайсыз немесе өзге бірдеңесі жақпай қалған кәсіпкерлерді қудалайды. Кәсіпкерлерді тексеріп келетін мемлекеттік орган өкілдері өздерін көбінесе дөрекі ұстайды. Қазір мынадай амал тауып алған: егер бірдеңені көрсетпесең, үстіңнен қылмыстық іс қозғайды. Бірақ олардың сұраған құжаттарын мерзімінде беру мүмкін болмайтын кездер болады. Кәсіпкерлердің бәріқылмыскерлер деп ойлай ма сонда? – дейді заңгер Қайрат Тасымов.

Бұл жайлы пікірін Ресейден келген халықаралық компания заңгері Павел Волков та айтты. Оны екі елді салыстырып, қазақстандық заңгерлер мен мемлекеттік органдарға өз тәжірибесіне сүйеніп кеңес беру үшін Қарағандыға арнайы шақырған. Волковтың сөзінше, Қазақстандағы сияқты жағдай Ресейде де болған, бірақ 2006 жылдан бастап жағдай өзгеріп, соттар «күрт кәсіпкерлер жағына шыға бастаған».

- Біраз уақыт өткеннен кейін Қазақстанда да осылай болады. Ал мемлекет қазіргі әрекетіне қатты өкінетін болады, өйткені бизнесті сауықтыру шынымен өте қиын. Бизнес деген мемлекеттің қолдауын сезінуі тиіс қой. Әйтпесе не үшін салық төлейді? – дейді заңгер Павел Волков.

БИЛІКТІҢ ПОЗИЦИЯСЫ

Мемлекеттік кіріс департаменті дерегінше, Қарағанды облысында 75 мың жеке кәсіпкер мен 25 мың заңды тұлға тіркелген. Яғни жұмыс істеп тұрған 100 мыңнан көп кәсіпкерлік субъектісі бар. Қарағанды облысы мемелкеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Қайрат Орқашбаев:

Салық тексерісі кезіндегі қызметкерлеріміздің дөрекі қылығына, қылмыстық іс қозғау жайлы қоқан-лоқы сияқты жайттарға қатысты айтайын. Ондай фактілер болса, бірден айтыңыздар, тексереміз.

- Салық тексерісі кезіндегі қызметкерлеріміздің дөрекі қылығына, қылмыстық іс қозғау жайлы қоқан-лоқы сияқты жайттарға қатысты айтайын. Ондай фактілер болса, бірден айтыңыздар, тексереміз, - дейді.

Кәсіпкерлер мен заңгерлер прокурорларды іс материалдарын зерттемей ұйғарым бере салатын «статистер» деп жазғырады. Қарағанды облыстық прокуратурасына қарасты 4-басқарма бастығы Асығат Ахметов:

- Прокурорлық қадағалау тұрғысынан алғанда, біз мемлекет мүддесі мен кәсіпкерлер құқығын қорғау арасындағы өте нәзік шепте жүргенімізді айтқым келеді, - дейді.

СУДЬЯ: «ЗАҢМЕН ЖАЗАЛАУ САЯСАТЫНАН КӨШУ КЕРЕК»

Судья Талғат Тоқболатов қазір сот жүйесі негізінен өзгере бастады,сондықтан мемлекет мүддесі жеке тұлға мүддесінен үстем тұрады деген пікірлер дұрыс емес деп санайды. Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасы Талғат Тоқболатов:

- Заңмен жазалау саясатынан заңмен қалпына келтіру саясатына көшу керек. Егер бизнесмендер бірдеңені әлдебір жолмен жеткізбей төлесе, оны қамаудың керегі жоқ, түрмедегі халықтың санын көбейтпеу керек. Кем төлегенін толтырса, сол әбден жетіп жатыр. Меніңше, біз бұған әлі келеміз, мысалы мен бап нормасын қылмыстық жазалау санатынан әкімшілік құқық заң бұзушылықтар санатына ауыстыруды талай ұсындым, - дейді.

Казахстан - Слева направо: должностное лицо прокуратуры Карагандинской области Асыгат Ахметов и председатель эконом-фракции в Карагандинской области Талгат Токбулатов. 02Mar2017
Казахстан - Слева направо: должностное лицо прокуратуры Карагандинской области Асыгат Ахметов и председатель эконом-фракции в Карагандинской области Талгат Токбулатов. 02Mar2017

Мемлекеттік орган өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлер шағымданатын тексерулердің пайдалы тұстары да бар.

- Иә, жаппай тексеру болмауы тиіс, олардан бас тарту керек. Бірақ біз ертеңгі күні жұмыс беруші қудаламайтынына кепілдік беріп, өз мүддесін қорғағысы келетін қызметкерді қалай қорғаймыз? Қазір бұған кепілдік бере аламыз ба? Жоқ, бере алмаймыз. Сіздер, бизнесмендер де бере алмайсыздар. Сіздер де заңды бұзасыздар, - дейді Талғат Тоқболатов.

Билік кәсіпкерлер палатасын салық заңдарына қатысты ғана емес, өзге проблемаларға да назар аударуға шақырды. Бұған қоса, шенеуніктер билік те, кәсіпкерлер де «бұл проблеманың оңтайлы шешімін іздеп жатқанын» айтады. Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы бас прокурорға, жоғарғы сот төрағасы мен кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілге өтініш әзірлеп жатқанын хабарлады. Кәсіпкерлер олардың проблемасына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев назар аударар деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG