Кербұлақ ауданындағы Сарыбұлақ ауылында БҰҰ қолдауымен күннен электр қуатын өндіретін станция салынды. Құны 500 мың долларлық аспапты орнатуға Оңтүстік Корея мамандары көмектесті.
Сарыбұлақ ауылы – Алматы облысы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзектен 70 шақырымдай жерде. Шөлейт аймақтағы ауылда жаздыгүні 40 градусқа дейін ыстық болады. Жергілікті халық «ол кезде құмға жұмыртқа пісіріп жеуге болады» деседі.
Ауылға баратын жолға асфальт та төселмеген. Жол білмейтін адам адасып кетуі де мүмкін.
«ПРЕЗИДЕНТІМІЗГЕ РАХМЕТ»
Қазір Сарыбұлақ тұрғындары теледидар, тоңазытқыш сияқты тұрмыстық техникаларды жапа-тармағай сатып әкеліп жатыр. Электр жарығы жоқ кезде ол дүниелердің ешкімге керегі болмаған еді.
Ауылдағы фермер Зүлфия Байдаеваның отбасы да жаңа теледидар алыпты. Қазір ол кісінің үйі кинотеатр сияқты. Көрші-қолаңның бар баласы – сол үйде.
– Бұрын жарық жоқ еді, қазір бар. Күні бойы телевизор көргім келе береді. Президентімізге рахмет, – дейді екінші сыныпта оқитын Әмина.
Ал Зүлфия Байдаева ауылда мектеп ашса екен деп армандайды.
– Сарыбұлақта тым болмаса бастауыш мектеп ашса екен. Не балаларды көрші ауылдардағы мектепке апаратын автобус берсе ғой. Әйтпесе балаларымыз туыстарымыздың үйінде тұрып оқиды, – дейді фермер.
«ЖАСЫЛ АУЫЛ» ЖОБАСЫ
Сарыбұлақтағы күн электр станциясының аумағы – бір гектар. Станцияда күн қуатын жинайтын 12 метрлік алты тақта 52 киловаттан астам қуат өндіреді. Бұл қуат бес күнге жетеді. Сондықтан ауыл халқы бұлтты күндердің көп болғанын ұнатпайды.
Электр жарығымен бірге ауылға су да келді. Күннен қуат алатын аспап 130 метр тереңдіктен су шығарады.
Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Бақберген Исабековтің айтуынша, бұл іс Қазақстанның инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асқан.
– Аспапты екі-ақ адам басқарады. Олар – Кореядан арнайы оқып келген жергілікті тұрғындар. Енді станцияны коммунальдық меншікке өткізу керек, – дейді Бақберген Исабеков.
Мамандардың айтуынша, Сарыбұлақтағы ең соңғы техникалық үлгідегі күн электр станциясы ауыл тұрғындарының бар сұранысын толық қамтамасыз етіп тұр.
Күн электр станциясы БҰҰ-ның шөлге қарсы күрес бағдарламасы аясында іске асырған «Жасыл ауыл» халықаралық жобасы барысында салынды.
Жердің шөлге айналуына қарсы күрес конвенциясына 1997 жылы 7 шілдеде қосылған Қазақстан территориясының үштен екісі тақырлана бастаған.
Картадағы Сарыбұлақ ауылы:
Просмотреть увеличенную карту