«Билік идеологиялық соғысты әлеуметтік желілерге көшірді» дейді Ақтаудағы оппозиция ісі бойынша өтіп жатқан сот процесін бақылап отырған құқық қорғаушы Евгений Жовтис.
– Жовтис мырза, бұл сапарыңызды түрмеден босаған соң «құқық қорғау сахнасына» алғашқы шыққаныңыз деп есептеуге бола ма?
– Солай деуге де болады. Бірақ осы уақыт ішінде, жалпақ жұртқа жария болмағаны болмаса, мен бұл салада біраз шаруаның басын қайырдым. Жұрт алдына шығуым – осы жолы ғана.
– Ақтаудағы сот процесіне қандай мақсатпен бардыңыз?
– Ақтауға сапар шегуімнің бір емес, екі мақсаты болды. Біріншісі – процестің барысын бақылау. Мен бұл процесті қазіргі Қазақстан тарихындағы ең маңызды процестердің бірі деп есептеймін. Елде саяси астары бар талай процесс өтті. Шаңырақ, Шетпе, Жаңаөзен оқиғаларына қатысты атышулы, қасіретке толы ауыр процестер өтті. Қоғамның назарын аударған процестер болғаны белгілі. Бұл дұрыс та.
Алайда Козлов және басқалардың ісі бойынша өтіп жатқан бұл процестің мәні басқаларынан өзгешелеу. Өйткені бұл процесті, сөз жоқ, алғашқы саяси процесс деп атауға болады. Бұл процесс – саяси айып тағылған оппозиция жетекшісіне қатысты процесс. Атап айтқанда, «әлеуметтік араздықты қоздыру» және «елдегі конституциялық құрылымды күшпен құлатуға үндеу» сияқты таза саяси астары бар баптар бойынша қозғалған сот процесі. Үшінші бап – «қылмыстық топты ұйымдастыру», бұл баптың алғашқы екі баппен байланысты екені түсінікті.
Ал екінші мақсатты өзімнің моральдық міндетім десем де болады, яғни Козлов мырзаға моральдық тұрғыдан дем беру. Өйткені ол – менің досым, сондықтан оны моральдық тұрғыдан қолдауды өзімнің парызым деп білемін. Ақтауда көргендерім мен процестің алдағы күндері болатын жайттарымен бөліскім келеді.
КОЗЛОВ ЖӘНЕ СОТ ЖАЙЛЫ
– Сіздіңше, Козловтың өзі бұл процестің барысы мен соңғы нәтижесі қалай болады деп біледі?
– Егер ашығын айтсам, сот үкімінің қандай болатынын ол біліп отыр, яғни басқалай болуынан үміт күтпейді. Сондықтан, өзіңіз айтқандай, соттың қандай үкімі шығаратынын сезіп отырғандықтан, мықты отыр.
– Судья бұл процесті қалай жүргізіп отыр?
– Судья осы сияқты басқа да бірқатар процестерді жүргізген судьялар сияқты отыр. Мен Әблязовтің, Жақияновтың, Есіргеповтің, Дувановтың және өзіме қатысты, Қазақстандағы демократиялық сайлау партиясын тарату жөніндегі сот процестеріне бақылаушы ретінде қатысқанмын.
– Ол соттардағы судьялар өздерін атқарушы билікке тәуелсіз судья ретінде ұстады ма?
– Жоқ, осы барлық атышулы процестерде, бақылаушылар қатысқан, қоғам назарында ұстаған сот процестерінде судьяларға процессуальды межелерді қатаң сақтауға нұсқау берілгені анық байқалады. Сондықтан олар қылмыстық кодекстің нормаларын бұлжытпай орындауға, екі тарапқа бірдей сөз беруге, сөздерін бөлмей, ұрыс-керіссіз мұқият тыңдауға, қорғаушылардың өтініштеріне құлақ асуға тырысыпты. Мұндай құбылысты әдеттегі сот отырыстарында жиі көре бермейсің. Олар, қайткенмен де, бұл жолы заңдылықты сақтауға тырысып отыр.
Ал енді процестің мазмұнына келсек, оның сыры айтпаса да түсінікті. Өйткені қорғаушы тараптың тамыздың 17-ісіне дейін берген өтініштерінің (қателеспесем, төртеу болған) бірі де қанағаттандырылмады. Егер алдын ала тергеу барысында Козлов мырзаның жүзге жуық өтініш бергенін ескерсек, олардың бірде-бірі (маңыздырақ дегендері) қанағаттандырылмады. Сондықтан мұның бәрі алдын ала пішіліп, шешіліп қойылған деген ойға келдім.
Егер судья айыптау қорытындысымен асықпай жетік танысып шығуына Козловқа үш күн беру жөніндегі (бұл заңда да қарастырылған) өтінішті де қанағаттандырмауы осыдан хабар береді. Судья прокуратураның талабынан аса алмағаны анық байқалады. Ал біздегі прокуратура жай прокуратура емес, мемлекеттің қырағы көзі. Ол тікелей.. бағынады. Прокурор үкіметтің құрамына кірмейді. Сондықтан мұның қалай жасалатыны айтпаса да түсінікті.
«СОВЕТ ОДАҒЫНА ЖАҢА ЖЕЛЕК ЖАМЫЛЫП ҚАЙТА ОРАЛУ»
– Интернеттегі твит-пікірлерге қарағанда, процеске қатысып отырған журналистердің техникалық құралдарды, тіпті диктофонды да пайдалануына тыйым салынғанына қарамастан, билікке жақын кейбір блогерлердің ұялы телефон мен басқа құралдар арқылы твит-репортаждар жүргізуіне рұқсат берілген деседі. Бұл рас па?
– Рас. Залда екі қатар орындық қойылған. Біз сотталушылар орналасқан жерге таяу, екінші қатарда отырдық. Ал әлгі бір топ жас қыздар мен жігіттер қарсы бетте отырып, хабар жіберіп жатты. Судья оларға ашық рұқсат берді деп ойламаймын. Бірақ тыйым да салмайды. Сондықтан, мұның бір шикілігі бар. Олар – жеке бір топ. Ал приставтар біз отырған тұсты көз алмай мұқият бақылайды.
– Билік твиттершілер көмегімен әкімшілік ресурстарды пайдаланып жатыр деп айтуға бола ма?
– Үкімет, тұтас алғанда билік те, алған бетінен жаңылмай келеді. 1996 жылы хабар тарату жиілігіне тендер өткізу амалы арқылы олар алдымен тәуелсіз электронды ақпарат құралдарын құртты. Сосын кезек жазба баспасөзге келді. Оппозициялық баспасөз делінетін екі-үш газетті есептемегенде, жазба басылымдарының көбі үкіметтің ықпалында. Майдан шебінің енді әлеуметтік желілерге ойысқаны түсінікті. Өйткені, қанша дегенмен, газеттің қарымы – аздау, ал әлеуметтік желілердің ресурсы – шексіз. Билік шамамен 2000-жылдардан, ДВК партиясы пайда болған сәттен бастап идеологиялық соғысты әлеуметтік желілерге көшірді.
Идеологиялық соғыс – бұрынғы советтік республикаларға ғана тән құбылыс. Демократиялық елдерде мұндай ештеңені көрмейсің. Онда мұндай құбылыс атымен жоқ. Ол жақта салық төлеушілердің ақшасына әлдекімдерді әлеуметтік желіге отырғызып қойып, «халық жауларымен» күресу немесе оппозицияны тоқпақтауға жұмсау ешкімнің миына кіріп те шықпайды. Ал мұнда қомақты қаржы әлдебір ақпаратты тарату үшін жұмсалады.
Айтпақшы, «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы топ-менеджері Ешманов мырзаның «Жаңаөзен жұмысшылары «Хабар» мен «Қазақстан» арналарын көрмейді, «К-плюсті қарайды» деген сөзі мені қайран қалдырды. Сондықтан мұнай компаниясында совет заманындағы партком сияқты саяси бөлім ашпақ ойы болыпты. Бөлімнің міндеті жұмысшылар арасында саяси сабақ жүргізуі тиіс екен. «Жұмысшылар неліктен «Хабар» мен «Қазақстан» арналарын қарамай, «К-плюсті» қарайды деген ойдың оны неге алаңдатқанына, шынымды айтсам, қатты таңмын. Егер ол бұл екі арна қызықты болса, жұмысшылар көрер еді деп ойлаудың орнына, дұрыс емес (оның ойынша) ақпарат тарататын «К-плюс» арнасын неліктен көруге болмайтынын түсіндіретін арнайы саяси бөлім құруды өз міндетім деп шешкені түсініксіз.
Бұл – Совет одағына қайтып оралу, тек басқа желек жамылып, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін пайдалау арқылы. Авторитарлық жүйе 70 жыл бойы сызылып-пішіліп келген үлгіні пайдаланады. Совет одағының тарихы тоталитарлық мемлекетте идеологияның көбесі сөгілгенде онымен бірге мемлекет те құрдымға кететінінінен ешкім сабақ алмапты. Бұрындары сексоттар (секретный сотрудник – құпия қызметкер) компанияларды аралап, дұшпанды анықтап, олармен идеологиялық тұрғыдан күресуші еді. Енді олар әлеуметтік желілерде қаптап жүр. Блогерлер – билік пайдаланып, қолдап отырған топтардың бірі.
ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСТЕГІ САЯСИ БАП
– Human Rights Watch (Хьюман Райтс Вотч) құқық қорғау ұйымы Қазақстанның қылмыстық кодексінің әлеуметтік алауыздықты қоздыру туралы бабын халықаралық құқыққа қайшы бап ретінде есептеп, билікке осы бапты қайта қарауға шақырды. Сіздің пікіріңіз қандай?
– Даусыз келісемін. Мен әлемдік тәжірибеде «алауыздық тілі және алауыздық қылмысы немесе «жек көрушілік тілі және жек көрушілік қылмысы» деген аса анық ұғымдар бар екені жөнінде бірнеше мәрте түсінік бергенмін. Олардың мән-мағынасы айқын. Халықаралық құқық тәжірибесінде түрлі себеппен туған әдеттегі конфликт, белгілі бір топты сынау, оның мүддесін қорғау және тілдік алауыздықтың пайда болуы деген ұғымдардың арасында шек бар.
Ал біздің қылмыстық кодекс пен конституциядағы «әлеуметтік алауыздық» деген ұғымның анық түсінігі, анық шегі жоқ. Сондықтан барлық айыптау қорытындылары «Әминов, Козлов, Сапарғали әлеуметтік алауыздықты қоздырды» деп жазылған. Ал енді «Кім мен кімнің арасындағы алауыздықты қоздырды?» деген қарапайым сұраққа жауап жоқ .Кім мен кімнің арасындағы алауыздық? Түсінікті, бір жағында мұнайшылар болсын. Мені қызықтыратыны – екінші жақ. Яғни егер әлеуметтік алауыздық қозса, ол кімге қатысты қозды екен? Сөйтсек, оның кім екенін білу мүмкін емес. «Мұнайшылардың талаптары заңды» деп президенттің өзі кесіп айтты емес пе?! Ал бұлар болса, кімге қатысты екені белгісіз, әйтеуір «әлеуметтік алауыздықты қоздырдыңдар» деп адамдарды айыптайды. Әлеуметтік алауыздықтың екінші тарабы жоқ.
Егер «әлеуметтік топ» деп жұмыс берушілерді алсақ, онда әлеуметтік алауыздықты ешкім қоздырған жоқ. Тек табиғи, қалыпты еңбек дауы болды. Мейлі ол, шиеленісті түрде, мейлі наразылық акциясы түрінде болсын, мұны «еңбек дауы» деп атау қажет. Мұның әлеуметтік алауыздықты қоздыруға, әлдебір нақты жұмыс берушіге немесе әлеуметтік топқа қиянат жасауға шақыруға ешқандай қатысы жоқ. Яғни жұмысшылар мен кәсіподақтың жұмыс берушіге деген кез келген наразылық танытуы (бұл бүкіл әлемде бар табиғи құбылыс) әлеуметтік алауыздықты қоздыру ретінде қарастырылады. Бұл барып тұрған сандырақ емес пе?! Мұнда ешбір әлеуметтік алауыздық та, ешбір топ та жоқ. Қылмыстық кодекстің мына бабының екіұштылығы соншалық, кәсіподақтың кез-келген қызметін, жұмысшылардың жұмыс берушіге наразылық білдіруін, азаматтардың жергілікті билікке наразылық білдіруін осы бапқа қоса салуға болады. Олай болса, бірдеңеге көңілі толмаған кез-келген адам бұл бап бойынша әлеуметтік алауыздықты қоздырған жан болып шыға келеді.
Әлеуметтік алауыздық дегеніміз – күш көрсетуге шақыру. Әрі бұл күш көрсетудің белгілі бір адамға немесе топқа қатысты күш көрсетуге шақыру екенін дәлелдеу қажет. Мен айтқандай, оны халықаралық құқық және халықаралық тәжірибеде бар «алауыздық тілі» немесе «жек көрушілік тілі» деп атайды. Бізде онда тәжірибе жоқ. Мұндай ештеңенің болмағанын өзіңіз де байқаған боларсыз. Ол әлдебір саяси тапсырыспен бірге пайда болды. Сонау тоқсаныншы жалдардан бері қаншама шеру, пикет, ереуіл, шахтерлердің наразылық акциялары өткенін еске түсіріңізші. Қолға алғаш түскендері Әминов пен Соколова болды. Неліктен? Түсініксіз. Олар басқа ереуілдерден еш айырғысыз ереуіл кезінде ұсталып, үстерінен осы бап бойынша іс қозғалды. Мына ереуілге неліктен кенет «әлеуметтік алауыздықты қоздыру» деген айдар тағылды? Сірә, сол сәтте әлгі қылмыстық бапты осылай пайдаланбақ болды. Сондықтан мен Human Rights Watch ұйымымен толықтай келісемін. Қылмыстық кодекстің осы бабы дамып келе жатқан кез келген қоғамда табиғи құбылыс болып табылатын қоғамдық шиеленістерді саясиландырып жібереді.
– Жовтис мырза, сұхбат бергеніңізге рахмет.

Ал біздегі прокуратура жай прокуратура емес, мемлекеттің қырағы көзі. Ол тікелей... бағынады.

Ешманов мырзаның «Жаңаөзен жұмысшылары «Хабар» мен «Қазақстан» арналарын көрмейді, «К-плюсті қарайды» деген сөзі мені қайран қалдырды.
Айтпақшы, «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы топ-менеджері Ешманов мырзаның «Жаңаөзен жұмысшылары «Хабар» мен «Қазақстан» арналарын көрмейді, «К-плюсті қарайды» деген сөзі мені қайран қалдырды. Сондықтан мұнай компаниясында совет заманындағы партком сияқты саяси бөлім ашпақ ойы болыпты. Бөлімнің міндеті жұмысшылар арасында саяси сабақ жүргізуі тиіс екен. «Жұмысшылар неліктен «Хабар» мен «Қазақстан» арналарын қарамай, «К-плюсті» қарайды деген ойдың оны неге алаңдатқанына, шынымды айтсам, қатты таңмын. Егер ол бұл екі арна қызықты болса, жұмысшылар көрер еді деп ойлаудың орнына, дұрыс емес (оның ойынша) ақпарат тарататын «К-плюс» арнасын неліктен көруге болмайтынын түсіндіретін арнайы саяси бөлім құруды өз міндетім деп шешкені түсініксіз.
Блогерлер – билік пайдаланып, қолдап отырған топтардың бірі.
Бұл – Совет одағына қайтып оралу, тек басқа желек жамылып, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін пайдалау арқылы. Авторитарлық жүйе 70 жыл бойы сызылып-пішіліп келген үлгіні пайдаланады. Совет одағының тарихы тоталитарлық мемлекетте идеологияның көбесі сөгілгенде онымен бірге мемлекет те құрдымға кететінінінен ешкім сабақ алмапты. Бұрындары сексоттар (секретный сотрудник – құпия қызметкер) компанияларды аралап, дұшпанды анықтап, олармен идеологиялық тұрғыдан күресуші еді. Енді олар әлеуметтік желілерде қаптап жүр. Блогерлер – билік пайдаланып, қолдап отырған топтардың бірі.
ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСТЕГІ САЯСИ БАП
– Human Rights Watch (Хьюман Райтс Вотч) құқық қорғау ұйымы Қазақстанның қылмыстық кодексінің әлеуметтік алауыздықты қоздыру туралы бабын халықаралық құқыққа қайшы бап ретінде есептеп, билікке осы бапты қайта қарауға шақырды. Сіздің пікіріңіз қандай?
– Даусыз келісемін. Мен әлемдік тәжірибеде «алауыздық тілі және алауыздық қылмысы немесе «жек көрушілік тілі және жек көрушілік қылмысы» деген аса анық ұғымдар бар екені жөнінде бірнеше мәрте түсінік бергенмін. Олардың мән-мағынасы айқын. Халықаралық құқық тәжірибесінде түрлі себеппен туған әдеттегі конфликт, белгілі бір топты сынау, оның мүддесін қорғау және тілдік алауыздықтың пайда болуы деген ұғымдардың арасында шек бар.
Ал біздің қылмыстық кодекс пен конституциядағы «әлеуметтік алауыздық» деген ұғымның анық түсінігі, анық шегі жоқ. Сондықтан барлық айыптау қорытындылары «Әминов, Козлов, Сапарғали әлеуметтік алауыздықты қоздырды» деп жазылған. Ал енді «Кім мен кімнің арасындағы алауыздықты қоздырды?» деген қарапайым сұраққа жауап жоқ .Кім мен кімнің арасындағы алауыздық? Түсінікті, бір жағында мұнайшылар болсын. Мені қызықтыратыны – екінші жақ. Яғни егер әлеуметтік алауыздық қозса, ол кімге қатысты қозды екен? Сөйтсек, оның кім екенін білу мүмкін емес. «Мұнайшылардың талаптары заңды» деп президенттің өзі кесіп айтты емес пе?! Ал бұлар болса, кімге қатысты екені белгісіз, әйтеуір «әлеуметтік алауыздықты қоздырдыңдар» деп адамдарды айыптайды. Әлеуметтік алауыздықтың екінші тарабы жоқ.
Бірдеңеге көңілі толмаған кез-келген адам бұл бап бойынша әлеуметтік алауыздықты қоздырған жан болып шыға келеді.