Жанат Түзелбаева Алматы қаласына Тараздан көшіп келген. Күйеуі екеуі Алматыда пәтер жалдап тұрады. Бір жасар баласы бар ерлі-зайыптылар балабақша кезегі келмей ме деп уайымдайды.
"Өзіміз Әуезов ауданында пәтер жалдап тұрамыз, ал ұлымызды Түрксіб ауданында тұратын әпкемнің үйіне тіркеттік. Балабақша кезегіне де сол ауданда тұрдық. Бірақ пәтер сатып алсақ немесе үй салсақ, біздің кезегіміз автоматты түрде 50 балаға кейін жылжып кетеді екен. Түрксіб аудандық білім беру бөлімі мамандары солай деді. Енді уайымдап жүрміз" дейді Жанат Түзелбаева Азаттық тілшісіне.
Ол кезегі келген күннің өзінде, баланы бір ауданнан екінші ауданға қалай апарып, әкелетінін білмейді. Бір жылдан кейін баласын бала бақшаға орналастырып, өзі жұмысқа шыққысы келеді. Жас жұбайлардың жеке меншік бала бақшаға төлейтін немесе күтуші жалдайтын ақшасы жоқ.
Жанаттың ері Алматының темір жол вокзалында бухгалтер болып істейді. Күйеуінің жарты жалақысы ай сайын 60 мың теңге (330 долларға жуық) тұратын пәтер жалдауға кетеді. Жаннат жұмыс істемейді. Жоғары экономикалық білімі бар маманды «стажың жоқ» деп жұмысқа алмайды.
«ЖҰМЫС ЕНДІ ҒАНА БАСТАЛДЫ»
Жуырда Алматы қаласы білім басқармасының бастығы Рахат Шимашева журналистерге: «Биыл қалада 2 760 орындық 18 балабақша салу жоспарланған. Оның 11-і жергілікті бюджет қаражатына, қалған жетеуі республикалық бюджет есебінен салынады» деп хабарлады.
Рахат Шимашеваның айтуынша, 2014 жылдың соңына дейін 2 120 орындық 16 балабақша пайдалануға берілуі тиіс, ал 640 орындық 2 балабақшаның құрылысын аяқтау 2015 жылға қалған.
Алматы қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің бастығы Әлия Сағиеваның Азаттық тілшісіне айтуынша, балабақшалар қала мектептері территориясында салынады. Әуезов ауданында – алты балабақша, Бостандық ауданында – екі балабақша, ал қалған алтауы Алмалы, Медеу және Түрксіб аудандарында салынады.
"Балабақша құрылысымен Алматы қаласы құрылыс басқармасы айналысады. Дайын болғанда бізге өткізеді" дейді Әлия Сағиева.
Алматы қаласы құрылыс басқарамасының бөлім бастығы Мадияр Тоқтарбаев Азаттық тілшісінің: «Құрылыс қашан аяқталады және биыл бітіруге уәде етілген бала бақшаларды пайдалануға беріп үлгересіздер ме?» деген сұрағына жұмыс екі ай бұрын ғана басталғанын айтты.
"Қазір жер қазу жұмыстары ғана жүріп жатыр. Мердігерлердің арасында конкурс, 6 балабақша бойынша тендер өткізіп жатырмыз. Тендерде ұтқан мердігер компаниялар 11 балабақша мен 2013 жылы бітпей қалған бір балабақшаны сала бастады. Жұмыс енді ғана басталды, бәрін уақыт көрсетеді" деді Мадияр Тоқтарбаев.
Балабақша тапшылығы әсіресе қаланың халық ең тығыз қоныстанған Әуезов ауданында қатты сезіледі. Жергілікті биліктің дерегінше, бұл ауданда балабақша кезегінде мыңдаған бала тұр.
"Әуезов ауданындағы бұрынғы балабақша ғимараттарында қазір кеңсе, дүкен, жеке меншік колледждер мен аудандық әлеуметтік қамту бөлімдері отыр. Қызым – төртте, кезегіміз – 1 667-ші. Әлгі алты балабақшаны қашан салатыны белгісіз. Екі жылдан кейін мектепке барамыз" дейді баласына балабақшадан сол күйі орын тимей қала ма деп уайымдайтын осы ауданның тұрғыны Гүлшат Кәрімова.
Қазір қалада жұмыс істейтін 278 балабақшада 43 мың бала тәрбиеленеді.