Бүгін, қарашаның 20-сы күні Алматыда бұқаралық ақпарат құралдарының қазақстандық нарығын дамыту мәселелеріне арналған бесінші медиа құрылтай өтті.
Жиында тәуелсіз ақпарат құралдары өкілдері мемлекеттік тапсырыстың қауіпті екені жайлы сөз қозғады. Ал билік өкілдері мен дептутаттар оларға қарсы уәж айтты.
МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС
«Бүгінгі медианың сапасына кері әсер ететін – мемлекеттік тапсырыс» деді Алматыдағы жиында сөз алған тәуелсіз ақпарат құралдардың өкілдері.
- Мемлекеттік тапсырыс жүйесі – жабық, нәтижесіз және бәсекелестікті дамытуға кедергі етеді. Ол біздің медиа нарығымызды бүлдіреді, - деді Солтүстік Қазақстандағы құқықтық медиа орталығының жетекшісі Диана Окремова.
Оның айтуынша, 2012 жылы мемлекеттік тапсырысқа бөлінген 22 миллиард теңгенің (шамамен 150 миллион АҚШ доллары) 20 миллиард теңгесі (шамамен 130 миллион доллары) «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарына тиген.
«Интерньюс-Казахстан» басылымының директоры Маржан Елшібаеваның айтуынша, «ақпарат құралдары мемлекеттік тапсырыс үшін емес, көрермен назары үшін таласуы керек - әйтпесе тапсырыс басылым тағдырын анықтайды».
- Украина ақпарат құралдарының тәжірибесіне тоқталсақ, мемлекеттік тапсырысқа әбден сенген ақпарат құралдары тапсырыс аяқталғанда көп ұзамай өздері де жабылып қалды, - дейді Украинаның хабар таратушылар ассоциациясының директоры Катерина Мясникова.
Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбековтың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс қажет – «ол тапсырыс қазақстандық телеарналарда толып кеткен шетелдік медиа өнімді ығыстыруға көмектеседі».
«Мемлекеттік тапсырыс зиян емес, бірақ оның кемшіліктері болуы мүмкін» деді министрлік өкілі.
- Мемлекеттік тапсырыс алатындардың барлығы билікті жақтайды деген пікір де дұрыс емес. Мәселен, «Время» газеті мемлекеттік тапсырысты орындайды. «Времяда» цензура бар деп кім айтады? Сыни мақалалар көп кездесетін Central Asia Monitor газеті де мемлекеттік тапсыс алады, - деді Болат Қалиянбеков
«РЕСЕЙ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНА ТЫЙЫМ»
Қазақстандық телеэфирдің 80 пайызы түрік пен орыс телеөнімдері екенін айтқан «31 арна» басшысы Бағдат Қожахметов шетелдік өнімдерді уақытша кіргізбеу бағдарламасын қолға алуды ұсынды.
- Украина үш жылға ресейлік ақпарат құралдарын өздеріне кіргізбей қойды. Нәтижесінде өздерінде оншақты мықты телеарналар пайда болды. Қазір олар ресейлік арналармен оп-оңай бәсеке түсіп келеді, - деді Бағдат Қожахметов.
«Forbs-Казахстан» басылымының жетекшісі Арманжан Байтасов көрерменнің талғамына сай өнім жасау қажет екенін айтты.
«Алау Казахстан» журналының бас редакторы Юрий Дороховтың ойынша, «сапалы өнім әрдайым сұранысқа ие».
- Мәскеудің «қысымына» төтеп беру үшін өзіміз отандық сапалы әрі қызықты өнім жасап шығаруымыз керек, - деді Юрий Дорохов.
Ал интернет басылымдар өкілдерінің ойынша, «ақпарат құралы мен оқырманның өзара тығыз байланысы – тығырықтан шығудың бір жолы».