Осылайша, парламент депутаттары саяси реформаның негізі болып табылатын жоғарыдағы заң жобаларына қатысты қоғамда көтерілген пікірлердің көбін ескермеді. Парламенттегі жалғыз өзге партияның өкілі, «Патриоттар» партиясының төрағасы Ғани Қасымов ең болмаса «Саяси партиялар туралы» заң жобасы талқыланып жатқан кезде «Нұр Отаннан» басқа партияның өкілдерінің шақырылмағанына, олардың пікірлеріне құлақ асылмағанына қынжылыс білдіреді.
«Әдетте, балықтар туралы заңды қараған кезде жанымызда балықшылар отырады, аңдар туралы заңды қараған кезде аңшылар қасымыздан табылады, ал саяси партиялар туралы заңды қараған кезде саяси партиялардың өкілдерін көргенім жоқ, олардың құқықтарын аяқасты еттік», -деді Ғани Қасымов.
«Саяси партиялар туралы» заң жобасына қатысты қоғамдық ұйымның өкілдері мен оппозициялық партияның өкілдері саяси партияны құрар кезде ұйымдастыру комитетінің де Әділет министрлігінен тіркеуден өтетіні туралы бапқа наразылық білдірген еді. Сонымен бірге партия тіркелу үшін 50 мыңнан 40 мың мүшеге дейін ғана қысқарту да күлкілі жағдай деген пікірлерін айтқан болатын.
«Сайлау туралы» Конституциялық заң жобасына сәйкес, енді саяси партиялар сайлау науқаны кезінде бірігіп блок құра алмайды. Бұл өзгеріске қатысты әділет министрі Зағипа Балиева сайлау кезінде әрбір саяси партиялар өздерінің күшін халықтың алдында жеке дара көрсету керек деп атап өтті. Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова осы заң жобасындағы 7 пайыздық межені 5 пайызға түсіру керек деген ұсынысын білдірсе, Орынбай Рахманбердиев мәжіліс құрамы екі партиядан кем болмауы керек деген өзгерісті алып тастап, партиялар қанша пайыз дауыс алса, сонша адам сол партиядан мәжіліске баруы керек деген пікірін жеткізді.
Егер сайлаудан бір ғана партия жеңіп шықса, екінші орын алған партияны спарринг-серіктес ретінде мәжіліске жіберу мүмкіндігін берген бұл құжатты сенатор Ғани Қасымов заңға қайшы норма деп санады. Ол спарринг-серіктес партияны «жексұрын үйрекке» теңеп, «Нұр Отанның» жанында «бақылдап отыратын бір үйрек» билікке керек болды дейді.
Үкіметтің ұсынып отырған спарринг-серіктес партия туралы бабына қатысты әділет министрі Зағипа Балиева «Біз мәжіліске барлық саяси партияның өкілдерінің өткенін қалаймыз. Бірақ халықтың өзі таңдауын бір ғана партияға жасап отыр. Халық ешқашанда, кез- келген қиындық кезеңінде де қателескен емес. Қайта біз заң шығару мекемесінде бір партияның болғанын қалап отырған жоқпыз»,- деп жауап берді.
«БАҚ туралы» заң жобасына қатысты қоғамдық ұйымдардың осыған дейін көтеріп келген басылымға шектен тыс сомада айыппұл төлетуді доғару керек, бұл заңмен реттелу керек деген ұсыныстарын сенатор Ғани Қасымов Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құлмұхаммедке қойды. Алайда бұл сұраққа министр мырза нақты жауап бермеді.
Егер президент жоғарыдағы заң жобаларына қол қойса, заңдар күшіне енеді. Алайда олардың кері күші жоқ. «БАҚ туралы», «Саяси партиялар туралы» заң жобалары қол қойған күннен бастап жұмыс істесе, «Сайлау туралы» заң жобасы күшіне енгеннен кейін қазіргі «Нұр Отан» партиясынан тұратын мәжілістің тағдыры қалай болмақ? Оған сенат депутаттарының өздері де қызығушылық танытты. Алайда, бұл мәселеге әділет министрі Зағипа Балиева тым саяси сұрақ деп, бірақ қайта сайлау өткізуге негіз жоқ деп жауап берді.
Заң жобаларына дауыс беріп жатқан кезде, спикер Қасымжомарт Тоқаев әріптесі Ғани Қасымовқа қарап, «мен Зағипа Балиеваға дауыс беріп жатырмын, сен де осыны жақтап дауыс бересің ғой» деп әзілдеді. Ғани Қасымов әрбір әзілдің астында шындық тұратынын түсінді ме, әйтеуір заң жобаларына дауыс беріліп жатқан кезде бірде- бір қарсы болған депутат көрінбеді.