Accessibility links

Авторлық құқықты журналистер мен блогшылар да жоқтады


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Блогерлер мен интернет саласының мамандары қазақ тілді сайттардың біразында авторлық құқық мәселесі сақталмайтынын айтады. Ал кей сарапшылардың ойынша, қазақ сайттарына шапшаңдық жетіспейді.

Журналист-блогер Өркен Кенжебек "қазақ тілді сайттардың көбінде авторлық құқық сақталмайтынына", "өзге біреуден алынған материалға, суретке немесе ақпаратқа сілтеме жасалмайтынына" наразы.

– Әр журналист өзге журналистің ақпаратын пайдаланғанды намыс көре ме, әлде өзінің жұмысын көрсеткісі келе ме – сілтеме жасауға келгенде көз жұма қарайды. Бұдан бөлек, ақпараттың нақтылығы және шынайлығы тексерілмейді. Әр журналист жазып отырған ақпаратының қайдан келгенін, нақты дереккөзіне сілтеме жасауы тиіс. Ақпараттың шығуын қазуы керек, – дейді ол.

«МАТЕРИАЛЫ КӨШІРІЛСЕ, СОТҚА БЕРСІН»

Интернеттегі авторлық құқық мәселесі 22 қаңтарда Астанада өткен қазақ сайттары редакторларының конференциясында да сөз болды.

«Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженованың пікірінше, «біреудің еңбегін өзінікі етіп
Қазақ сайттары редакторларының конференциясына қатысушылар. Астана, 22 қаңтар 2013 жыл.
Қазақ сайттары редакторларының конференциясына қатысушылар. Астана, 22 қаңтар 2013 жыл.
көрсетуді жою үшін журналистер өздері күресу керек».

– Яғни бір журналист өз материалының көшірілгенін көрсе, сотқа шағымдануы тиіс. Сотқа шағымданбаса, бұл мәселені шешу қиын, – дейді ол.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Қанат Қайырболатовтың айтуынша, «интернеттегі авторлық құқық мәселесі алдағы уақытта қаралады, үкіметте жұмыстар жасалып жатыр».

– Бірақ бұл мәселені шешу үшін үкіметке интернет журналистердің өздері көмектесуі керек. Олардың шағымынсыз біз біреуге барып, «авторлық құқықты сақтамадың» деп шағымданып немесе тиісе алмаймыз. Сондықтан журналистерді бірге күресуге шақырамын, – деді ол.

«ҚАЗАҚ САЙТТАРЫНЫҢ КЕМШІЛІГІ»

Еуразия ұлттық университеті журналистика факультеті деканы Қайрат Сақтың ойынша, қазақ сайттарына керегі – шапшаңдық пен шеберлік.

– Батыстық басылымдарда интернет журналист – әмбебап. Өзі суретке түсіреді, өзі фотограф әрі редактор. Ал қазақ сайттарында ондай әлі қалыптаспаған. Деректі нақты беру жағы да кем. Материалда деректен гөрі журналистің өз ойлары, өз топшыламасы көп жүреді. Журналист өз ойын айтудан аулақ болуы керек, – дейді оқу орнының өкілі.

Журналист Назгүл Қожабекованың пікірінше, қазақ сайттары көлемді мақала емес,
Қазақ сайттары редакторларының конференциясы. Астана, 22 қаңтар 2013 жыл.
Қазақ сайттары редакторларының конференциясы. Астана, 22 қаңтар 2013 жыл.
нақты ақпарат жазуға көшуі керек.

– Қазақ сайттарының көбі көлемді эссе стиліндегі материалдар жазады. Ол интернет стиліне сай емес. Ақпараттар екі беттен аспай, дерекке толы болғаны жөн. Сонда ғана сайттардың контентін дамытуға болады, – дейді веб-журналист.

Ал Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжехановтың ойынша, қазақ тіліндегі сайттардың біразының кемшілігі – телефонда қолданатын қосымшалары жоқтығы.

– Смартфон, iPhone жүйелерінде сайттардың қосымшасы шықпаған. Қазақстанда сайттардың ұялы телефондарға керекті қосымшаларын жасайтын мамандар бар. Олар кез келген сайтпен жұмыс істеуге дайын. Бірақ мәселе тағы қаржыға келіп тіреледі, – деді ол.
XS
SM
MD
LG