Accessibility links

ҮЕҰ-ның ақшаға байланысты кімге есеп берері сөз болды


"Мүгедек әйелдер қауымдастығы" үкіметтік емес ұйымы мүшелері. (Көрнекі сурет)
"Мүгедек әйелдер қауымдастығы" үкіметтік емес ұйымы мүшелері. (Көрнекі сурет)

«ҮЕҰ тек қаржыландырушыға ғана емес, халыққа да есеп беруі керек» дейді мамандар. Ал ұйым өкілі «халыққа баспасөз мәслихаты арқылы есеп беретіндерін» айтады.

«Бауыржан» қайырымдылық қоры деп аталатын үкіметтік емес ұйымның (ҮЕҰ) жетекшісі Жұлдыз Омарбекова қордың қаржылық есептері туралы деректі жыл сайын арнайы сайтта жариялап келе жатқанын айтады.

– Кей кезде бізге ақша беретін компаниялар өздерінің аттарын жариялағанды қаламайды. Ондай кезде жарияламаймыз. Осы жылғы есебімізді 15 желтоқсанда жариялаймыз. Кеңсемізге кез келген адам келіп, есебімізді көре алады, – дейді ол.

Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, ол осыдан үш жыл бұрын ҮЕҰ-ға қаржы есептерін жариялауға мүмкіндік беретін verification.kz жобасын бастаған, бірақ ұйымдардың көбі есептерін жариялауға құлшынбаған.

– Үш жылдың ішінде небәрі отыз шақты ұйым ғана кіріп, есептерін жариялап
«Бауыржан» қайырымдылық қорының қызметкері Жұлдыз Омарбекова.
«Бауыржан» қайырымдылық қорының қызметкері Жұлдыз Омарбекова.
жүр. Негізі көптеген ҮЕҰ есебін жариялағысы келмейді. Менің ойымша, олар өздерінің ұйымдарына артық назар аудартқысы келмейді. Елде көптеген ұйымдар мемлекеттен қаржы алады. Олар ондаған миллион теңге қаражат алып, ештеңе тындыра алмағандықтан ұялатын сияқты, – дейді Жұлдыз Омарбекова.

«НЕ ҮШІН ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУІМІЗ КЕРЕК?»

Қазақстанда ҮЕҰ-ның бірнеше қаржы көзі – үкімет (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруші), жеке компаниялар, халықаралық институттар, қоғам – бар. Мамандардың сөзінше, ҮЕҰ-ны қаржыландыруда үкіметтің үлесі көп, сондықтан мұндай ұйымдарға қоғамның сенімі аз. «ҮЕҰ мемлекетке, салық органдарына немесе қаржыландырушы ұйымдарға ғана емес, халыққа да есеп беруі керек» дейді олар.

Бұл мәселе қарашаның 26-сы күні Алматыда өткен, БҰҰ-ның «ҮЕҰ-ны есеп
Азалия Дайырбекова, "Орталық Азия - Еуразия қорының" президенті. Алматы, 26 қараша 2013 жыл.
Азалия Дайырбекова, "Орталық Азия - Еуразия қорының" президенті. Алматы, 26 қараша 2013 жыл.
беруге міндеттеу» туралы арнайы жобасына арналған жиында да айтылды.

– ҮЕҰ жобаларының барлығы халық, қоғам үшін жасалып отыр ғой. Бірақ көп жағдайда үкіметтік емес ұйымдар халық алдында есеп беруді жоққа шығарады. Сәйкесінше қоғам да бұл ҮЕҰ жайында білмейді. Ұйымдар жұмыс жасап жатырмыз дейді. Бірақ ешкім де оларды көрмеген, естімеген. Сенім де азаяды. Жұмыс істеу тиімділігі де төмендейді, – деді «Орталық Азия – Еуразия қорының» жетекшісі Азалия Дайырбекова.

Алматы қалалық әкімшілігінің тапсырыстарын орындаумен айналысатын ҮЕҰ – «Темекісіз Қазақстан» ұлттық коалициясының жетекшісі Жәмила Садықова қарапайым азаматтарға есеп бермейтінін, тек баспасөз мәслихатымен шектелетінін айтады.

– Халық бізге ақша бермейді ғой. Халыққа неліктен есеп беруіміз қажет? Халық алдында не жасалғаны, қандай қорытынды болғаны жөнінде баспасөз мәслихаты түрінде есеп береміз. Ал толық есепті ақша берген донорға ғана береміз, – дейді Жәмила Садықова.

«ЕСЕП БЕРУ НЕГІЗСІЗ АЙЫПТАН ҚҰТҚАРАР ЕДІ»

«Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» ұйымының жетекшісі Зәуреш Батталованың сөзінше, азаматтық қоғам «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
Зәуреш Батталова, "Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры" қоғамдық қорының президенті. Алматы, 26 қараша 2013 жыл.
Зәуреш Батталова, "Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры" қоғамдық қорының президенті. Алматы, 26 қараша 2013 жыл.
арқылы бюджет арқылы қаржыланатын ұйымдар» мен «тапсырыс ала алмайтын ұйымдардар» болып бөлінген кезде есеп беру – екі жаққа да өте маңызды.

– Есеп беру мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа арналған лот ашық болуы үшін керек, осы лоттардың қаржысы сол мәселемен шын айналысып жүрген ҮЕҰ-ға бөлінуі үшін керек, – дейді Зәуреш Батталова.

Ол Қазақстанда қоғамды демократияландыру, әлеуметтік саланы дамыту сияқты өте маңызды жобаларды қаржыландырып жүрген халықаралық институттарға беделдерін түсіру мақсатында айып тағылатынын айта келе:

– Есеп беру жүйесі Батыс гранттарымен өмір сүріп отырған ұйымдарды негізсіз айыптардан құтқара алар еді, – дейді.

ҮЕҰ жұмысына Қазақстан билігі де назар аударып жатыр. Қараша айында президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев «мемлекет ең бірінші кезекте нәтижесі нақты көрінетін ҮЕҰ-лардың қызмет көрсету сапасын жақсарту керек» екенін айтты. Бірақ биыл мәдениет және ақпарат министрлігі парламентке жіберуге әзірлеп жатқан «ҮЕҰ-ларды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы көп дау туғызған.

Ресми дерек бойынша, соңғы он жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін ҮЕҰ-ларға бюджеттен 11 миллиард теңге (тек 2013 жылы ғана – 2 миллиард теңге) бөлінген.

Қазақстанда шамамен 27 мың ҮЕҰ ресми тіркелген. Сарапшылардың айтуынша, олардың көбінің қызметі қарапайым азаматтарға түсініксіз. Көптеген ҮЕҰ үкімет пен жекелеген мемлекеттік ведомствоның имиджін қалыптастырумен айналысады. Мұндай ҮЕҰ-ны қазір жұрт GONGO (ағылшынша, Government-Organized Non-Governmental Organization – үкімет құрған үкіметтік емес ұйымдар) деп атайды. Билікке тәуелсіз ҮЕҰ қатары жылдан жылға сиреп барады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG