Accessibility links

«Қаражанбасмұнай» белсендісіне қатысты сот процесі басталды


«Қаражанбасмұнай» жұмысшыларының наразылығы. 2011 жылдың мамыры. (Сурет Ольга Ярославскаянікі)
«Қаражанбасмұнай» жұмысшыларының наразылығы. 2011 жылдың мамыры. (Сурет Ольга Ярославскаянікі)

Ал Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының наразылығы жаппай аштыққа ұласпақ. «Ерсай» компаниясының жүздеген жұмысшысы талаптарынан танбайтындарын айтады.


Шілденің 1-і күні Ақтауда «Қаражанбасмұнай» жұмысшылар кәсіподағының белсендісі Қуаныш Сисенбаевқа қатысты сот процессі басталды. Оған маусымның 5-і күні Ақтаудағы мұнайшылардың бейбіт шеруін ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

ЕРЕУІЛШІЛЕРДІҢ АЙЫБЫ

Сол жолы Қуаныш Сисенбаев пен оның екі әріптесі өз-өздеріне қол жұмсап, ауруханаға түскен еді. Бұл сотқа «Ақтау» тәуелсіз кәсіподағы бірлестігі төрағасы Мұхтар Үмбетов барған екен. Ол сотқа тартылған Қуаныш Сисенбавты бала кезінен білетіндіктен істің объективті жүргізілуіне бақылау жасау үшін қатысқанын айтады.

– Қуаныш Сисенбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің заңсыз митингілер, пикеттер, шерулер мен демонстрациялар ұйымдастыру жөніндегі 304-бабы бойынша айыптап отыр. Әзірге куәлерді ғана тыңдады. Бірақ оның бас бостандығына нұқсан келген жоқ. Ол өз үйінде. Сот ашық жағдайда өтті, – деп мәлімдеді Мұхтар Үмбетов Азаттық тілшісіне.

Маусымның 30-ы күні түнде Азаттық тілшісіне қоңырау шалған жаңөзендік жұмысшылардың бірі «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы мұнайшылары белсендісі Ақжанат Әминовтің да тұтқындалғанын
Жаңаөзен жұмысшыларының ереуілі. Маңғыстау облысы. 10 наурыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

хабарлады. Әминовке де «әлеуметтік алауыздықты қоздырды» деген айып тағылыпты. Бұған дейін дәл осындай бап бойынша қылмыстық іс Қаражанбас кеніші мұнайшыларына заңдық қолдау көрсеткен заңгер Наталья Соколоваға да қатысты қозғалған болатын.

ЕКІ ТАЛАП ЖӘНЕ ЖАППАЙ АШТЫҚ

Мамырдың 26-сынан бері аштық жариялап жатқан «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының белсендісі Талғат Сақтағановтың Азаттық тілшісіне хабарлауынша, жұмыстан босап қалған мұнайшылар Жаңаөзен қаласындағы әкімшілік ғимараты маңында жаппай аштық акциясын бастамақ.

– «Өзенмұнайгаз» басшылығы екі жүзден астам адамды заңсыз жұмыстан босатты. Еңбек кодексіне сай еңбек дауы жүріп жатқанда ешкім де жұмыстан босамауы тиіс. Сондықтан жұмыссыз қалғандар мен олардың отбасы қалалық әкімшілік маңына пикетке шықпақ, – дейді Талғат Сақтағанов.

Оның айтуынша, бұл пикетті Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындары да қолдамақ.

– Менің білуімше, адамдар заңды болуы үшін пикет жайлы құқық қорғау органдарына арыз түсірді. Содан соң бірнеше күннен кейін жаппай аштық акциясы басталады. Біз «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы директоры Киікбай Ешманов жұмыстан кетсін», «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясы тарасын немесе Маңғыстау облысына көшірілсін» деген талап қойып отырмыз, – деп мәлімдеді Талғат Сақтағанов Азаттық тілшісіне.

КӨШЕРБАЕВТЫҢ УӘДЕСІ

Жаңаөзендегі мұнайшылардың жаппай аштық жариялайтындары туралы ескертуі әкімшілік кеңсесіне келіп түскенін Жаңаөзен қаласы әкімінің кеңесшісі Айнаш Тілекқабылова да растады.

– Бірақ жұмысшылар әкімшілік маңында аштық жариялау арқылы мәселені шеше алмайтындарын түсінуі тиіс. Әкімшілік «Өзенмұнайгаздың» дауына араласа алмайды. Олар оны заң шеңберінде талап етуі керек, – дейді Жаңаөзен қаласы әкімінің кеңесшісі.

Ал маусымның 30-ы күні Маңғыстау облысы әкімшілігі «Нұр Отан» партиясының қатысумен «Қаражанбасмұнай» мен «Өзенмұнайгаздың» жұмыстан босаған жұмысшыларын жұмысқа орналастыру туралы қоғамдық кеңес құрылғанын жариялады.

«Еңбек заңы бойынша «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы, «ТұлпарМұнайСервис» және «АрғымақТрансСервис» фирмаларынан жалпы саны 400-ге жуық адам жұмыстан босатылған. Бұл қоғамдық кеңестің мақсаты – жұмыстан босағандардың әлеуметтік отбасы жағдайына жан-жақты зерттеу жасау
Оларды наразылық акциясына бопсалау немесе қорқыту арқылы тартқан. Сондықтан әр жұмысшының ісі жеке қаралады

жәнек оларды аймақтағы басқа кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру» делінген Маңғыстау облысы әкімшілігі таратқан баспасөз ақпаратында.

– Қолдағы бар ақпаратқа сүйенсек, жұмыстан босатылған наразылық акциясына қатысушылардың дені – отбасының жалғыз асыраушылары. Оларды наразылық акциясына бопсалау немесе қорқыту арқылы тартқан. Сондықтан әр жұмысшының ісі жеке қаралады, – деп мәлімдеді кеңесте сөз алған Маңғыстау облысы әкімі Қырымбек Көшербаев.

«ЕРСАЙДАҒЫ ЕРЕУІЛ ТОҚТАҒАН ЖОҚ»

«Ersai Caspian Contractor LLC» бірлескен кәсіпорыны директоры орынбасары Ян Чан маусымның 30-ы күні жергілікті баспасөз құралдары арқылы ақпарат таратып, Құрықтағы наразылық маусымның 22-сі күні толық тоқтағанын жария еткен еді.

«Ереуілдетушілерге қатысты қандай да бір қатаң шара қолданған жоқпыз, тек заң шеңберінде қимыл жасадық. Ереуілдің тоқтау себебі – адамдар одан
«Ersai Caspian Contractor LLC» («Ерсай Каспиан Контрактор») компаниясы жұмысшыларының 11 мамырда басталған ереуілі аштыққа ұласты. Маңғыстау, 25 мамыр 2011 жыл.

түсер пайда жоқтығын түсінгені деп есептеймін. Қашаған жобасының бірінші кезеңі аяқталуына байланысты «Ерсайдағы» жұмыс ауқымы да азайды. Сондықтан жалақыны 100 пайызға көтеру мүмкін емес» дейді директордың орынбасары Ян Чан.

Бірақ Азаттық тілшісіне хабарласқан «Ersai Caspian Contractor LLC» компаниясының жұмысшылары өз талаптарының орындалмағанына шағымданып, наразылықтарын тоқтатпағандарын айтады.

– Ереуілге қатысушыларды қудалау жалғасып жатыр. Әсет есімді жігіт әкімге қарсы сөйлегені үшін уақытша қамақта отыр. Құқық қорғау органдары біздің ереуілімізді заңсыз деп таныды. Бірақ Ақтау мен Құрықтың екі жүзге жуық жұмысшысы өзіміздің заңды түрде талап еткен төрт сауалымызға жауап сұрап, шілденің 2-сі күні жұмыс орнымызға бармақпыз, – деп мәлімдеді телефон арқылы «Ерсай» компаниясының жұмысшысы Кәрім Жалын.

Маңғыстау облысындағы Құрық кентінде орналасқан «Ersai Caspian Contractor LLC» бірлескен кәсіпорыны Қашаған жобасындағы құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысады.

Бұл біріккен кәсіпорын жұмысшылары компания басшылығынан жалақы төлеудегі айырмашылықты жоюды, жалақыны көтеруді, еңбек шартына өзгерістер енгізіп, қайта жасауды және «Қарақия» тәуелсіз кәсіподақ ұйымына жұмысшылардың мәселесін шешу үшін басшылармен келіссөз жүргізуге мүмкіндік беруді талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG