Accessibility links

Назарбаевтың 26-бапты өзгертпеуін әрқилы бағалайды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті

Қазақстанда конституцияға өзгерістер енгізу ұсынылып, меншік иеленуге қатысты 26-бапты өзгертуді жұрт шетелдіктерге жер сатумен байланыстырып, қарсылық туған еді. Қазақстан президенті Назарбаев 26-бап өзгермейтінін айтқан соң екі айға созылған дау аяқталғандай болды. Сарапшылар билік пен халықтың мұндай қатынасын әрқилы бағалайды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 1-і күні Астанадағы резиденциясында конституциялық өзгерістер жөніндегі жұмыс тобымен кездесіп, «Конституцияны көпшіліктің қолдағаны керек. Осы орайда мен 26-бапты бұрынғы қалпында қалдыруды ұсынамын» деп мәлімдеді.

26-бапты талқылаудан не нәтиже шықты?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:22 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Назарбаев 26-бапқа тиіспеуді ұсынды

Назарбаев 26-бапқа тиіспеуді ұсынды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:42 0:00

Қазақстанда конституцияны өзгерту жұмыс тобы құрылып, 26-баптағы "Қазақстан азаматы заңды мүлкін жеке меншігінде ұстай алады" деген сөйлемдегі "Қазақстан азаматы" сөзін "әркім" деп өзгерту мәселесі көтерілген. Бірақ бұған қоғамда қарсылық байқалып, әлеуметтік желіде жұрт оны шетелдіктерге жер сатумен байланыстырған. Назарбаевтың «26-бапты бұрынғы қалпында қалдыру» жайлы сөзінен кейін әлеуметтік желі қоданушылары арасында сүйінші сұрап жатқандар да бар.

«АҢЫС АҢДАУ»

Әуелгі реакция конституцияның 26-бабын өзгерту туралы хабар шыққалы қарсы пікір көп жазылған Facebook желісінде байқалды. Интернет пайдаланушылардың мұны «Facebook жеңісі» деп санайтындары аңғарылады. Кейбір қолданушылар тіпті алғыс айту күні жарияланған бұл шешімі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, Facebook әлеуметтік желісіне алғыс айтып жатты.

Саясаткер Дос Көшім.
Саясаткер Дос Көшім.

Саясаткер Дос Көшім «Facebook әлеуметтік желісіне алғыс айтудың жөні бар, өйткені көпшілік 26-бапқа наразылығын алаңға шығып білдірген жоқ, мәселе әлеуметтік желілерде көбірек айтылды» дейді. Оның ойынша, «бірақ президентке алғыс айту арқылы қоғамның саяси мәдениетінің деңгейі де білініп қалған».

- Президент хан немесе король емес, конституцияға қандай өзгеріс енгізілетінін заң бойынша парламент шешеді. Президентке орынсыз көпшік қою арқылы кейде өзіміз қолдан патша жасайтын сияқтымыз, - дейді Дос Көшім.

Дос Көшімнің ойынша, «әуелі ұсыныс жасап, ол дау туғызғандай болса, қайтарып алу - биліктің кезекті ойыны».

- Жер дауынан кейін халық азаматтық көзқарасын көрсете білгені рас, жеңдік деп отырғаны да сол. Бірақ шын мәнінде жеңген де, жеңілген де ешкім жоқ. Билік халықтың реакциясын байқап, аңысын аңдап көрді де бастапқы ұсынысын қайтарып алды. Енді халық өзіне де, президентке риза, - дейді ол.

«БИЛІКТІҢ ХАЛЫҚПЕН САНАСУЫ»

Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Алдан Смайылдың сөзінше, «конституцияның 26-бабын өзгерту жөніндегі ұсынысын қайтарып алуын биліктің халықпен санасуы деп те түсінген жөн».

Екі ай талқылағаннан кейін ұсынысты қайтарып алуы бір жағынан саяси ойын да шығар, бірақ мұны биліктің халықпен санасуы деп те түсінген дұрыс.
Алдан Смайыл

- 26-бап өзгертілетіні жайлы бастапқыда ресми түрде хабар болған жоқ. Оны әлдекім байқап қалғаннан кейін осындай дау шықты. Билік, сірә, халық байқамай қалған болар деп есептеген болуы керек. Екі ай талқылағаннан кейін ұсынысты қайтарып алуы бір жағынан саяси ойын да шығар, бірақ мұны биліктің халықпен санасуы деп те түсінген дұрыс, - дейді ол.

Назарбаев 2017 жылы қаңтардың 25-і күні теледидар арқылы жасаған үндеуінде билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу үшін конституцияға өзгерістер енгізу қажет екенін мәлімдеп, мұнан соң кейбір ұсыныстар БАҚ арқылы мәлім болған еді. Ақордадағы отырыста Назарбаев «конституциялық құқығымды пайдаланып, мен референдумға шығармай-ақ, парламентте талқылау арқылы Негізгі заңға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдадым» деп мәлімдеді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейін де бірнеше рет халық арасында дау тудырған мәселенің шешімін айтқан. 2010 жылы Қазақстанда ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін референдум арқылы 2020 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс жасалып, бастамашыл топ бірнеше ай белсенді жұмыс істеген науқанды Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тоқтатқан болатын. Оның бұл әрекетін сол кезде «халық ризашылығына бөленді» деп түсіндірген сарапшылар болған.

2016 жылы көктемде Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін жекешелендіру және шетелдіктерге жалға беруді көздейтін реформа көпшілік наразылығына тап болған еді. Елдегі бірнеше ірі қалалада жер кодексіне енгізілген түзетулерге қарсы шерулер өткенде Нұрсұлтан Назарбаев «халыққа ұнамайтын заң бізге керегі жоқ» деп мәлімдеп, енгізілген өзгерістерге мораторий жариялаған. Сол жылы тамыздың 19-ы күні ол жер кодексінің қоғамдық қарсылық тудырған кейбір баптарының күшіне енуіне салынған мораторий мерзімін бес жылға ұзартты.

ВИДЕО: 2016 жылғы жер дауы

2016 жылғы жер дауы
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:04 0:00

XS
SM
MD
LG