Accessibility links

Мектеп бітіру кеші және отбасы бюджеті


Мектепті биыл бітірген түлек Әйгерім. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Мектепті биыл бітірген түлек Әйгерім. Семей, 21 маусым 2012 жыл.

Қазақстанда 21 маусым күні мектеп бітірушілер кеші өтті. Түлектердің біразы бұл шараға қымбат костюм мен көйлек киіп, лимузин мініп келеді. Семейлік Әйгерімнің анасы мен әжесі де қыздарының мектеп бітіру кешіне қанша ақша жұмсағандарын айтып берді.

Шешесі мен әжесінің ортасындағы жалғыз қыз, 16 жастағы Әйгерімнің анасы Бақыт Шөжебаева – мемлекеттік қызметкер, айлығы – 35 мың теңге (шамамен 240 доллар). Ал 89 жастағы Ғайникамал әжейдің зейнетақысы – 27 мың теңге (шамамен 180 доллар).

«КӨЙЛЕК-КӨНШЕК, СЫЙЛЫҚ...»

Бақыт Шөжебаеваның айтуынша, Әйгерімнің мектеп бітіру кешіне жұмсалған ақшаның көбі көйлекке кеткен: салтанатты шараға киетін көйлекті – 32 мың теңгеге, мектеп формасын – 13 мың 500 теңгеге алған.

Олар соңғы қоңырау кезінде оқушы формасын жаңадан алған екен. Әйгерім, мұғалімдерінің айтуымен, Семейдің орталық алаңында өткен мектеп бітіру кеші
Әйгерім мектеп бітіргенде түскен суретін көрсетіп отыр. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Әйгерім мектеп бітіргенде түскен суретін көрсетіп отыр. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
​шарасының бірінші бөлімінде сол мектеп формасын киіп шығуға тиіс болған.

Әйгерімнің анасының айтуынша, мектептегі соңғы жиналыста әр оқушының ата-анасы 25 мың теңгеден жинаған. Бұл ақша мейрамханадағы кешкі банкетке, ертеңінде табиғат аясында серуендеуге, фото альбом дайындау (оның бағасы үш мың теңге), екі мұғалімге (алғашқы ұстаздары мен 11-сыныптағы жетекшілеріне) сыйлық алуға жұмсалған.

- Мектептің кішігірім жөндеу жұмыстарының ақысы да осы ақшаға қосылып кетті, - дейді Бақыт Шөжебаева.

Мектеп бітіру кешіне бару үшін шашты жөндету ақысы – төрт мың теңге, макияж – екі жарым мың теңге, маникюр жасату бағасы – екі мың тең болған.

ЛИМОНАД ПЕН ШАМПАН

– Біздің кезімізде мұндай жоқ еді, – дейді Әйгерімнің әжесі Ғаиникамал. – Мен
Әйгерімнің әжесі Ғайникамал Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Әйгерімнің әжесі Ғайникамал Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Новопокровка ауылында оқығанмын. Сегізіншіні бітіргенде аттестатымызды мектеп залында табыстап, қолымызды қысып құттықтаған. Сонымен біткен. Ендігілер екі күн тойлайды.

Әжейдің айтуынша, қазір мектеп бітіру кеші дастарханы шампанға толып тұрады. Айлық пен зейнетақыға қарап отырған адамдар оған да ақша табуы керек.

– Әйгерім жалғыз қызым ғой. Мектепте вице-президент болып, қоғамдық жұмыстарға араласып, жұрт алдында жүрді. Әрине, керек ақшаны табу үшін біраз үнемдеуге тура келді. Туыстарымыз да көмектесті. Мені қойшы, жалғыз қызым бар ғой. Онымен бірге оқыған бір оқушының үйінде 13 бала бар, – дейді Бақыт Шөжебаева.

Әйгерімнің анасы өзі мектеп бітірген кезде қарапайым ақ көйлек пен туфли кигенін
Әйгерімнің анасы Бақыт Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Әйгерімнің анасы Бақыт Шөжебаева. Семей, 21 маусым 2012 жыл.
есіне алып, бір күліп алды.

– Аттестатымызды тапсырған соң концерт қойып, мектеп буфетінде шай мен тоқашқа тойдырған. Дастарханда ол кезде аса тапшы «Буратино» деген лимонад тұрған. Екі-екі стаканнан ішіп алып, тағы ішкіміз келіп тұрса да, үшіншісін сұрауға ұялғанбыз, – дейді Бақыт Шөжебаева.

Ал зейнеткер Валентина Гусева бір танысының «қызыма 150 мың теңгенің көйлегін сәнді киім каталогы бойынша тіктірдім» деген сөзін естігенде «мектеп бітіру кеші – ақшасы көп адамдардың мақтангөйлік жәрмеңкесі екен ғой» деді.

Зейнеткердің айтуынша, ондай ақша екінің бірінде бола бермейді – сондықтан мұндай ала-құлалық әлі сезімтал балаларға қатты әсер етеді.

Мектеп бітіру кешіне қатысқан түлектер
(Видеоны түсірген Марина Левыкина). Семей, 21 маусым 2012 жыл.
Семейдегі мектеп бітіру кеші
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00
Құрметті оқырман, сіз мектеп бітірген кезде мұндай шараға қалай дайындалушы едіңіз? Қазір туыс-туған немесе бала-шағаңыздың оқуды тәмамдау кеші қымбатқа түспей ме?
XS
SM
MD
LG