«Бильд» газетінің мәліметінше, Қазақстанның 71 жастағы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұртқа жария қылмай Гамбург-Эппендорф медициналық орталығында дәрігерлік тексеруден өткен, ол жатқан ауруханаға күшті күзет қойылған.
Басылымның жазуынша, Қазақстан президенті неміс ауруханасына Германия сыртқы істер министрлігінің делдалдығымен жатқан. Бірақ министрліктегілер «Франс-Пресс» агенттігінің тілшісіне берген жауабында Нұрсұлтан Назарбаевтың Гамбургте болған-болмағандығынан хабарсыз екендерін айтты, ал аурухана өкілі түсінік беруден бас тартқан.
Азаттық радиосы осы ақпараттың анық-қанығын білу үшін сейсенбі күні Астанадағы Қазақстан президенті әкімшілігіне хабарласты. Алайда телефон тұтқасын көтерген, аты-жөнін айтқысы келмеген адам: «Біз мұндай сұрақтарға жауап бермейміз» деп қысқа қайырды.
Өткен аптада Ақорда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қысқа мерзімді демалысқа кеткенін хабарлаған еді.