Accessibility links

Пастор Қашқымбаев шартты жазамен босатылды


«Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаев бостандыққа шықты. Астана, 17 ақпан 2014 жыл.
«Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаев бостандыққа шықты. Астана, 17 ақпан 2014 жыл.

«Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы, тоғыз ай абақтыда отырған Бақытжан Қашқымбаев бостандыққа шықты. Бірақ ол шіркеуге келіп жүрген әйелдердің бірінің «психикасына қасақана ауыр зардап келтірген» деген айыппен шартты жазаға сотталды.

Ақпанның 17-сі күні Астана қаласы Алматы аудандық соты 67 жастағы пастор Бақытжан Қашқымбаевты төрт жылға соттап, үш жыл сынақ мерзімін тағайындау туралы үкім шығарды. Қамауда ұстау шарасын ешқайда кетпеу және тәртіп бұзбау туралы қолқатқа ауыстырды. Судья Қашқымбаевты сот залынан босатты.

Бірақ сот оны қылмыс жасады деп таныды, ал пастордың өзі бұл айыпты мойындамайды. Сот «пастор Қашқымбаев «Благодать» шіркеуіне келіп жүрген Ләззат Әлменоваға үш жыл бойы ұзақ әрі үздіксіз психологиялық әсер етіп, ақыры жәбірленуші дүркін-дүркін қозып тұратын паранойя түріндегі шизофрения дертіне шалдыққан, оның созылмалы түрі мен емделу дәрежесіне қарамастан, бұл денсаулыққа ауыр зиян келтіру болып саналады» деп мәлімдеді.

Ал Ләззат Әлменова Азаттыққа берген сұхбатында: «Ақыл-есім бүтін, денім сау. Психиатриялық ауруханаға еркімнен тыс бірнеше мәрте жатқызды» деп мәлімдеген. Ол Қашқымбаевты босатуды сұрап құзырлы органдарға талай рет арыз жазған. Бірақ еркінен тыс өткізілген сараптамалардың бірі Әлменованы «өздігінен әрекет етуге қабілетсіз» деп танып, әпкесі Гүлдана Әлменованы соттағы өкілі ретінде тағайындады.

Сот «моральдық зиянның өтемақысы мен адвокат қызметінің ақысы үшін пастор
Пастор Қашқымбаевтың адвокаты Нұрлан Бейсекеев (сол жақта). Астана, 13 ақпан 2014 жыл.
Пастор Қашқымбаевтың адвокаты Нұрлан Бейсекеев (сол жақта). Астана, 13 ақпан 2014 жыл.
жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге төлеуге міндетті» деген шешім шығарды.

– Егер бұл істегі барлық айғақ-дәйектер мен жайттар дұрыс тексеріліп, ескерілсе, пасторға қатысты ақтау үкімі шығады деп үміттеніп едім, – дейді пастордың адвокаты Нұрлан Бейсекеев.

Бақытжан Қашқымбаевтың ісі бойынша қаңтардың 22-сінде басталған соттың кейбір отырыстары процеске қатысудан бас тартқан сотталушы мен оның адвокатынсыз өтті. Сот процесі кезінде прокуратура «экстремизм» және «әлеуметтік араздықты қоздыру» баптары бойынша айыптауларынан бас тартты. Бірақ денсаулығына байланысты тергеу абақтысынан үй қамағына ауыстырған Қашқымбаевты былтыр қазан айының 8-інде осы баптар бойынша қайта қамауға алған еді. Кейін Қашқымбаевтың ісін алғашқы айыптау бойынша тергеуді жалғастырғанымен, сотталушының «денсаулығым нашар, тергеу абақтысында тиісті медициналық көмек көрсетпейді» деген шағымдарына қарамастан оны үй қамағына босатпады.

Бақытжан Қашқымбаев 2013 жылдың мамырынан бері қамауда отырды. Пастор қамауға алынған сәттен бері тағылған айыптарды мойындамай келді және өзіне
Пастор Бақытжан Қашқымбаев үкім шығарған сотта отыр. Астана, 17 ақпан 2014 жыл.
Пастор Бақытжан Қашқымбаев үкім шығарған сотта отыр. Астана, 17 ақпан 2014 жыл.
қарсы сотты «қолдан жасалған процесс» деп атайды. Үкім жарияланғаннан кейін пастор Қашқымбаев Азаттық тілшісіне шағын комментарий берді.

– Менің кінәм жоқ. Маған қарсы айыптау құжаттары, мысалы, суда шоқындыру сертификаты қолдан жасалған, – дейді ол.

Пастордың бұдан әрі сөйлеуге мұршасы болмады: оның қолындағы кісенді шешіп, сотталушылар отыратын жерден босатты. Тиісті құжаттар ресімделгеннен кейін оны бостандыққа шығарды. Сот ғимараты есігі алдында оны әйелі Әлфия мен «Благодать» шіркеуі өкілдері қарсы алды. Шіркеудің үкім жариялауға қатысқан басқа өкілдері ғимараттан ертерек шығып кеткен. Айыптау үкіміне қатысты пікірін айтпағанымен, олардың ренішті екені жүздерінен көрініп тұрды.

Құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігін пастор Қашқымбаевтан «сандырақ» айыптауларды алып тастап, оны абақтыдан дереу босатуға шақырған. Құқық қорғаушылар қамауда отырған пасторды еркінен тыс психиатриялық сараптамадан өткізуді де сынаған.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG