Accessibility links

Әлем елдері «Домодедоводағы» террорлық жарылысты айыптады


Дәрігерлер «Домодедово» әуежайындағы жарылыста жараланған адамды алып барады. Мәскеу, 24 қаңтар 2011 жыл.
Дәрігерлер «Домодедово» әуежайындағы жарылыста жараланған адамды алып барады. Мәскеу, 24 қаңтар 2011 жыл.

Әлем елдері мен халықаралық ұйымдар басшылары «Домодедоводағы» 35 адамның өмірін қиып, 100-ден астам кісіні жаралаған жарылысқа байланысты Ресей үкіметі мен халқына көңіл айтты. Қазақстан жағы ол жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың жоқ екендігін хабарлады.


Қаңтардың 25-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбіде Ресей астанасындағы «Домодедово» әуежайында болған жарылысқа байланысты көңіл айтып Ресей президенті Дмитрий Медведевке жеделхат жолдаған.

«Домодедово» әуежайында бейбіт азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануына алып келген лаңкестік әрекет туралы хабарға қатты күйзелдім. Қазақстан халқы және жеке өз атымнан сізге, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – делінген Қазақстан президентінің ресми сайтындағы жеделхат мәтінінде.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов сейсенбі күні Азаттық радиосына «Домодедово» әуежайында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екендігін хабарлады.

Ресейлік ресми орындардың соңғы деректері бойынша, қаңтардың 24-і күні Мәскеудегі «Домодедово» әуежайында болған жарылыс салдарынан 35 адам қаза тапқан. Олардың 26-сының кім екендігі анықталған.

Қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында шетел азаматтары да бар. Азаттық радиосы Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Қырғыз сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза болғандардың бірі өз елінің азаматы екендігін растаған.

Ал жарылыс салдарынан жараланғандар туралы әзірше нақты ақпарат жоқ. Ресей денсаулық және әлеуметтік даму комитеті жаралылар саны – 135 адам десе, Төтенше қызмет министрлігі – 180 адам жараланған дейді. Жарақатпен ауруханаға жеткізілген 110 адамның 38-інің ауыр халде екені хабарланды.

Бүгін ресейлік «Ведомости» басылымына берген сұқбатында Ресей президенті Дмитрий Медведев «қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін «Домодедово» әуежайының басқарушылары жауап беруі керек» деп мәлімдеген.

Тергеушілердің болжамы бойынша, «Домодедово» әуежайындағы жарылысты жанкешті жасаған. Ресейдің террорға қарсы ұлттық комитетінің өкілі әуежайдағы сақтық шаралары әлсіз болғанын айтты.

Әлем елдері мен халықаралық ұйымдардың басшылары Мәскеудегі террорлық шабуылды айыптап жатыр.

АҚШ президенті Барак Обама бұл оқиғаны «жан түршігерлік зорлық-зомбылық» деп атады.

БҰҰ Бас хаттшысы Пан Ги Мун жарылыс туралы естіп қатты күйзелгенін мәлімдеді.

Еуропа Одағы Ресей үкіметі мен халқына көңіл айтып, кез-келген техникалық жәрдем беруге әзір екендігін білдірді.

НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен әлем елдерінің террорға қарсы күштерін үйлестіру қажеттігін атап айтты.


«Домодедово» әуежайындағы жарылыс туралы видео:

"Домодедово" әуежайындағы жарылыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:45 0:00
XS
SM
MD
LG