Accessibility links

Экология проблемасын өнермен бейнеледі


«Табиғат білгірлері» экомарафонында кітап қарап тұрған балалар. Қарағанды, 22 мамыр 2014 жыл.
«Табиғат білгірлері» экомарафонында кітап қарап тұрған балалар. Қарағанды, 22 мамыр 2014 жыл.

Салынғанына биыл 80 жыл толатын Қарағанды қаласында «Табиғат білгірлері» экомарафоны өтіп жатыр. Ересектер мен балалар өнерлері арқылы аймақтың экологиялық проблемаларын шешуге шақырады.

Қарағанды қаласындағы экологиялық мектеп жергілікті экология проблемасына бейжай қарамайтын жандарды екінші мәрте жинап отыр. Мамырдың 22-сі күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында өткен «Табиғат білгірлері» экомарафоны аясында сурет, кітап көрмесі ашылды, өлең оқылып, ән айтылды, би биленді.

АУАҒА ТАРАЙТЫН УЛЫ ЗАТТАР

Өнеркәсіп ошақтары шоғырланған Теміртау, Қарағанды, Балқаш қалаларының ауасына зиянды заттар көп бөлінеді. Теміртау мен Қарағанды қалалары түбінен ағатын Нұра өзені де халықтың денсаулығына қауіп төндіретін орынға айналды.

Эколог, Қарағанды қаласындағы облыстық экологиялық мұражайдың қолдауымен жүзеге асатын Қазақстан Республикасы химиялық қауіпсіздігі жобасының ақпараттық орталығының маманы Ирина Колчина «Нұра өзені
Экология тақырыбындағы суреттер көрмесі. Қарағанды, 22 мамыр 2014 жыл.
Экология тақырыбындағы суреттер көрмесі. Қарағанды, 22 мамыр 2014 жыл.
сынаптан тазартылғанымен, кейбір тұстарынан алынған сынамалар суда сынап көп екенін көрсетті» дейді.

Аймақтағы тағы бір проблема – бұрын радиолокациялық станция тұрған Балқаштағы улы конденсаторлар. Ол жер адамдар суға шомылып, балық аулайтын Балқаш көліне жақын.

– Теміртаудың ірі проблемасы – өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы заттар. Ауада диоксин мен фуран деген химиялық заттар бар. Ал Қарағанды қаласының проблемасы – автотранспорттан бөлінетін зиянды заттар. Қалаға электр қуатымен жүретін транспорт керек. Бұрын тұрғындарға да тиімді, қоршаған ортаға да зияны аз троллейбус паркі болған, кейін оны жауып тастады, – дейді Ирина Колчина Азаттық тілшісіне.

СОРТИРОВКА КЕНТІ

«Табиғатты қорғау – баға жетпес сый» деп аталатын сурет-кітап көрмесі 30 мыңға жуық тұрғыны бар Сортировка кентінің проблемаларына арналған.

– Сортировканың бір кездері арнасынан асып жататын өзендері қазір тартылып
Кітапхана меңгерушісі Людмила Тотмина. Қарағанды, 22 мамыр 2014 жыл.
Кітапхана меңгерушісі Людмила Тотмина. Қарағанды, 22 мамыр 2014 жыл.
қалды, ауа да, дала да мүлде өзгеріп кетті. Құрылысты қалай болса солай есепсіз салғанның кесірінен кей жерлерді су басып, зардабын тұрғындар тартып жатыр. Бір кездері күл үйінділерінен бұрқыраған шаң Сортировканы он сантиметрге дейін жауып қалатын. Жел соққанда бүкіл Сортировканы тұман басып, күлден көз ашпай қалатын. Қазір әлгі күл үйінділерін сумен толтырып тастады, – дейді Сортировака кентіндегі 4-кітапхана меңгерушісі Людмила Тотмина.

АҚҚУ БИІ

Экомарафонға қатысушылар өнерлері арқылы Қарағанды облысының өзге де мәселелеріне, оның ішінде қоқыс үйіндісіне айналған Солоничка өзені экологиясына да назар аударады.

– Қыз балалардың аққу биін орындауының себебі бар. Наурыздың аяғы мен
Көрмедегі қағаздан жасалған аққу мүсіні. Қарағанды, 22 мамыр 2014 жыл.
Көрмедегі қағаздан жасалған аққу мүсіні. Қарағанды, 22 мамыр 2014 жыл.
сәуірдің басында біздің мектептің жанынан өтетін жол арқылы он шақты аққу ұшып келеді. Егер қоршаған ортаны қорғау министрлігі бізге назарын аударса, экология туралы айтудан, жұмыс істеуден шаршамаймыз, - дейді экомарафонды ұйымдастырушы, экомектеп өкілі Татьяна Цафт.

Бейнелеу өнері мұражайы қорында Қарағанды облысы экологиясына бейжай қарамайтын суретшілердің картиналары көп. Олардың арасында суретші Әбілқасовтың «Жаңғырық», «Қараусыз қалған құдық», Тюминнің «Тиіспеңдер», «Адамзаттың жер бетінде пайда болуы туралы картина-гипотеза» деген пейзаждары, Мейрам Есіркеевтің «Балқаш» картинасы бар.
XS
SM
MD
LG