55 жастағы Үміт Нұртазинаның үстелінде күнтізбе, валокордин дәрісінің құтысы және сот қаулысының бір бумасы жатыр. Бұрын келіні мен баласы, кішкентай екі немересімен бірге отыратын үстел қазір пәтердің мөр басылып, жабылған есігі алдындағы баспалдақ алаңында тұр. Биыл наурыздың 28-і күні Астана қаласының сот шешімін орындаушылары әйелді бір пәтерден көп баспанасы бар үлескер ретінде бұл үйден шығарып тастаған.
- Ішінде заттарым мен тоңазытқышым қалды. Ол наурыздан бері қосулы тұр, - дейді Үміт Нұртазина.
ЛИФТ ТҮБІНДЕ
Үміт Нұртазина лифт түбіне жайылған диванда ұйықтайды. Киімін ауыстырып, тамақтану үшін жақын маңдағы туыстарының үйіне барады. Пәтерін «заң жүзінде алғанмын» деп санайтын ол шақырған туыстарының үйіне барып тұруға келіспейді. Баспалдақта өтіп жатқан өмірі жайлы айтқан кезде әйел жылап жіберді.
- Ипотека төлеп көрмеген адам менің халімді түсіне алмайды, - дейді ол.
Үміт Нұртазина - соттың «бір пәтерден артық баспанасы бар үлескерлерге бір пәтері ғана қалдырылып, басқа пәтерлері өзге үлескерлерге берілсін» деген шешіміне іліккендердің бірі.
Пәтер қазір бос тұр. Үміт Нұртазинаның айтуынша, «бұл пәтер берілген үлескер әйел мұнда бір рет те келмеген».
Қолында пәтерді жалдау туралы келісім-шарты бар бір жігіт қана таяуда келіп үйге қоныстанбақ болған.
- Тіпті біраз заттарын да алып келіпті. Мынау - әкелген шкафынан қалған бөліктер. Қолында жалдау келісім-шартының түпнұсқасы жоқ екен әрі біз полиция шақыртқан соң кіре алмады. Оның біздің ПИК-те (пәтер иелері кооперативінде) жұмыс істейтінін кездейсоқ біліп қалдым, - дейді Үміт Нұртазина.
Сот орындаушылары баспалдаққа шығарып тастаған соң ол заттары мен өзін қорғау үшін бірнеше ай бұрын көршілерімен бірігіп лифтің чипін ауыстырыпты.
Қазір лифт әйел тұрып жатқан жетінші қабатқа тоқтамайды. Үміт Нұртазина мен көрші пәтердің тұрғындары лифтіні өз кілттерімен пайдаланады.
Тұрғындар жетінші қабаттағы көше жаққа қарайтын ортақ балконның да баспалдаққа шығатын есігін құлыптап тастаған. Үміт Нұртазинаның айтуынша, мұны қауіпсіздік мақсатында әрі Астананың суығынан қорғану үшін жасапты.
БІР АДАМҒА БІР ПӘТЕР
Биыл жыл басында үлестік құрылысқа қатысқан, бірақ құжат бойынша басында бір пәтерден артық үйі бар 50 отбасы Астана қалалық сотының шешімімен басқа баспана алу құқығынсыз үйінен шығарылды.
«Нұрзая» тұрғын үй кешеніндегі Үміт Нұртазина тұрған үй проблемалық объект ретінде республикалық бюджеттен бөлінген ақшаға салынған. Құрылыс компаниясы үлескерлерге берген уәдесін орындамаған. Пайдалануға берілген тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді әкімдік арнайы құрған комиссия бөлген. Құрамына проблемалық үйлердің тұрғын үй-құрылыс кооперативтері төрағалары да кірген комиссия пәтерлерді үкіметтің «бір адамға - бір пәтер» деген қаулысы талаптарына сәйкес бөлген.
Үміт Нұртазина бұл пәтер өзінің жалғыз баспанасы екенін сот арқылы дәлелдеуге тырысып жүр. Оның айтуынша, 2004 жылы әпкесінің күйеу баласы көпбалалы бір әулетке жататын жақын туыстарына 14 пәтер сатып алу үшін бір қомақты ипотекалық несие алған. Пәтердің кімдерге арналып сатып алынатыны банкпен бекітілген келісім-шартта көрсетілген. Бұл тізімде Үміт Нұртазина да бар. Былтыр бәрі бірігіп несиені өтеген.
«Пәтер жалдауға ақшам жоқ, ал ипотекасын төлеп, заңды алған пәтеріме әлдебіреулерді кіргізбеймін» деп бекінген Үміт Нұртазина сот біткенше осы баспалдақта тұрмақ.
Астана қаласы әкімдігі құрған «Жаңа Құрылыс» компаниясы қызметкерлері Азаттық тілшісіне «Үміт Нұртазина үлескер емес және бұл пәтерді иемденуге құқығы жоқ» деп мәлімдеді.
Астанада пәтерлерінен шығарылған үлескерлерге 2014 жылы салынатын жеке үйден пәтер бөлуге уәде берілген.