Көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың алғашқы саяси эмигранты Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы баяндайтын фильмнің тұсаукесері 2011 жылы шілде айында Өскеменде өткен еді.
Фильмнің автор-режиссері, ақын Қасымхан Бегмановтың айтуынша, осы оқиғадан кейін өскемендік «Flash!» газеті «Национал-демократы против Таможенного Союза» (2011 жылдың 26 шілдесі, авторы - Денис Данилевский) деген мақалада Мұстафа Шоқайды «қазақтың Власовы, фашистердің құйыршығы» деп жазған.
Ал журналист Сергей Михеевтің осы газетте 2011 жылы 6 тамызда жарық көрген «Когда черное становится белым» деп аталатын мақаласында «Мұстафа Шоқай – Қазақстан мен Орта Азияның бола алмай қалған әміршісі, фашистік ұйымның басшысы, «Түркістан легионының» идеялық жетекшілерінің бірі» деген пікірлер айтылған.
Қасымхан Бегмановтың ойынша, Мұстафа Шоқай ешуақытта «фашистердің құйыршығы», «қазақтың Власовы» болмаған - ол түрік халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігін көздеген».
Деректі фильм авторы соттан «Flash!» газетінің редакциясын Мұстафа Шоқай туралы шығарған мақалаларын теріске шығаруды міндеттеуді және моральдық зардап келтіргені үшін өзіне бес миллион теңге өндіріп беруді сұрайды.
«ШОҚАЙ РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ»
Журналист Денис Данилевскийдің айтуына қарағанда, «мақалада сөз – деректі фильм авторы мен режиссерінің шығармашылығы туралы емес – фильмнің бас кейіпкері, тарихи тұлға Мұстафа Шоқай жөнінде. Оның үстіне Мұстафа Шоқайдың тікелей мұрагері болмағандықтан Бегмановтың талап-арыз беруге де құқығы жоқ».
– Өзім де Ұлы Отан соғысында қасірет шеккен отбасынан шыққан адам болғандықтан Бегмановтың «Мұстафа Шоқайдың жолымен» деп аталатын фильмінде Мұстафа Шоқайдың фашистермен қалай ауыз жаласқаны туралы айтылмайтынын көргенде наразы болдым. Орта Азия республикаларының тұтқындағы адамдарынан Түркістан легионын құрып, оны Совет өкіметін төңкеру, сөйтіп Германияның протекторатындағы Түркістан мемлекетін құру мақсатындағы іс-әрекеті айтылмаған. Тарихтың осылайша бұрмалануын мақалада арнайы айта кетуіме түрткі болды, – деп жазады Денис Данилевский.
Ол «Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің осы фильмнің тұсаукесеріне журналистерді шақырып, мемлекеттік тапсырыс бойынша мақала жазуды тапсырғанына да» наразылық білдіреді.
Данилевскийдің сөзіне қарағанда, фашизммен ынтымақтасқан адамды өркениетті елдің ешқайсысы да ұлттық батырға айналдырмайды: «Қазақстанда да Мұстафа Шоқай елге еңбегі сіңген қайраткер, не батыр ретінде саналған емес. Шоқайдың еңбегі мойындалған мемлекеттік комиссия қорытындысы да, президентттің жарлығы да, тіпті заң да жоқ».
Журналист Мұстафа Шоқай туралы пікірі Бегманов талап-арыз берсе де өзгермейтінін айтты.
– Оны (Мұстафа Шоқайды – ред.) ұлттық батырға айналдыру президенттің саясаты мен елдің мемлекеттік саясатына қайшы келеді. Шоқайдың іс-әрекеті – Ресейге қарсы әрекет. «Ол түрік халықтарын азат ету үшін күресті» дейді. Кіммен күресті? Әрине, Ресеймен күресті. Қазақстан президенті, елбасы Назарбаев бұрынғы совет елдерін интеграциялауды көздеп жүр. Ал осындай жағдайда мұндай кейіпкерлер арқылы Ресейге қарсы байбалам салу әрекеті Қазақстанның геосаяси бағытына қарама-қайшы, – дейді Денис Данилевкий.
«КЕРЕҒАР ДЕРЕКТЕР»
Азаттық тілшісімен сөйлескен екі тарап та өз пікірлерінен айнымайтындарын айтты. Қасымхан Бегмановтың айтуынша, «Денис Данилевскийдің дәйектері советтік кезеңдегі идеологияға негізделген».
Ол пікіріне дәлел ретінде Мұстафа Шоқай туралы негізінен 2000 жылдан кейін шыққан қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми мақалалары мен монографияларын, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік архив деректерінің мәліметтерін келтіреді.
Мамандығы тарихшы екендігін ескерткен Денис Данилевский «Мұстафа Шоқайдың фашистермен, онда да фашистік рейхтің жоғары лауазымды жетекшілерімен ынтымақтас болғанына» дәлел ретінде Серік Шәкібаевтың 1972 жылы шықққан «Үлкен Түркістанның күйреуі» деген еңбегін, 1985 жылы шыққан «Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедиясының» 1-томын айтты.
Денис Данилевскийді талап-арыз берушінің өзіне келген моральдық зардапты қалай есептегеніне де таңғалғанын айтты.
– Қасымхан Бегманов бес миллион теңге сұрап отыр. 2011 жылы 16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасында мемлекет қаза болғандарға бір миллион теңге, ал жарақаттанғандарға 500 мың теңге берді. Яғни талап-арыз берушінің моральдық зардабы адам өмірінен де қымбат болып отыр ғой, – дейді ол.
«БӘРІНЕ МҰСТАФА ШОҚАЙ КІНӘЛІ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕСІН»
Ал шоқайтанушы ғалым Бақыт Садықованың Қасымхан Бегманов туралы «мамандармен алдын-ала ақылдаспаған саяси сауатсыз ақын», «түпкі мақсаты - Мұстафа Шоқайдың атын жамылып атағын шығару» деп, оның фильмін де сынады.
– Қасымхан Бегманов – саясаттан алыс адам. Сондықтан мұндай тақырыпты жақсылап білмей тұрып фильм түсірудің қажеті жоқ еді, – дейді Бақыт Садықова.
«Соғыс тұтқындары мен Мұстафа Шоқай тақырыбын зерттеп жүргеніне 15 жыл болғанын» айтқан ғалым Бақыт Садықова:
– Бұл тақырыпта ештеңе айтқым келмеген болатын, бірақ бір ғана нәрсені айта кетейін. Данилевский «Менің атам хабарсыз кетті, ал Михеевтің әкесі соғысқа қатысты, сондықтан Мұстафа Шоқайды қайраткер ретінде көрсетуге наразы болдық» деп жазады. Бұл ретте Данилевский мен Михеев бәріне кінәлі Мұстафа Шоқай екенін дәлелдесе ғана пікір айтуға болады, – деді.
«ӘЛДЕКІМДЕРДІҢ КӨБЕЮІ»
Сот басталмай жатып-ақ екі тарап та өздеріне түрлі қысым жасала бастағанын айтты.
«Flash!» газетінің бас редакторы Денис Данилевскийдің сөзіне қарағанда, мамыр айында газет сайтына, кейін қызмет телефонына әлдекімдер хабарласып, Мұстафа Шоқай туралы мақаласы үшін кешірім сұрамаса өзі мен отбасына қатер төнетінін айтып қорқытқан.
Қасымхан Бегманов та үйіне біреулер телефон шалып, ар-намысына тигенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, талап-арызы интернет бетіне шықққалы мазасын алатын әлдекімдер көбейген.