Тұрғындар ауыр техникамен үй бұзушылардың қоқан-лоқы көрсеткендерін және де өздерін таныстырмағандарын айтты.
Жергілікті тұрғындар «Дархан» ауылының өзенге жапсарлас беткейін «Тойлысайдың төбесі» деп атайды екен. Олардың айтуынша, осы төбені халық 2007 жылдан бері қоныстана бастаған. Жалпы саны елу түтінге жақындап қалған ауылдың бүгінгі көрінісі жұртта қалғандай әсер етеді. Елдің тыныштығын сейсенбі және сәрсенбі күндері түскі уақыт шамасында он шақты жеңіл көлік пен автобусқа мініп келген полиция және ауыр бульдозерлер бұзған.
Тұрғындардың айтуынша, әуелі полиция төбеге қарай тартылған жалғыз жолды бөгеп тастаған соң ауылдағы адамдарды автобусқа тиеп, ауыр мәшинелерді тұрғын үйлерге қарай жіберген. Сейсенбі күні бульдозерлер Тойлысайдың төбесіндегі жиырма шақты үйді күреп тастаған.
Ал, сәрсенбі күні олар сайдың ішінде қатарлас орналасқан тағы үш баспананы жермен жексен еткен.
Жергілікті халық ауыр техникамен келген адамдардың кімдер екендерін де анық білмейді. Полиция ғой келген, бастап жүрген кісінің майор шені бар дегеннен асырып ештеме айта алмай отыр.
Баспана бұзушылар да өздерін таныстырып жатпапты, тіпті үйді бұзуға соттың рұқсат қағаздарын да көрсетпепті. Заңсыз салынған үйлерді заңсыз бұзып тастауға болады дегендей сыңай танытқаны анық байқалып тұр.
Төбесі ғана көрінген көп үйінділердің басында тұрғындар құрылыс материалдарын жинап алып жүр. Осындай тірлікпен шұғылданып жүргендердің бірі өзін Өренхан Серікұлымен деп таныстырды. Айтуына қарағанда, Қытайдан көшіп келген оралман, жасы 28-де екен.
- Үш баламыз бар: үлкені 2 жасқа да толған жоқ. Отбасымыздың жарымы «Ұлжан» ауылында пәтер жалдап сонда тұрамыз, жартысы осында тұрып жатқан едік. Міне, мына жерде тұрамыз – ішін жарып кетіпті... Түсте келген бұлар, анау жерде милиицялар тұрған (полиция), бері қарай кіргізбеген. Адамы жоқ үйдің бәрін бұзамыз деді олар. Күндіз мұндағы халықтың көбі жұмыста болады, кешке ғана оралады, - деді баспанасыз қалған әжептәуір үлкен отбасының қожайыны Өренхан.
Ал, берекесі қашқан осы ауылдың тағы бір тұрғыны Жадыра Рақымбаева болса өз үйінің бұзылып жатқанын тек алыстан ғана бақылауға мүмкіндігі жеткендігін Азаттық радиосына былайша баяндады:
- Мен базардан жұмыстан келгенше бульдозерлер үйді бұзып жатыр екен, он шақты милиция (полиция) жолымызды бөгеп тұрып алды – олар бізді жібермей қойды. Барлығымызды буткаға салды. Қазір шу көтеретін болсаңдар соттаймыз деп қорқытты олар. Әдейі айтты ма, шын айтты ма білмеймін. Бұзылды. Бұзылғаннан кейін ғой менің жаным шығып шырылдап жүргенім. Көлемі 6х4 шаршы метрлі бір бөлмелі үй болатын - пеші бар, басқасы бар дегендей. Құрылысын 2007 жылы бастап, екі жыл бойы салған едім. Біз базарда жүреміз, олар келіп біздің үйімізді бұзып кетеді.
Төбедегі халықтың жағдайын білген соң, Тойлысайға түскенде көрген көрінісіміз де соған ұқсайды. Бір артықшылығы, мұндағы үйлердің бұзылғанына 3-4 сағаттың шамасы болғандықтан, тұрғындар бульдозермен тапталған баспаналардың арасынан пайдалы заттарын аршып алып бітпеген екен.
Жартылай құлатылған бір баспананың есігі айқара ашық, заттары шашылып жатыр. Соған қарағанда, үй иелері әлі жұмыстан келмеген болса керек. Үйдің ішінде асып бара жатқан бағалы мүліктер көзге шалынбайды. Есікке қыстырылған үйлену тойына шақыру билетті көзіміз шалып, мұнда жаңадан отау құрған отбасы тұрып жатқан болса керек деп топшыладық..
Тағы бір түйгеніміз, бұл ауылда байлығы асып-тасып жатқан ешкім жоқ екендігі. Өйткені олар сынық ағашқа дейін теріп жинап алып жатты.
Дөң-төбешік пен сай-салаға, асып кетсе екі бөлмелі үйшік тұрғызып, уақытының көп бөлігін нәпақа табуға арнайтын қарапайым жандар енді жермен-жексен болған үйлерінің жұртын сипап қалды.
Бұл ауылға жарық тіпті тартылмаған, таза ауыз су да жоқ, жолы боса да жоқ. Енді ауылдың өзі де жоқ. Қиратылған жиырма шақты үйдің жүзге жуық тұрғынының тірнектеп еңбек етіп жүріп жеткен жетістігі мен әл-ауқаты тағы да шынжыр табанның астында тапталды.
Бұл күндері он шақты жеңіл көлік пен үлкен автобусқа мінген полиция және ауыр табанды бульдозерлер, «Дархан» ауылының ғана емес, Алатау ауданындағы «Красный трудовик», «Ұлжан», «Жаңа тұрмыс» және тағы басқа да ауылдарының берекесін кетіріпті. Тұрғындар «темір табанмен таптау» науқаны әлі де жалғасатындығын айтады.
Сәрсенбі күні Алатау ауданының әкімі Бағдат Манзоровтың Шаңырақ-2 ықшам ауданында проблемалы ауылдардың тұрғындарымен кездесуі болады деп жоспарланған еді. Алайда, өз баспаналарының тағдырына алаңдаулы халықтың көп жиналғанына қарамастан, аудан әкімі жиналысқа келген жоқ.