Оңтүстік Қазақстанда мақта теру науқаны қызып тұр. Мақтаны Өзбекстан жұмысшылары жинап жатыр. Ал мақта егушілер «Теріп үлгере алмай жатырмыз. Жұмыс күші аз» дейді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Еңбекші ауылының тұрғыны Қайрат Ибрагимов мақтасының 60 пайызын теріп біткен.
- Мақта жатыр жерде. Теретін жұмыс күші жоқ. Өзбекстаннан бір топ жұмысшы келген. Солар жинап жатыр. Өзбектер бізге келіп мақта теріп, ақша тапқысы келеді. Бірақ шекарадан өтуі қиын. Сондықтан құжаттарын дұрыстағандар бір айға рұқсат алып келді, - дейді ол.
«ӨЗБЕКТЕРГЕ КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯСЫНАН ҚЫСЫМ КӨП»
«Азаттық» тілшісіне сұхбат берген мақта егуші Қанат Ибрагимов:
- Өзбекстаннан мақта теруге келгісі келетіндер көп. Бірақ олар құжат жағын реттей алмайды. Біз шамамыз келгенше құжаттарын дұрыстап береміз. Құжаттары дұрыстар келіп пайда тауып кетеді. Өзбектерге терген килограмына 15-20 теңге береміз. Қазақтар да жалданып жатыр. Бірақ олар өзбектерден көп сұрайды. Оның үстіне өзбектерді көші-қон полициясы күнде келіп тексеріп, қысып жатыр. Қолында рұқсаттары бар. Бір айға есепке тұрған. Сонда да полиция бір ай уақыты бітпей жатып, күнде тексереді. Сондықтан өзбектер де көп тұрақтамай, қайтуы мүмкін. Біз терілмеген мақта далада қалып қоя ма деп отырмыз, - деді.
Тағы бір мақта егуші Құдияр Атабеков «өзбектер мақта теруге көп келсе, бізге жеңіл болар еді» дейді.
- Мақта теруге адам табылмай жатыр. Өзбектерді әкелейік десек, кеденнен өзіміз өткізіп алуымыз керек. Бір айға әкеліп, тергізіп жатқан шаруалар бар. Бір айға 10-15 өзбек келеді. Өзбектер көп келсе бізге де оңай болатын еді. Былтыр көші-кон полициясынан қысым аз болғанда, теруге жүзден астам өзбек келген, - деді.
«ҚАЗАҚСТАНДА ПАЙДА КӨП»
Ал Өзбекстаннан Мақтаралға мақта теру үшін келген Дилхорон есімді өзбек азаматы «Қазақстанда мақта тергеннен пайда көп» дейді.
- Өзбекстанда көп күш жұмсап мақта терсек те, Қазақстандағыдай пайда таппаймыз. Бір килограмға 18 теңге аламыз. Күніне 100 килограмнан асыруға тырысамыз. Демек күн сайын екі мың-үш мың сомнан көп пайда табамыз. Келіп теруге қарсы емеспіз. Бірақ шекарадан өту қиындап кетті. Былтыр балаларыммен келгем, биыл кеденнен өзім және екі ағайыным ғана өте алды, - деді өзбек азаматы.
Дилхорон екі ағайынымен Науаи облысындағы Тамдыбұлақ ауданынан келіпті.
- Құжаттарымыз толық. Бір айға рұқсатымыз бар. Бірақ полиция күнде тексеріп кетеді. Не істеп жүргенімізді, қайда тұрып жатқанымызды қарайды. Әлі 12 күнге рұқсатымыз бар. Біткен соң елге қайтамыз. Қазақстан жағы рұқсатымызды қайта созбайтын сияқты, - деді Дилхорон Азаттық тілшісіне.
«ӨНІМ КӨП БОЛҒАНЫМЕН, ПАЙДАСЫ АЗ БОЛАЙЫН ДЕП ТҰР»
Қайрат Ибрагимовтың айтуынша, биыл мақтаның базардағы бағасы төмендеп кеткен.
- Биыл мақтаның бағасы түсіп кетті. Зауыттар килограмын 70 теңгеден алып жатыр. Былтыр 105-107 теңге болған. Науқан аяғында 100 теңгеге түскен. Биыл науқан басында 70 теңге, аяғында 45-50 теңгеге төмендеп кете ме деп отырмыз. Бұлай баға төмендесе, біз шығынға ұшыраймыз. Мақта терілмей жерде жатыр. Терілгенін арзан бағаға берсек, өзбектерге ақша төлесек, онда биылғы науқаннан бізге түсер пайда аз болады, - дейді сұхбаттасымыз.
Ал мақташы Құдияр Атабеков:
- Екі тонна мақтаны зауытқа апарсақ, 200 килограмын су, ылғалды деп есептемейді. 1 тоннадан 800 килограмды ғана сатып, ақшасын алып кетеміз. Биыл өнім көп болғанымен, пайда аз болайын деп тұр, - деді.
Мақта жинау науқанын қазір облыс, аудан, ауыл әкімдігі қадағалап отыр. Әкімдік халыққа жанар-жағармайды арзандатып беру жағынан көмектеседі. Ал теру, жұмыс күшін тарту, өзбектердің құжаттарын әзірлеу сияқты мәселелерді шаруалар өздері шешеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Еңбекші ауылы әкімдігінің жер инспекторы Дәуірхан Ибрагимов:
- Көктем мен күз кезінде бензинді төмен бағамен алып береміз. Яғни халыққа субсидия жағынан көмек бар. Ол үшін ешқандай мақта өнімінен ақы алмаймыз. Мақтаны зертханаға тапсырып, тексертеді. Тексеріс кезінде ылғалдығы, сапасы қаралады. Биылғы науқанда 43 центнер алып жатқандар бар. Ең төмен дегені 20 центнерден жоғары, - деді.
Шаруа Құдияр Атабековтің айтуынша, әкімдік бензин алып беру жағынан көмектеседі.
- Жанармайды көктемде 75-78 теңгеге алдық. Күзде 80 теңгеден берді. Бұл негізгі бағасынан 10 теңгеге арзан. Соған да рахмет. Ал теру жағынан барлық іс өз мойнымызда. Бірақ әкімдік мақтаның саудадағы бағасын реттеуге көмектесіп, оның төмендеп кетпеуін қадағаласа деген тілегіміз бар, - деді ол.
Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында 50-60 гектар жердегі мақта теріліп бітті. Әлі 100 гектар жер терілмей тұр. Ал «Қазгидромет» мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облысында 4-5 қазан күні ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді» деп хабарлады.
Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.
(Мақаланы әзірлеуге Нұржан Еркінұлы қатысты)

Мақта бағасы 70 теңге, аяғында 45-50 теңгеге төмендей ме дейміз. Бұлай төмендесе, шығынға кетеміз. Терілмегені жерде жатыр. Терілгенін арзанға берсек, өзбектерге ақша төлесек, түсер пайда аз болады.