Кей сарапшылар Қазақстанда терроризм дамып келе жатқанын айтады. Сондықтан арнайы қызмет бұған қарсы өзі ғана күреспей, қоғамды ақпараттандыру жұмысын да қолға алуы керек. Алайда ақпаратқа қатысты талқылауға арнайы қызмет өкілдері қатыспады.
Қазанның 4-і күні Алматыдағы саяси шешімдер институтында «Полицияның ақпараттық тактикасы: оқшаулау немесе жандандыру» тақырыбында жиын өтті. Алайда жиынға тақырыптың негізгі «кейіпкерлері» - Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК), ішкі істер министрлігі (ІІМ), бас прокуратурасынан бірде-бір өкіл келмеді.
Саяси шешімдер институтының қызметкері Жұлдыз Алматбаеваның айтуынша, жиынға ақпарат құралдары өкілдерімен қатар қауіпсіздік, құқық қорғау органдарының барлығы да шақырту алған.
- Алайда ҰҚК өздері «терроризмге қарсы күрес жүргізіп жатқанын, ал ақпараттандыру - прокуратураның міндеті» екенін айтты. Прокуратура «қолымыз тимейді» десе, ІІМ «Атыраудағы оқиғаға қатысты барлық күш сонда кетіп жатыр» деп жауап берді, - дейді Жұлдыз Алматбаева.
ЗЕРТТЕУ
Жиын барысында саяси шешімдер институты «қазақстандықтардың қауіпсіздігі жөнінде» арнайы жүргізген зерттеуінің нәтижесін айтты.
Сұрау салынған 2 мың 304 адамның 26 пайызы өзінің қауіпсіздігіне сенімсіз екендерін айтқан. Олар өздері мен туған туыстарына «қауіп төніп тұр» деп санайды.
Сұралғандардың 26,5 пайызы теракт немесе қару қолданылған өзге жағдайда «мемлекет қорғайды» дегенге сенбейтіндерін айтқан.
Сауалнамаға жауап бергендердің 42 пайызы «Қазақстанда теракт жуырда тағы қайталануы мүмкін» деген пікір білдірген. Ал респонденттердің 64 пайызы терроризмге қарсы күрестен бейхабар.
Сұралғандардың тек 6,3 пайызы теракт немесе өзге де төтенше жағдайларға қатысты ақпаратты ресми органдардан алатынын, ал 80 пайызға жуығы бұл ақпаратты ақпарат құралдары пен әлеуметтік желіден табатынын айтқын.
13,1 пайыз респондент терроризмге қарсы күрес туралы ел арасындағы сыбыстардан естіген.
Ал сауалнамаға қатысқандардың 27 пайызы ресми ақпаратқа күдікпен қарайтынын немесе мүлдем сенбейтінін айтқан.
ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
Жиын барысында қауіпсіздік органдары мен ақпарат құралдарының байланысы туралы көп айтылды. «Vласть» интернет-журналының бас редакторы Вячеслав Абрамовтың айтуынша, «бұл байланыс қоғамды дүрліктірмей, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет».
- 2011 жылы Астанадағы тергеу изоляторында болған жарылыс туралы ақпарат он сағат өткеннен кейін берілді. Атыраудағы әкімшілік пен тұрғын үйдегі жарылыстар туралы да үш сағаттан кейін айтылды. Тараздағы теракт туралы мәлімет - сегіз сағат, ал Жаңаөзен оқиғасы жайлы тек он сағаттан кейін ғана ақпарат тарады, - дейді Абрамов.
Ол биылғы жағдай өткен жылмен салыстырғанда біршама жақсарғанын айтты.
- Мәселен, биыл Алматы маңындағы «Таң» елді мекенінде болған жарылыс туралы ақпарат екі сағаттан кейін, ал Атыраудағы «Көктемде» болған арнайы операция жөнінде 50 минуттан кейін жарияланды, - деді Вячеслав Абрамов.
Оның сөзінше, «ақпаратты дер кезінде жарияламау жұрт арасында дүрбелең мен сыбысты көбейтеді», ақпараттың аздығынан жұрт полицияға сенбей, одан түңілуі мүмкін. «Терроризмге қарсы күрес қазіргідей ақпарат құралдарындағы насихатпен ғана шектелмей, бірлескен жұмыс болуы керек» дейді Вячеслав Абрамов.
«ҮНСІЗДІК КҮДІК ТУДЫРАДЫ»
Психолог Зүбайда Кененбаеваның айтуынша, «Полицияның үнсіздігі көп жағдайда күдік тудырады».
- Үнсіздіктен «полиция - шарасыз» деген үрей тууы мүмкін, - дейді ол.
КТК арнасының жаңалықтар қызметінің жетекшісі Дәурен Меркеевтің айтуынша, «қауіпсіздік және құқық қорғау органдарында ақпаратты жедел тарату қажет екенін түсінетін мамандар бар».
- Бірақ бізде «Қазақстанда барлығы жақсы әрі терроризм жоқ» деген «ертегі» кедергі тудырады, - дейді ол.
Мамандар Қазақстанда терроризмнің бар екенін және оның күшейіп келе жатқанын айтты. Олар «осы ретте қоғам қауіпсіздігі мен жағдайдың ушықпауын мақсат еткен екі жақ - ақпарат құралдары мен күш құрылымдары өзара байланысын нығайтып, бірігіп жұмыс істегені абзал» деген тоқтамға келді.