Алматы қаласының 38 жастағы тұрғыны Әнел Н. күйеуінен ажырасып кеткелі 12 жастағы қызы мен 6 жасар ұлын жалғыз өсіріп келеді.
АЖЫРАСҚАННАН КЕЙІН
Ай сайын қолына тиетін 36 мың теңге алимент екі баланың тамағы мен киіміне жетпейді. Ол жуырдағы теңге девальвациясынан кейін баға көп қымбаттайды деп уайымдайды.
Әнел екінші баласы дүниеге келген соң күйеуінен ажырасқан. Екеуінің ажырасу туралы арызын алты ай қараған Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты бұрынғы күйеуін алимент төлеуге міндеттеп, шешім шығарған. Бірақ кейін Ресейге кетіп қалған ол алиментті төлемей қойған.
- Құқық қорғау органдарына рахмет. Бұрынғы күйеуімді тауып, бүкіл қарызын қайтартты, - дейді Әнел.
Полиция алимент төлеуден жалтарған жігіттің банктен несие алғанын да анықтаған.
«АЛИМЕНТ ЖЕТПЕЙДІ»
Әнел екі жұмыс істейді: дәріханада сатушы әрі демалыс күндері Алматыдағы кеңселердің бірінде еден жуады. Екі жұмысынан айына 75 мың теңге алады.
- Екі балаға айына 36 мың 213 теңге алимент аламын. Оның 5-7 мың теңгесі коммуналдық төлемге кетеді, 20 мыңына тамақ аламын. 10 мың теңге киім-кешекке қалады. Мына заманда оған не сатып алуға болады? – деп қынжылады Әнел.
Әнелдің айтуынша, 36 мың 213 теңгені биылдан бастап қана ала бастаған. Бұған дейін екі балаға 8 мың теңге алимент алған. Бұрын алимент мөлшері ең төмен жалақы мөлшерімен есептелетін. Бір жыл бұрын қазақстандықтардың орташа жалақысы - 75 мың теңге, ал ең төмен жалақы - 18 мың теңге болған.
- Биылдан бастап республика бойынша орташа жалақы көлемі 108 мың теңге болды. Бұрын тапқаным тамағымызға жетпейтін. Қарызданбаған адамым қалмады. Әйтеуір әпкем көмектесіп, ай сайын 25 мың теңге беріп тұрады. Соның арқасында күн көрдік, - дейді Әнел.
Қазір алимент төлеуден жалтарғандарды екі жылға дейін түрмеге қамау жазасы қарастырылған. Оларға банктер несие бермейді, шетелге шыға алмайды. Бірақ Әнел «бұл шаралар жеткіліксіз, алименттің көлемін қайта қарау қажет. Өйткені әйелінен ажырасқандар кейде нақты табысын жасырып, толық көрсетпейді» дейді.
Балаларының болашағына алаңдайтын Әнел «Екеуін ақшасыз қалай оқытамын?» деп уайымдайды. Екі жұмыста істейтін ол балаларын кейде тәулік бойы көрмейді. Балаларының оқу үлгерімі де нашар. Туыстары, құрбылары, көршілері бірі - ескі киімін, бірі азық-түлік беріп көмектеседі. Ол әке-шешесі сатып алып берген бір бөлмелі пәтерде балаларымен тұрады.
- Бір жыл ет жемеген кезіміз де болды. Көбінесе картопты суға қайнатып, буға пісіріп, қуырып жейміз. Қызымда анемия, ұлымның асқазаны ауырады. Ер жетіп қалған балалар қатарынан қалмай киінгісі келеді. Екі жыл бұрын қызым екеуміз қыста бір етікті кезекпен киіп шықтық, - дейді Әнел.
Екі баланың анасы «Балаларымды күйеуіме қуана-қуана жіберер едім. Бірақ басқа елде жүрген оның мекенжайын толық білмеймін» дейді.
Әділет министрлігінің деректеріне қарағанда, 2012-2013 жылдары Қазақстанда алимент өндіру туралы 80 мың 200 талап-арыз қаралған. Оның ішінде 57 мың 637 іске қатысты сот шешімі шыққан. Қазақстанда 54 мыңнан аса бала алимент алмайды.