«Тыңайтқыш ретінде тезек сатып аламын немесе сатамын» дейтін жарнама интернетте жиі жолығады. Ал қостанайлық кәсіпкер мал тезегінен биогаз алатын құрылғыны биыл іске қосты. Бірақ ол газдан электр қуатын өндіру үшін рұқсат ала алмай отыр.
Қостанай облысы Қарасу ауданындағы кәсіпкер Серік Қажиев мал тезегінен метан газын алып, оны электр қуатына айналдыратын құрылғыны Қазақстанға 2009 жылы әкеліпті.
«ТЕЗЕКТІҢ 60 ПАЙЫЗЫ – ГАЗ»
– Еуропада биогаз технологиясы 30 жылдан бері жүзеге асып келеді. Олар көбіне шошқаның қиын қолданады. Ал бұл – Қазақстандағы алғашқы биогаз құрылғысы, - дейді кәсіпкер.
«Құрылғыны орнату үшін бір жарым жыл уақыт кеткенін» айтқан Серік Қажиев бұл аппаратты әкелу өз компанияларының бастамасы екенін, бұл ой 2008 жылы Германиядағы көрмеде туғанын айтады.
– Бізде 5 мыңға жуық ірі қара мал бар. Бір қара малдан бір жылда 9 тонна тезек шығады. Ал бізге бір жылда 16 мың тонна қи қажет болады. Тезекті құрылғыдағы екі ферментаторға сумен араластырып саламыз. Әзірше біз тек метан газын алып отырмыз. Тезектің 60 пайызы – газ. Екі шетелдік қозғалтқыш бар, газ соларды жұмыс істеткізеді, сосын оны екі генератор арқылы электр энергиясына айналдырамыз, – деді Серік Қажиев.
Серік Қажиевтің сөзінше, Украинадан әкелген құрылғының бағасы 400 миллион теңге болған. Кәсіпкер елде өзге де биогаз құрылғылары бар екенін, бірақ «олардың барлығы да кішігірім қолдан жасалынған аппараттар» екенін айтты.
Қазір осы құрылғы арқылы тезектен газ өндіріп отырғанын кәсіпкердің сөзіне қарағанда, «аппарат толық жұмыс істеп тұрған жоқ».
– Оны әкелмей тұрып, қандай проблемалармен кездесу мүмкін екенін ешкім білмеген. Токты өзіміз өндіруге рұқсат жоқ. «Анандай құжат керек, мынандай құжат керек» дейді, сонымен жүрміз ғой әлі, – дейді кәсіпкер.
Серік Қажиевтің айтуынша, "биыл іске қосылған аспаптың жылына 3 миллион 752 киловатт электр қуатын өндіретін мүмкіндігі бар - ол қуат кәсіпорынды және көршілес бірнеше ауылды электр жарығымен қамтамасыз етуге жетеді". Кәсіпкердің компаниясына жылына 1 миллион 200 мың киловатт қуат керек екен.
- Егер электр қуатын өндіруге рұқсат алсақ, өзімізден артылған энергияны электр таратушы компанияларға сатар едік, - дейді кәсіпкер.
Аппаратын «экологияға да, экономикаға да пайдалы» деп атаған кәсіпкер тек «техникалық кедергілерге» душар болып тұрғанын, бірақ мәселе алдағы бірнеше ай ішінде шешілетін шығар деп үміттенетінін айтты.
«ҮЛКЕН ҚАЛАҒА – ТАБИҒИ ГАЗ, ШАЛҒАЙ АУДАНҒА – БИОГАЗ»
Эколог Мұсағали Дуамбековтің айтуынша, «биогаз құрылғылары арқылы газ алу өте пайдалы нәрсе – бірақ ауыл шаруашылығындағы фермерлер соны пайдаланып жүрген жоқ».
– Мүмкін ондай технологияға көшкеннен гөрі электр энергиясы арзанырақ шығар. Сондықтан елде биогазды пайдалану технологиясы қарқынды жүріп жатқан жоқ. Бірлі жарым фермерлер ғана осындай бастама көтеріп жүр, - дейді эколог.
Мұсағали Дуамбеков ондай құрылғы орнатуды «көп қаражатты талап ететін бастама» деп санайды. Ол биогаз құрылғылары арқылы шығатын метан газы мен табиғи газды салыстырды.
– Кәдімгі пайдаланып жүрген газдың тазалығы, оттық коэфиценті жоғары. Бірақ оны айдаладағы шаруашылыққа жеткізу оңай емес. Сондықтан көгілдір отынды үлкен қалаларда пайдаланып, шалғай аудандарда биогаз технологиясын қолдану тиімді болар еді. Бірақ фермерлер өзге проблемаларымен жүріп, бұған назар аудармайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі биогаз технологиясына қаражат бөлді дегенді естімедім. Меніңше, осы саланы дамыту үшін министрлік тарапынан белгілі бір ұсыныс болу керек, – дейді ол.
Экологтың айтуынша, биогаз құрылғылары тек бір ғана шаруашылыққа қажет газ және электр энергиясын өндіре алады.
Биогаз құрылғыларын сататын арнайы компаниялардың кейбірі оларды Қытайдан әкелетін болса, тағы біреуі Украиналық аппараттарды ұсынады.
«БИОГАЗҒА АРНАЛҒАН 42 БЮДЖЕТІК ЖОСПАР БАР»
Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Марат Қалиасқаровтың сөзіне қарағанда, Қазақстанда биогаз құрылғылары туралы әңгіме 1990-жылдардан бері айтылып жүр.
– Дүниежүзінде осы бағыттағы зерттеулер ертеден жүргізіліп келе жатыр. Үндістан, Қытай, АҚШ сияқты елдерде көп мөлшерде жиналатын қиды ары қарай тезірек пайдалану жақсы жолға қойылған, – деді маман.
Оның сөзінше, осы салаға үкімет, ауыл шаруашылығы министрлігі, «КазАгроИнновация» мемлекеттік компаниясы көңіл бөліп, 42 бюджеттік жоспар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
– Өткен үш жылдықта жұмыс басталды. Ірі қара мал бар қоралар маңында қиды өңдеуге арналған 5 кубтық биореакторлар қойып, зерттеулер жүргіздік. Ендігі жерде осы биореакторлардың көлемін ұлғайту жоспарда бар, – деді Марат Қалиасқаров.
Маман қазір жасалып жатқан биореакторлар зерттеу жұмыстарына бағытталғанын айтты. «Сондықтан оның бағасы қанша болатыны әлі нақты емес, тек шетелдік құралдарға қарағанда арзанырақ болады» дейді ол.
Марат Қалиасқаровтың айтуына қарағанда, «қазір қазақстандық фермерлер биореакторларға қызығып отыр – тек алдын-ала ауыл-ауылды аралап, түсіндіру жұмыстарын жақсылап жүргізу керек».
Ғылыми-зерттеу институты өкілі Қостанайдағы кәсіпкер Серік Қажиевтің проблемасымен таныс емес екенін, бірақ «қажет болса, көмектесуге дайын» екенін айтты.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі өкілі де бұл мәселеден бейхабар екенін хабарлады.