Қаңтардың 5-і күні Қазақстандағы Православие шіркеуінің басшысы митрополит Александр елде тұрып жатқан барша православие қауымын Рождество мерекесімен құттықтады. Сәрсенбі күні өткен жиында журналистердің сұрақтарына жауап берген ол елдегі саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты көзқарасын да жеткізді.
РЕФЕРЕНДУМ
Референдум туралы сұраққа келгенде митрополит Александр алыстан орағытып, «Қазақстанның жиырма жыл бойы жеткен жетістіктерін» санамалап шықты. Жиын барысында президент Назарбаевтың сөзін ауық-ауық қайталап, Қазақстанның осыған дейін жеткен жетістігін үнемі Назарбаевтың атымен байланыстырып отырды.
– Елде сәтті жұмыс істеп жатқан, бәсекеге қабілетті, тек шикізатқа байланбаған ашық экономика құрылды. Мемлекетіміздің жүргізіп отырған әлеуметтік саясатына ерекше тоқталғым келеді. Әлеуметтік саясатымыз қамқорлыққа зәру адамдардың жағдайын жасауға бағыттылған... Осының бәрі – халықтың рухани потенциалы мен тарихи тәжірибесіне сүйенген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шынайы істерінің жемісі, – деді митрополит.
Ол сөз арасында Қазақстанның халықаралық қауымдастықтан мықтап орын алғанын айта келе, Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитін «ұлы форум» деп атады. Митрополит референдумды қолдау не қолдамаудың астарында азаматтардың осы жүйеге деген адалдығы жатыр деп есептейді.
– Менің ойымша, егер референдум бола қалса (бұл менің жеке пікірім), онда президенттің өкілетін ұзарту мәселесі емес, 20 жыл бойғы еркін де әділ қоғам құруға бағытталған, қалыптасқан жүйемізге деген адалдығымыз шешіледі, – деді митрополит Александр.
ҚАЗАҚША ЖОЛДАУ
Қараша айында православие шіркеуі алдағы уақытта қазақша уағыз айтуға көшетінін мәлімдеп, бірқатар кітап пен дұғалардың қазақ тіліне аударылып жатқанын хабарлаған еді. Сәрсенбілік жиында осыған қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берген митрополит Александр православие дінінде уағыздардың қазақша нұсқасы бұрыннан барын айтып, оның ешқандай жаңалық емес екенін сездірді. «Ал қазақша жолдауларды қиындықсыз-ақ сайтымыздан оқуға болады. Оған таңғалып керегі жоқ. Бұл – жыл сайынғы дәстүр» дегенді айтты митрополит.
– Қазақстан президентінің сайты үш тілде шығады. Митрополияның да өз сайты бар. Ол орыс, ағылшын және қазақ тілінде. Қиын ештеңесі жоқ. Митрополия.кз деген сөзді терсеңіз, Ресейдегі әулие Кирилдің қазақша және орысша жолдауларын оқи аласыздар. Менің Рождество алдындағы құттықтау сөзімді де қазақша оқи аласыздар, – деді митрополит Александр.
Ол православие дінінің қазақтарды өзіне тартуды мақсат тұтып отырмағынын, бұл керісінше «деструктивті секталармен» күресті күшейтеудің тәсілі екенін да айта кетті. Елде түрлі «секталардың» қаптап кеткенін тілге тиек еткен митрополит дәстүрлі дін өкілдері бойынан табылмайтын, өз ісіне белсенділік, творчестволық тұрғыда қарау сияқты қасиеттерді де атап өтті.
«ДІНТАНУ» ПӘНІ
Митрополит Александр жиын барысында осы оқу жылынан бастап орта мектеп бағдарламасына енетін «Дінтану» пәніне қатысты ойын ортаға салды. Ол дін туралы білімге кішкентайынан қанығып өскен баладан болашақта экстремист, радикалды топ мүшесі шықпайтынына сенімді. Шикі тұстары бар оқулықты түзетуге православие діні өкілдерінің де ниеттес екенін айтты.
– Мен бұл оқулықты білемін. Оны Қазақстанның дәстүрлі дін басшылары – мұсылман бауырлар да біледі. Онда жазылған бірқатар мәселеге қатысты ескертпе, тілектеріміз бар. Өткен жылы желтоқсан айында Астанадағы шіркеуде өткен синодта мұны қарастырып, оқулықты түзету үшін, онда бұлыңғыр жайт, қате, т.б болмау үшін өз көзқарасымызды анықтап шығардық. Ниеттес хатымызды Білім және ғылым министрлігіне жөнелттік, – деді митрополит Александр.
2009 жылдың тамыз айында Білім және ғылым министрлігі орта мектептердің 9-сыныптарына «Дінтану» пәнін енгізу жөнінде шешім қабылдаған еді. Сенатор-ғалым Ғарифолла Есімнің «Дінтану» оқулығы жарыққа шыға салысымен көптеген мамандардың сынына ұшырады. 2010 жылдың тамыз айында қайта өңдеуге жіберілген оқулықтың жаңа нұсқасы енді осы оқу жылының екінші жартысынан бастап оқытыла бастайды.